Қайраттың танымал бапкері өмірден озды
Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Бүгін 10 жылдан астам уақыт «Қайрат» жүйесінің ажырамас бөлігі болып, қазақ футболының даму бағытын айқындауға атсалысқан «Қайрат» ФК Академиясының жетекшісі Кирилл Сергеевич Кекер 46 жасында күтпеген жағдайда өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Танымал бапкер әр жылдары клуб құрылымында маңызды лауазым атқарған. 2022–2024 жылдары сары-қаралардың негізгі командасын басқарды. 2025 жылы Академияға жетекшілік етіп, сонымен бірге Қазақстан U-19 құрамасымен жұмыс істеп, жаңа буын футболшыларын қалыптастыруды жалғастырған.
«Кирилл Сергеевич өз ісіне адал, талапшыл әрі әділ маман еді. Жас ойыншылардың мүмкіндігін ашып, ең маңызды сәттерде қолдау көрсетуді білетін нағыз тәлімгер болатын. Оның Академияның, негізгі команданың, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының дамуына қосқан үлесі зор. Кирилл Сергеевич Кекердің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз», деп жазды «Қайрат» ФК.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:60
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 10:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















