Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Қарағанды жолдарына қар мен көктайғаққа қарсы қорған орнатылды

Қарағанды жолдарына қар мен көктайғаққа қарсы қорған орнатылды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қар мен боранға қарсы жүйелі дайындық

«ҚазАвтоЖол» АҚ Қарағанды облыстық филиалының хабарлауынша, 2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Барлық бағытта жөндеу және алдын алу жұмыстары аяқталып, қоймалар мен техникалық базалар толық жабдықталған.

— Негізгі мақсатымыз қар мен боран кезінде көлік қозғалысының қауіпсіздігін және үздіксіз өтуін қамтамасыз ету. Әрбір учаске тәулік бойы бақылауда болады, — дейді филиал өкілдері.

Фото: «ҚазАвтоЖол» АҚ Қарағанды обоыстық филиалы

Мамандардың айтуынша, дайындық шаралары мамыр айынан басталған. Осы уақыт ішінде жол жиегін тегістеу, шұңқырларды жамау, бұталарды кесу және шөп шабу жұмыстары жүргізілген. Бұл шаралар боран кезінде жолдың қар басып қалуына жол бермейді. Сонымен қатар, қоршаулар жөнделіп, су өткізу құбырлары мен шағын көпірлер тексерілді.

Техника мен материалдар толық дайын

Қазір 158 арнайы техниканың 152-сі, яғни 96 пайызы сапта тұр. Олардың қатарында 88 біріктірілген қар тазалау көлігі, 14 автогрейдер, 30 трактор және 12 тиегіш бар. Сонымен бірге, күрделі учаскелер үшін бульдозерлер мен қар тазалайтын шнекороторлар әзірленген.

Фото: «ҚазАвтоЖол» АҚ Қарағанды обоыстық филиалы

Қоймаларда 16,7 мың текше метр ұнтақ тас (жоспардағы 22 мыңнан), 2,2 мың тонна тұз (3,2 мыңнан) және 465 тонна көмір жиналған. Барлық жеткізу келісімшарты жасалып, материалдар жоспарлы түрде жеткізіліп отыр.

— Қар жауып, көктайғақ болса толық дайынбыз. Қатты боран немесе аяз кезінде тәулік бойғы кезекшілік пен техника жедел түрде жолға шығарылады, — деді «ҚазАвтоЖол» Қарағанды филиалының мамандары.

1885 шақырым жол тәулік бойы бақылауда

Қыс мезгілінде облыс бойынша республикалық маңызы бар 1885 шақырым жол қардан тазартылады. Ерекше назар Астана–Қарағанды, Қарағанды–Балқаш және Қарағанды–Қарқаралы бағыттарына, сондай-ақ бедері күрделі, қар жиі үйілетін учаскелерге аударылады.

Фото: «ҚазАвтоЖол» АҚ Қарағанды обоыстық филиалы

Бұл учаскелерде ұзындығы 143,7 мың метр тұрақты қар тоқтатқыш қоршаулар орнатылған. Қосымша 11,5 мың метр уақытша ағаш қалқандар қойылады. Ал Қарағанды–Балқаш трассасының жаңартылған бөлігінде 95 мың метр бетонды қар ұстау жүйесі іске қосылып, боран кезінде жолдың өткізу қабілеті артқан.

Цифрлы бақылау мен жаңа техника

Жолдарды тазалау тиімділігін арттыру үшін құм мен тұздың оңтайлы қоспасы пайдаланылады. Ақылы учаскелерде орнатылған бейнебақылау жүйелері жолдағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап, техниканы қажет бағытқа жедел жібереді.

Фото: «ҚазАвтоЖол» АҚ Қарағанды обоыстық филиалы

Барлық жұмыс жедел штабтың қадағалауында. Дабылды ескерту түскен жағдайда жол қызметтері Төтенше жағдайлар департаменті, полиция және «Қазгидрометпен» бірлесіп әрекет етеді. Ал қозғалыс шектеу немесе жол жабылуы туралы ақпарат «ҚазАвтоЖолдың» ресми арналары мен Telegram-каналдарында және жол бойындағы ақпараттық таблоларда жарияланады.

Жүргізушілер тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласа алады.

Фото: «ҚазАвтоЖол» АҚ Қарағанды обоыстық филиалы

Жаңа бөлімшелер мен автопарк жаңғыруы

Бүгінде облыс аумағында сегіз жол пайдалану учаскесі жұмыс істейді. Жақын арада тағы үш бөлімше — Жұмабек, Ақшатау және Сарышаған елді мекендерінде ашылады. Бұл боран кезінде жол қызметінің әрекет ету жылдамдығын арттырып, жол күтімінің сапасын жақсартады.

Биыл автопарк 40 жол тазалау техникасы, 7 Lovol тракторы, 9 «Газель» және 7 пикаппен толықты. Бұл жаңарту әсіресе шалғайдағы учаскелердің жұмыс тиімділігін арттырған.

— Біз техниканы жаңартып, жол күтіміне заманауи әдістер енгізуді жалғастырып келеміз. Қыс қаншалықты қатал болса да, басты мақсатымыз — әр трассаның қауіпсіз және ашық болуын қамтамасыз ету, — дейді филиал өкілдері.

Мамандардың айтуынша, Қарағанды өңірінде боран, көктайғақ пен қатты жел жиі болып тұратын табиғи құбылыс. Сондықтан мұндай учаскелерде қар тоқтату және жолдарды бақылау шаралары күшейтілген. Ең бастысы — жүргізушілердің қауіпсіздігі мен жол қозғалысының үздіксіздігін сақтау.

Еске салсақ, Солтүстік Қазақстан облысында өңірлік маңызы бар жолдарды қыста күтіп ұстауға биыл 1,5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінгені жайлы хабарлаған болатынбыз. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 17:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары