Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Польшада Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесі талқылануы қажет, деп мәлімдеді елдің сыртқы істер министрі Радослав Сикорский.
"Ресей зымырандарын Украина аумағында-ақ қағып түсірген дұрыс па, әлде олардың Польша әуе кеңістігіне жеткенін күтіп отыру керек пе – осы мәселені жан-жақты талқылау қажет. Бұл тақырып партияаралық саяси тартыстың құралына айналмауға тиіс", – деді Радослав Сикорский.
Оның сөзін PAP агенттігі жариялады.
Польша министрі қазіргі уақытта Украина Ресейдің баллистикалық зымырандарына қарсы тұра алмайтынын айтты.
30 шілде күні таңертең Польша әскери күштері елдің әуе кеңістігінде белгісіз ұшатын нысанның анықталғанын және оның құлаған болуы мүмкін орнын, атап айтқанда диаметрі шамамен он метр болатын шұңқыр табылғанын хабарлаған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:99
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 17:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















