Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Премьер министр Олжас Бектенов Мәскеуде ШЫҰ ға мүше елдердің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Премьер министр Олжас Бектенов Мәскеуде ШЫҰ ға мүше елдердің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуіне, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше елдердің үкіметтері басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ресей Президенті Владимир Путинмен ұжымдық кездесу барысында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. ШЫҰ елдерінің жаһандық экономикаға қосқан үлесі Ұйым қызметінің жылдарында 2 еседен астам өсті және бүгінгі таңда 30%-дан асады. Қазақстанның ШЫҰ-ға мүше мемлекеттермен тауар айналымы өткен жылдың өзінде $67 млрд-тан асты.

ШЫҰ елдері үкіметтерінің басшылары кеңесінің жұмысына Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Реза Ареф, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтері басшылары кеңесінің төрағасы Михаил Мишустин, Тәжікстан Республикасының Премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Пәкістан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мухаммад Исхак Дар, Үндістан Республикасының сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар, ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Моңғолия Премьер-министрі Гомбожавын Занданшатар қатысты. Сондай-ақ диалог бойынша серіктес елдер өкілдері, солардың бірі Қатар мемлекетінің Премьер-министрі – сыртқы істер министрі Мохаммед бин Абдулрахман әл Тәни және АӨСШК, ТМД, ЕАЭО сияқты басқа да халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.

Шағын құрамдағы отырысқа қатысушылар күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. ШЫҰ Тяньцзинь саммитінің (биылғы 31 тамыз – 1 қыркүйек) қорытындылары бойынша мемлекеттер басшыларының қол жеткізген уағдаластықтарын ескере отырып, Ұйым қызметін одан әрі жетілдіре түсуге назар аударылды.

Кеңейтілген құрамда сауда-экономикалық ынтымақтастық, қаржы секторы, көлік және логистика, цифрлық сала және ЖИ, су ресурстары, экология және тағы да басқа салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тяньцзинь саммитінде ШЫҰ-ның еркін және әділ халықаралық сауданы дамытуға бағытталған іс жүзіндегі қадамдарын қолдады. Бүгінгі таңда ШЫҰ елдері жаһандық ЖІӨ-нің үштен бірін қамтамасыз етіп отыр, біздің өзара ішкі саудамыз $1 трлн-ға жуық. Елеулі экономикалық әлеуетке ие ұйым тең серіктестік негізінде жан-жақты экономикалық өсуге ұмтылады. Бұл тұрғыда болжамды сауданы ынталандыру үшін қолда бар ресурстарды дамыта отырып, прагматикалық тұрғыда пайдалану маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жиында көлік-транзиттік ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылды. Қазақстан Еуразияның негізгі хабтарының бірі ретінде теміржол, автожол, авиация және порт инфрақұрылымын жаңғырту арқылы транзиттік қуатын қарқынды түрде арттыруда. Еліміздің үстімен 5 теміржол дәлізі өтеді. Жалпы, соңғы 5 жылда Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 2 есеге жуық артып, өткен жылдың қорытындысы бойынша 27,5 млн тоннаға жеткен. 

ШЫҰ елдері жүзеге асырып жатқан «Бір белдеу, бір жол» жобасын Қазақстанның негізгі көлік дәліздерімен үндестіру мультипликативті әсер береді әрі өнеркәсіп кооперациясын дамыту және бүкіл өңірдің интеграциялық процестерін нығайту үшін орнықты негіз болады. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, осы бастама шеңберінде жобаларды табысты жүзеге асыру әлемдік сауданың жыл сайын 6%-ға дейін өсуін қамтамасыз етіп отыр.

Жаһандық цифрландыру жағдайында ШЫҰ ЖИ дамуындағы көшбасшыға айналуда. Осыған байланысты жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, бұл Қазақстанның цифрлық ел болу мақсатына сәйкес келеді.

Өнеркәсіп кооперациясы шеңберінде ШЫҰ Даму банкін құру және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетігін енгізу маңызды қадам болмақ. Бұл бағытта Қазақстан «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалануға дайын.

Сондай-ақ экология, су ресурстары саласындағы бірлескен іс-шараларға, мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылға және басқа да бағыттарға назар аударылды.

Делегация басшылары өңірдегі тұрақтылықты нығайту және жаһандық экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендіктерін растады.

ШЫҰ ҮБК отырысының қорытындысы бойынша көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік қатынасы, әлеуметтік даму, қорғаныс және тағы да басқа салаларда бірқатар құжатқа қол қойылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 20:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see127

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see125

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see120

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see115

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары