Петропавлда науқастың ішінен 10 келі ісік алынды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АЛМАТЫ, 14 қазан - Sputnik. Петропавлда МӘМС аясында науқастан 10 келілік ісік алынды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Онкологиялық орталықта МӘМС аясында күрделі ота жасалды. 48 жастағы науқастың құрсақ қуысы мен кіші жамбас аймағында салмағы 10 келі болатын ісік алынып тасталды.
СҚО онкология орталығының мәліметінше, науқастың дене салмағы 150 келі болса, оның ісігінің салмағы 10 келіні құрады.
"Өткен жылы науқаста құрсақ қуысы мен кіші жамбас аймағындағы аналық без ісігі анықталды. Кейін ол ауруханаға бірде-бір рет жүгінбеген еді. Биыл ауырсыну пайда болып, емдеу мекемесіне жеткізілді. Белгілі болғандай, ісік көлемі едәуір өсіп, 10 келіге дейін жеткені анықталды", - дейді хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мәлік Сексембаев.
Ота 2 сағатқа созылған. Қазіргі уақытта алынған материал гистологиялық зерттеуге жіберілді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:22
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 21:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















