Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы: Жастарға үлгі болғанымды мақтан тұтамын

Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы: Жастарға үлгі болғанымды мақтан тұтамын

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қанат Ислам кәсіпқой боксқа оралмағалы үш жылдың жүзі болды. Әуесқойдан кәсіпқой боксқа өріс ауыстырғалы 29 жекпе-жек өткізіп, бір рет жеңіліп, бір қарсыласымен тең түсті. Қалған айқасының барлығында жеңіске жетті. Өзі айтпақшы, «басын тауға да соғып, тасқа да соға жүріп» WBA Inter-Continental, WBO NABO, WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin һәм WBA Fedecaribe белбеулерін иеленді. Көптен бері көрінбей кеткен саңлақты сөзге тартып, алдағы жоспарын сұраған едік.

– Кәсіпқой бокста жекпе-жек өт­кізбегеніңізге де үш жыл болған екен. Жаттығудан келдім дедіңіз, демек әлі де айқастарға түсуге қамданып жүрсіз ғой?

– Желтоқсан айында Алматы қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Сол сайыста үш жылдық үзілістен кейін бабымды сынап көруге бел байлап отырмын. Жаттығуды жекпе-жекке түспесем де үзбей, бабымда жүргенді ұнатамын. Өйткені спорт, оның ішінде бокс – күнделікті жұмысым. Ғалымдардың зерттеуден бас алмай ізденетіні секілді спортта да тер төгіп та­лаптанбасаң, қайраңдап қалатының бесенеден белгілі.

2012 жылы АҚШ-қа алғаш сапарлап, кәсіпқой бокстың қазанында қайнаймын деп барғанда өзімді көп білетіндей сезіндім. Өйткені жасөспірім шағымнан Қытайда түрлі сайысқа қатысып, ересектер сапына өткенде ішкі чемпионатында он жылға жуық қара үзіп, чемпион атандым. Әуесқойлар арасында Олимпия ойындарының жүлдесін иелендім. Атажұртқа оралғаннан кейін де қаншама доданы көрдік. Тәжірибеміз толысты, ақылымыз молықты деп ойладық. Тәлім алған бапкерлеріміздің барлығы дерлік кеңестік бокс мектебінің шыңдауынан өткен мамандар. Солардың үйретуімен қияға құлаш ұрдық. Ал бірақ мұхит асып, АҚШ-қа барған соң кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізіп, айқаста раунд саны артқан сайын менде тоқырау басталды. Өйткені ішімдегі «мен бәрін білемін» деген тәкаппарлық оңайлықпен иліге қойған жоқ.

Әуесқой боксқа баулыған жаттық­тырушылар өзгелердің озық үлгісін шәкіртіне үйретуге аса құлықты болмайды. Өйткені олардың да ішіндегі тәкаппарлығы «бәрін білеміз» дегенге саяды. Содан кейін де біз бір қалыптың ішінде шеңберді шиырлап жаттығу өткіздік. Ал Америкаға барғанда алдымен өзімізді өзіміз жеңу үшін күресу қажеттігі туындады. Боксты ғылыми негізде дамытудың үлгісіне үңілейін десең, ішкі түйсігің жібермейді. Оқығың келеді, ізденуге ниет еткеніңмен нәпсің қалауыңды қиып түсіреді. Өйткені АҚШ-қа жеткенге дейін халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алдық. Жиған тәжірибеміз телегей деп күпінеміз. Осы өзімбілермендік мінезді сындырғаннан кейін ғана боксты індете зерттеуге ден қойдық.

– Сөзіңізден аңғарғаным – бокстың ғылымына тереңдеп, індете зерттеуге мұхит асып барған соң ғана мүмкіндік туды ма?

– Әуесқой бокспен шұғылданғанда ұлттық құраманың мүшесі ретінде түрлі додаға қатыстым. Сонда сен көгендеулі боласың. Тағдырың – бас бапкердің қас-қабағында. Көңілі құласа сайысқа салады, жарысқа қосады. Ал жақпай қалсаң, тізімнен сызып тастайды. Өзіңді дамытуды емес, солардың әуеніне қарай жығылуға мәжбүр боласың. Өзіндік пікіріңді айта алмайсың, шамадан тыс жүктеме артқанына да қарсылық танытпайсың. Осыдан кейін қандай өсу, даму, кемелдену болады? Жарақаттансаң ешкімге қажетің шамалы. Өйткені ұлттық құрамадан орын сұрап, әлекедей жаланып бірнеше боксшы тұр. Ал бапкер шәкіртінің не себепті жарақаттанғанын, мұндай күйге түсуіне нендей жайт әсер еткенін сұрап, басын қатырғысы келмейді. Оның орнын басар бірнеше боксшы бар. Кәсіпқой боксқа ауысып, өзіміз би, өзіміз қожа болғанда ғана бокс дейтін бекзада спорттың түбіне тереңдей бойлауға мүмкіндік алдым. АҚШ-та боксқа көзқарас мүлде өзгеше. Спортшы жарақаттанды ма, оның құлан-таза айығып шығуына мамандар барын салып қамқорлық танытады. Раунд сайын демігіп, солығыңды баса алмай сілелейсің бе, мұның да шешімін тауып денсаулығыңды тексереді. Қашан әбден бабыңа еніп жарау аттай жұтынып шыға келгенше бірнеше адам үлес қосады. Бұл елде кәсіпқой бокста Майк Тайсонның стилі өзінше бір сілем, Флойд Мейвезердің өзіндік бокс мектебі қалыптасқан, Эвандер Холифилдтің сүрлеуі ешкімге ұқсамайды. Солардың әрқайсының бокс өнерін зерттеп зерделеп тәлім алдық. Спортшылар ағзасын әлсіретіп алмас үшін дәруменді қандай мөлшермен ішетінін де үйрендік.

