Қарағандыда қылмыстық топ балалар үйі тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаған
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Қарағандыда полиция балалар мекемесінің тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Балаларға арналған мекемелердің бірінің тәрбиеленушілері қылмыскерлердің құрбаны болған. 8 қаңтарда полиция қылмыстық топты ұстады.
"Соңғы жарты жылда күдіктілер алдау, қорқыту және физикалық күш қолдану арқылы бірнеше жәбірленушіден жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген. Оларды арнайы шоттардан ақша шешуге, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарында несие рәсімдеуге мәжбүрлеген", - дейді полиция.
Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілерден автоматты атыс қаруына арналған оқжатарлар және жүзден астам оқ-дәрі тәркіленді. Аталған дерек бойынша бопсалау белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
"Барлық күдікті ұсталды. Оларға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. Полиция олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр", - дейді Қарағанды полициясы.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:92
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қаңтар 2026 14:28 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















