Қайрат Нұртастың шаңырағында дүркірегін той өтті
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
2025 жылдың 8 қазанында жұлдызды әулеттің отағасы 60 жасқа толды. Осыған орай, Алматыдағы мейрамханалардың бірінде мерекелік кеш өтті. Белгілі болғандай, тойға отандық шоу-бизнес өкілдері, туған-туыстар мен достар шақырылды.
Сурет: Instagram/sarkenova.aigerim
Мерекелік кештің сурет пен бейнежазбаларын алғашқылардың бірі болып Гүлзира Айдарбекованың келіні — блогер Айгерім Сәркенова (Қайраттың ортаншы ұлы Аянның жұбайы) жариялады.
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың балалары Астанадан арнайы келіп, аталарын мерейтойымен құттықтады. Алайда жуырда бесінші рет ана атанған актриса Жұлдыз кадрлардан көріне қоймады.
Желідегі ағайынның ойы негізінен екіге жарылды. Бір тобы қуанышпен ортақтасып, ізгі тілектерін жаудырса, енді бірлері әулеттің үлкен келіні – Жұлдызды сұраумен болды.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы концертінің билеттері небәрі 8 минуттың ішінде сатылып кеткенін жазғанбыз.


