Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Трамп Атлант немесе Тынық мұхитын өз құрметіне қайта атағысы келді

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

Қаныш Сәтбаев Қытай ғалымдарын қалай таңғалдырды

Қаныш Сәтбаев Қытай ғалымдарын қалай таңғалдырды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ғұлама бұл ұстанымын ғұмыр бойына бағдар еткендей. Ғалым жайлы естеліктерден оның биік адамгершілік тұлғасын, еңбек дегенде тау қопарарлықтай екпінін, кішіпейілдігін, тағысын-тағы айрықша мінез-құлқын оқып-біліп келеміз. Қанағаң жайлы том-том кітаптар алдағы уақытта да жазыла беретіні айқын.

Академиктің тағы бір атап айтарлық қыры – ғылым сәулесін кеңес өкіметінің шекарасынан әрі асырып, жер бетіндегі өзге мемлекеттерге түсіргені. Біз сөз еткелі отырған оқиға кітап беттерінде жазыла қоймаған, кеңес өкіметі тұсында айтылмаған дүниелердің бірі.

Фото: Қ.Сәтбаевтің Баянауылдағы мемориалдық музейі

1958 жылы (кей деректерде 1957 жыл деп көрсетілген) Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті, академик Қаныш Имантайұлы КСРО-ның ғылыми делегациясы құрамында пайдалы қазба кен орындарын іздеу мәселелері бойынша Қытайдың алғашқы ғылыми конференциясына қатысу үшін Бейжіңге сапарлайды. Әлгі ғылыми жиында әйгілі ғалым Қазақстандағы геологиялық картаға түсіру ерекшеліктері және металлогениялық зерттеулердің нәтижелері мен перспективалары туралы мазмұнды баяндама жасайды. Бұл баяндама Қытай геологтарының үлкен қызығушылығын тудырады. Себебі дәл сол тұста Аспанасты елінде масштабы 1:3 000 000 болатын бір ғана геологиялық карта жарық көрген болатын. Осы конференциядан кейін Қытай Геология министрлігінің өкілдері Қытайдың бүкіл аумағында пайдалы қазбаларды іздеу және металлогения бойынша кең ауқымды геологиялық жұмыстар жүргізу әдістемесі туралы Кеңес Одағының, атап айтқанда Қазақстанның мамандарымен кеңесе бастайды.

Бізге бұл мәліметтерді жеткізген академик Қ.Сәтбаевтің Баянауылдағы мемориалдық музейінің қызметкері Гауһар Балабаеваның айтуынша, ғалым Қазақстандағы пайдалы қазбалар, әсіресе Жезқазған мыс кен орындарының маңызы туралы баяндай келіп, қазақ жерінің геологиялық байлығын әлем ғалымдарына таныстырады. Осылайша халықаралық ғылыми ортада үлкен құрметке ие болған. 

Фото: Қ.Сәтбаевтің Баянауылдағы мемориалдық музейі

- Конференцияда Қ.Сәтбаевтің баяндамасына Қытай еліндегі ғылыми орта айрықша қызығушылық танытып, оның ғылыми еңбектері халықаралық деңгейде мойындалады. Тіпті сол елдің геология министрі арнайы қабылдайды. Қытайдың атақты геологтарының бірі кейін өз естелігінде Сәтбаев туралы: «Қазақстанның жер қойнауын терең зерттеген, кен байлықтарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп көрсеткен аса көрнекті ғалым. Оның еңбектері тек бір ел үшін емес, бүкіл әлемдік геология ғылымы үшін маңызды болған еді» деп жазып қалдырыпты. Бұл пікір Қаныш Сәтбаев еңбегінің халықаралық дейгейде мойындалғанын көрсетсе керек, - дейді музей өкілі.

Бір қызығы ғұламаның осы сапарында қытайлық профессор, орыс және ағылшын тілдерінің оқытушысы Чжоу Чаофань Қаныш Сәтбаевтың жеке аудармашысы болады. Қазақ ғалымының терең біліміне, жеке басының тартымдылығына, қарапайымдылығы мен зиялылығына тәнті болған Чжоу Чаофань көрнекті геолог туралы жылы естелікті жүрегінде жылдар бойы сақтап келген.

Фото: Қ.Сәтбаевтің Баянауылдағы мемориалдық музейі

- Сол бір алыс 1958 жылы маған Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың жеке аудармашысы болу бақыты бұйырды. Онымен араласу барысында мен оның геологиядағы жаңашыл жұмыс стиліне қайран қалдым. Сәтбаев өз елінің геологиялық зерттелуін әлемдік деңгейге көтеріп, бұл салада Ұлыбритания, АҚШ және өзге де алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің ғалымдарын басып озды. Қазақстан металлогениясын зерттеуде ол әлемде көшбасшы орында болды», - деп жазыпты қытайлық профессор.

Сол сапардың нәтижесінде Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетіндегі (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) геология-география факультетінің бір топ студенті Бейжің университетіне жіберіледі. Олар кейін аталған оқу орнын қытай тілінде тәмамдап шыққан. Түлектердің бірі, кейінгі қазақстандық ғалымдардың бірі, профессор Сейіт Құсайынов 1996 жылы Қытайдың Ухань қаласындағы геологиялық университетте ғылыми семинарда тағылымдамада болады. Сол жерде профессор Чжоу Чаофаньмен танысқан екен. Ч. Чаофань Қанағаң туралы көптеген естеліктер айтып, оның Қытай геология ғылымына тигізген шапағатына жоғары баға береді.

-Онымен жұмыс істеу мен үшін өте қызықты болды. Мен ғалымға сұрақтарды жиі қоятынмын. Ол барлығына мұқият жауап бере отырып, менің оқуым, жұмысым, тұрмыс жағдайым туралы сұрайтын. Ғылыми конференция аяқталғаннан кейін біз Ұлы Қытай қорғанына экскурсия жасадық, содан кейін Шанхайға аттандық. Жанымызда өзге де кеңестік және қытайлық жолдастар, оннан астам адам болды. Жолда Қаныш Имантайұлы тамақ талғамайтын, жатын жайға да кінәмшіл емес еді. Ол өте қарапайым, тәкаппарлықтан ада, мінезі жұмсақ әрі биязы адам болды. Біз Шанхайда көшеге серуендеуге шықтық, қаланың көптеген көрікті жерлерін тамашалап, дүкендерге бардық. Қытайдағы дәстүр бойынша жастар үлкен кісілердің заттарын тасуға көмектеседі. Мен Сәтбаевқа оның чемоданын көтеріп жүруді ұсындым. Бірақ ол бұған: «Қазақстанда әйел адамдардың ауыр жүк көтеруі әдепке жатпайды» деп жауап берді. Осылайша, біз жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, еркін әрі ізеттілік жағдайында өмір сүрдік. Ол кезде оның жасы 60-қа жақындап қалса да, денсаулық жағдайы жақсы болатын. Ол төзімділігімен және еңбекқорлығымен ерекшеленетін. Жоғары адамгершілік қасиеттері мен тартымдылығы менің бойымда өмір бойы өшпес әсер қалдырды» деп айтқан екен қытайлық ғалым.

Фото: Қ.Сәтбаевтің Баянауылдағы мемориалдық музейі

Сәтбаевтің ғылымдағы тау тұлға бейнесін бірден аңғарған қытайлық оқымыстылар сол конференцияда форфордан жасалған картинаны сыйға тартады. Картинада қытай тілінде иероглифтермен:

«Ақ қарлы таулар - қашалған асыл нефриттей,

Орман мен ауыл тып-тыныш ұйқы құшағында.

Тау етегінде жалғыз үй тұр шеткері,

Қарағай аралап, түтіні ұшты көкке иіріліп», деп жазылыпты.

Аталған картинаны ғұламаның 125 жылдық мерейтойында жиен немересі Әлима Жармағамбетова Баянауылдағы музейге табыстаған екен. Бүгінде ол мұндағы ерекше жәдігерлер қатарында сақталып тұр.

Бұған дейін Қазақ даласынан кен іздеген Қаныш Сәтбаевқа аңшылар қалай көмектескені туралы жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Сәуір 2026 09:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see147

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see143

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see137

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

10 Қазан 2026 17:10see135

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see134

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

10 Қазан 2026 16:24see133

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see131

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

10 Қазан 2026 17:43see129

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see129

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see123

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see121

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see118

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see114

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see112

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see111

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see110

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see108

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see108

Трамп Атлант немесе Тынық мұхитын өз құрметіне қайта атағысы келді

11 Қазан 2026 10:19see106

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

10 Қазан 2026 22:00see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары