Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Павлодар облысында аяз түскелі 24 адамды үсік шалды

Павлодар облысында аяз түскелі 24 адамды үсік шалды

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Биыл теріскейде қыс қатты болып тұр. Павлодар облысында күшейтілген режим енгізілді. Аяз түскелі өңірде 24 адамды үсік шалған. 16 адамға ампутация жасалды. Соңғы бірнеше күнде екі бала үсік белгісімен ауруханаға жатқызылды.  Мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды анықтап, арнайы орынға жеткізіп жатыр.  

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Алғашқы үсік шалғандар қазан айының ортасында дәрігердің көмегіне жүгіне бастаған. Сол кезде қалың қар жауып, ауа температурасы -15 градусқа дейін төмендеп кетті. Қазір өңірде қыс қаһарына мінгендей. Бет қаритын аязда далада ұзақ тұру мүмкін емес. Әдетте тілшілер эфирге бас киімсіз шығатын. Алайда дәл осындай аязда тәуекел ете алмадық. Дәрігерлер де қалың киініп жүруді ескертіп жатыр. 

Асхат Мұрсалимов, №1 Қалалық ауруханасының күйік бөлімшесінің меңгерушісі:

- Бір адам емханадан шыққаннан кейін аялдамада өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Оны қанша уақыттан кейін байқағаны және жедел жәрдемнің қашан шақырылғаны белгісіз, алайда клиникалық мәліметтерге сәйкес ол кем дегенде жарты сағаттай суықта жатқан. Нәтижесінде екі қолының да саусақтары үсіп қалған. Науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Аяз күндері ішімдік ішіп, салдарынан қол-аяғын үсіріп алғандар да бар. Асхат Мұрсалимовтың айтуынша, адамдар дер кезінде дәрігерге жүгінбей, уақытын өткізіп алады. Бұл салғырттықтың соңы ампутациямен аяқталады. «Көп адам үсік шалған кезде қалай әрекет ету керегін білмейді», - дейді мамандар. 

Асхат Мұрсалимов, №1 Қалалық ауруханасының күйік бөлімшесінің меңгерушісі:

- Ең дұрыс шешім – құрғақ заттармен жылыту. Яғни аяқ-қолды құрғақ шәлі немесе сүлгімен орап қою керек. Осылайша аяқ-қол біртіндеп жылынады. Бұл – жақын маңда медициналық пункттер болмаған жағдайда жасалатын алғашқы әрекет. Ал егер мүмкіндік болса, науқасты бірден медициналық мекемеге жеткізу қажет. Себебі емдеу мекемелерінде біз тамырлық терапияны бастап, қан айналымын мүмкіндігінше қалпына келтіре аламыз. Сонда тіндердің зақымдануы барынша аз болады.

Соңғы екі тәулікте облыстық балалар ауруханасына үсік белгілерімен екі бала жеткізілді. Олардың бірі травматология бөлімшесіне жатқызылса, екіншісі толық тексеруден кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді. Ал полиция қызметкерлері жүргізген рейд барысында жылу трассаларын паналап жүрген 150-ге жуық адам арнайы орынға орналастырылды. 

Асылбек Хаербаев, қалалық ПБ Қабылдау-тарату мекемесі басшысының орынбасары:

- Қабылдау-тарату бөлімшесінің рейдтік тобы күшейтілген қызмет түріне көшті. Адамдардың қатты аязда далада қалуы үсікке ғана емес, өлімге де әкелуі мүмкін. Осыған байланысты біз тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды тауып, бейімдеу орталығына жеткізіп жатырмыз. Соңғы күндері 147 адамды қабылдадық .

Қабылдау барысында кезбелердің жеке басын анықтау шаралары жүргізіледі. Суретке түсіріп, саусақ іздерін алады. Бұл деректер іздеуде жүрген қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткен адамдарды табу үшін қажет. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде ауа температурасы 37 градусқа дейін төмендейді. Қатты аязға байланысты облыс аумағында күшейтілген режим енгізілді.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Дәулет Қошқарбаев, Марат Игіліков

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 20:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see129

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see115

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see114

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see112

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see111

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see109

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see107

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары