Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Қайта жаңғырған тарих келбеті

Қайта жаңғырған тарих келбеті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

 Қырық жылға жуық уақыт үнсіз тұрған көне қабырғалар қайта жаңғырып, қаланың тарихи келбетінің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Бұл жай ғана құрылыс жобасы емес. Бұл – өткен мен бүгінді жалғайтын, тарихи жадыны сақтайтын, Семейдің болашақ дамуына бағытталған маңызды бастама.

1873 жылы салынған сәулет нысаны бір кез­дері қаланың қоғамдық өмірінің өзегіне айналған еді. Оның қабырғалары талай тарихи оқиғаларға куә болды. Уақыттың талай сынынан өткен бұл ғи­марат енді қайтадан қала тынысына араласпақ.

Тарихи ғимараттың тағдыры жеңіл болған жоқ. 1917 жылғы алапат өрт кезінде нысан қатты зар­дап шегіп, тек негізгі қабырғалары ғана сақ­талған. Алайда сол кездегі қала тұрғындары ғи­ма­ратты қалпына келтіруге жұмылып, бір айдың ішін­де қайта тұрғызған. 1918 жылдың 18 қаң­тарында нысан қайта пайдалануға беріледі. Бұл оқиға – Семей халқының туған қаласына деген сүйіс­пеншілігі мен жауапкершілігінің жарқын бел­гісі. Кейін 1950 жылы Семейде зоове­тери­нар­лық институт ашылып, тарихи ғимарат жоғары оқу орнының бас корпусына айналды. Алайда 1986 жылы болған тағы бір өрттен кейін нысан қай­тадан ауыр жағдайға түсті. Содан бері ондаған жыл бойы оның болашағы белгісіз болып келді. Бүгінде сол үнсіз тұрған қабырғаларға жаңа тыныс берілуде.

Абай облысының әкімі Берік Уәли құрылыс алаңына барып, қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

– Қаланың дәл ортасында орналасқан ғимарат ұзақ уақыт бойы қараусыз қалып, шаһардың көр­кіне кері әсер етіп тұрды. Қырық жылдан кейін оның қайта жаңғыртылуы – тарихи маңызы зор жұ­мыс. Инвесторларға алғыс айтамыз. Ғима­рат­тың тарихи келбетін сақтай отырып жаңғыртсақ, ол Семейдің ең көрікті орындарының біріне ай­на­лады деп сенеміз, – деді өңір басшысы.

Жоба құны – 5 миллиард теңге. Жұмыс то­лық­тай жеке инвестор қаражаты есебінен жүр­гі­зілуде. Ең басты талап – тарихи болмысты жо­ғалт­пау. Ғи­мараттың қасбеті, сәулеттік ерек­ше­ліктері мен негізгі композициясы сақталады. Со­­­нымен қатар заманауи инженерлік жүйелер ор­натылып, нысан жаңа форматтағы көп­фун­кцио­налды кешенге айналады.

Жоспар бойынша мұнда қонақүй, мейрамхана, әкім­шілік және коммерциялық нысандар орна­ласа­ды. Жоба іске қосылғаннан кейін 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Қазіргі әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тари­хи ғимараттарды сақтау – тек мәдени міндет емес, эко­номикалық мүмкіндік. Еуропаның көне қа­лаларында ғасырлық ғимараттар бүгінде жаңа қыз­мет атқарып, туристер тартатын орындарға ай­налған. Бұрынғы зауыттар шығармашылық ор­талыққа, ескі үйлер қонақүй мен мәдени кеңіс­тікке айналып отыр.

Семей үшін де бұл бағыттың маңызы зор. Се­бе­бі бұл қала – қазақ руханиятының алтын қа­зы­на­сы. Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезов пен Алаш қайраткерлерінің ізі қалған мекеннің та­ри­хи ортасын сақтау – ұлттық мәдени мұраны қорғау де­ген сөз. Қала тарихы тек кітап бетінде немесе ар­хив сөресінде қалмауы керек. Ол күнделікті өмір­де сезілуі қажет. Тарихи ғимараттар – өткен­нің үнсіз куәгері ғана емес, келешектің дамуына қыз­мет ететін құндылық. Семейдегі бұл жоба со­ның нақты мысалы болмақ.

Кеше ғана қаңырап тұрған көне қабырғалар ен­ді қала тұрғындары мен қонақтарын қарсы ала­тын жаңа кеңістікке айналады. Уақыт сынаған ғи­марат қайта түлеп, Семейдің жаңарған кел­беті­нің бір бөлігіне айналмақ.

Эльмира Жүрсінбекқызы, Абай облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 04:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары