Павлодар облысында ер адамды топырақ үйіндісі басып қалды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 10 қазан - Sputnik. Павлодар облысында ер адамды топырақ үйіндісі басып қалды.
Жазатайым оқиға Ақсу қаласында жер жұмыстарын жүргізу кезінде болған.
© Photo : төтенше жағдайлар министрлігіПавлодар облысында ер адам топырақ астында қалды

Павлодар облысында ер адам топырақ астында қалды
© Photo : төтенше жағдайлар министрлігі
Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетті. Анықталғандай, Промышленная көшесінде орналасқан серіктестіктің бірінің аумағында жер қазу жұмыстары кезінде топырақ құлаған, нәтижесінде 1998 жылы туған ер адам үйінді астында қалып қойған.
"Құтқарушылар су құбыры құдығындағы пайда болған кішкене ойық арқылы зардап шегушіге арнайы жабдықтың көмегімен оттегін жедел берді. Сонымен қатар, оны жер астынан босату бойынша құтқару жұмыстары жүргізілді", - дейді төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Сәтті аяқталған құтқару операциясынан кейін ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.