– Кәсіпте де бағыңызды сынадыңыз. Бапкерлікке бет бұруға ықыласты емессіз бе? Бірнеше жылдан бері рингке шықпадыңыз, қажымадыңыз ба?

– Қажыдым деп айта алмаймын, десе де біз де ет пен сүйектен жаралдық, бірер жыл тынықсам деп шештім.Үзіліс кезінде де өзімді қайрап кәсіпті де дөңгелетіп көрдім. Бапкерлікке де бүйрегім бұрады. Бірақ дәл қазір жастарды жинап алып, ұран сөзбен баптауға ықыласым жоқ. Әйтпесе көргеніміз, көңілге түйгеніміз мол, үйретеріміз де аз емес деп пайымдаймын. Боксшы ретінде, түрлі дода­ның шаңын жұтып шыңдалған маман есебінде еліміздің спортын нығайтуға үлесімді қоссам деймін. Бірақ әзірге біздің ақылымызға ешкім де зәру емес екен. Сізге бір қызық айтайын. Былтыр Париж жазғы  Олимпия ойындарының алдында бокстан ұлттық құраманың бас бапкері лауа­зы­мын атқарған Мырзағали Айтжанов ағамызбен сөйлестім. Құрамадағы жігіттердің әбден сілікпесін шығарып, қамау терін сарқа жаттығудан өткенін, олардың ағзасын күшейтіп, сілкіндіру үшін дәрумендерді тиімді тұтынудың да тетіктерін айттым. Мырзағама бұл ақылым аса қонымды бола қоймады. «Дәруменмен жарылқайтын маманды шетелден шақырттық, жігіттердің жаттығуында еш гәп жоқ» жорта тыңдады. Нәтижесін білесіз. Ал Өзбекстан АҚШ-қа әуесқой боксшыларын дүркін-дүркін жіберіп, кәсіпқой рингтегі додаларға салып шарболаттай шыңдады. Жемісін 2021 жылы Жапонияда, былтыр Францияда өткен жазғы Олимпия ойындарында көрді. Көптеген ел спортты ғылыми негізде дамытқанда ғана нәтиже шығатынын бағдарлап, соған жетуге ұмтылуда. Біз де сол талапқа құлаш ұруымыз керек.

Мендік мұрат – ақылгөйсу емес. Керісінше, білгенімді бөліссем деймін. Жас буынды баулитын бапкерлерге, кәсіпқой боксқа бет бұрғысы келетін кейінгі толқынға бокстың тереңінде қандай жақұт барын көрсеткім келеді.

– 27 желтоқсанда Алматыда жекпе-жекке шығасыз. Қарсыласыңыз нақтыланды ма?

– Қай боксшы қарсылас атанатыны әзірге нақты емес, бірнеше боксшыға сауын айтылып, ұсыныс жолданды. Беделді ұйым «Ali Akhmedov Promotions» компаниясы өткізетін «Fight Night» кәсіпқой бокс сайысында қандай қарсыласты ұсынса да қабылдаймын. Бабыма енгенімді сезінемін, себебі жекпе-жекке түспегеніме бірнеше жыл өткенімен, жаттығуды тоқтатпай, дұрыс тамақтану тәртібін ұстанып жүрмін.

– Кәсіпқой бокстағы жолыңызға үңілгенде нені медет тұтасыз?

– 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада додасына Қытай елінің атынан қатысып қола медаль олжалағаннан кейін атажұртқа көшіп келдім. Еліміздің атынан да Олимпиадаға қатысып, Көк туымызды желбіретсем деп армандадым. Бұйырмаған екен, оған жолымыз түспеді. Кәсіпқой бокста көптеген қазақ жасының томағасын сыпырар алғашқы жекпе-жектерін өткізуге себепкер болдым. Бүгінде екі бірдей тұжырымның чемпиондық белбеуіне ие Жәнібек Әлімханұлы да кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасын менің андеркардымда өткізді. Өзге де қаракөз інілеріміз негізгі айқасқа мен түсетін бокс кешінде өнерін көрсетіп шыңдалды. Жастарға жол сілтеп, бағдар бергенімді мақтан тұтамын.

– Алдағы жекпе-жегіңізде сәттілік тілейміз.

Әңгімелескен –

Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ,

«Egemen Qasaqstan» 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 06:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары