Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қаржы жүйесі экономиканың қан айналымы секілді

Қаржы жүйесі экономиканың қан айналымы секілді

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Экономикадағы тоқтап тұрған активтерді қайта жандандыратын «Проблемалық кредиттер қоры» бүгінде жаңа деңгейге шықты. Осы орайда «Проблемалық кредиттер қоры» басқармасының төрағасы, танымал қаржыгер, экономика ғылымдарының докторы Калилла АБДУЛЛАЕВПЕН сұхбаттастық.

– Ел ішінде «Проблемалық кредиттер қоры» туралы екіұдай түсінік бар. Ұйымның атауына сәйкес оны коллекторлық компаниялармен шатас­тырып, берешектерді өндіретін мекеме ретінде ғана қабылданады. Бәлкім, ұйымның атауын өзгертіп, ребрендинг жасайтын кез келген шығар?

– Расында, Қор атауындағы «про­блемалық», «кредит» деген сөздердің өзі бірден жаңсақ пікір тудырып, ұйымның шын мәнінде атқарып отырған қызметін теріс қабылдауға себеп болып жатады. Алайда «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ – коллекторлық мекеме емес. 2012 жылы Үкімет тапсырмасымен құрылған, банк секторын дағдарыстан кейін қалпына келтіру, яғни екінші деңгейлі банктердің балансын «жұмыс істемейтін» активтерден тазарту мақсатында құрылған мемлекеттік институт. Қордың жалғыз акционері – Қаржы министрлігі.

Қазір Қордың басты миссия­сы әлдеқайда кеңейді. Біз екін­ші дең­гейлі банктердің «нашар» кредит­те­рін ғана емес, экономиканың түрлі саласындағы активтерді басқару, оларды қайтадан экономикалық айна­лымға қосу, мемлекеттік кепілдік­термен қаржыландырылған ірі инфра­құрылымдық жобаларды сүйемелдеу сияқты маңызды бағыттарда да жұмыс істейміз. Яғни ел ойлағандай тек бере­шекті өндіріп, халықты зар илететін «құбыжық» компания емес, керісінше, мемлекет атынан қиындыққа тап болған, бірақ әлеуеті бар кәсіпорындарды сақтап қалуға, оларды қайта іске қосуға мейлінше ықпал ететін, оған қоса түрлі саладағы активтерді, мемлекеттік кепілдіктермен қаржыландырылған жобаларды, халықаралық серіктестіктерді, инфрақұрылымдық бастамаларды сүйе­мелдейтін деңгейге жеткен қаржылық институтпыз десек те болады.

Бұл ретте «проблемалық» сөзі – теріс мағынадағы емес, экономиканың «өлі активтеріне» қайта «жан бітіруге» бағытталған мемлекеттік тетіктің атауы. Біздің міндет – бизнесі әлсіреген кәсіпорындарға екінші тыныс беру, активтерді қалпына келтіру, мемлекеттік ресурстардың тиімді жұмсалуын қам­тамасыз ету.

Ал атауын өзгерту туралы сұрағыңыз көкейімізде жүрген түйткілді мәселе­нің бірі екені рас. Сондықтан жуырда өткен Қорішілік жиналыста «Проб­лемалық кредиттер қоры» АҚ атауын «Дағдарысты активтер қоры» АҚ етіп өзгерту мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс жасадым. Енді осы мәселені Директорлар кеңесінің кезекті отырысында талқылауды жос­парлап отырмыз. Бұл да болса Қор қызметінің ауқымы кеңейіп, классикалық «проблемалық кредиттерді» басқарудан әлдеқайда жоғары деңгейге шыққанын көрсетеді.

– Қордың Қаржы министрлігіне берілуінен бастап қазіргі даму бағыты, атқарылған жұмыстардың ауқымы мен экономикалық айналымға қайтарылған активтердің үлесін ескерсек, ұйымның бүгінгі қаржы жүйесіндегі рөлі айтарлықтай артқа­нын байқауға болады.

– Қор алғашында жұмыс істемейтін активтерден тазарту арқылы банк секторына қолдау көрсетіп, экономиканы қайта несие­леу үшін жағдай жасайтын антикризистік құрал ретінде құрылған болатын. 2017 жылы Қаржы министрлігінің қарамағына өткеннен кейін проблемалық активтерді басқару процесі бірыңғай мемлекеттік жүйеге шоғырландырылды.

Қазіргі жұмысы қаржы жүйесін сауықтыруға үлес қосу, сатып алынған активтерді қайта жандандырып, оларды экономикалық айналымға қайтару секілді екі негізгі арнаға тоғысады. Яғни активтерді жай ғана сатып алмай, әрқайсысының тағдырына араласып, тың дем береміз, берешектерді қайта құрылымдаймыз, өндіріс өкілдерінің қызметі тоқтап қалмас үшін үздіксіз сүйемелдеп отырып, өндірістік салаға бағыттаймыз, мүмкіндігі бар-ау деген инвестор тауып, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру мақсатында мемлекет меншігіне өткіземіз немесе ашық электронды сауда арқылы тиімді сатуға тырысамыз. Басты мақсат – әрбір «нашар» активке қайтадан «жан бітіріп», экономиканың дамуына нақты үлес қосатын деңгейге жеткізу. Мұндай активтерді басқару біз үшін тек әшейін техникалық үдеріс емес, тұтас экономикалық жаңғырту тетігі десек те болады.

– Нақты мысалдармен дәйектей аласыз ба?

– Қор құрылғаннан бері 70 кәсіп­орынға (жалпы саны 120 рет) «сауықтыру» шаралары көрсетілді. Соның арқасында 7 мың­нан астам жұмыс орны сақталып, бюджетке 65 млрд теңгеден астам салық түсті.

Қор портфелінде ұзақмерзімді кес­темен жұмыс істеп отырған 79 қарыз алушы бар. Жалпы, мемлекетке құны 50 млрд-қа жуық теңгеге бағаланатын 1 558 жылжымалы және жылжымайтын мүлік нысанын, сондай-ақ ел экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен әлеуметтік нысандар салу үшін жергілікті атқару органдарына 21 млрд теңге тұратын 200 жер учаскесін бердік. 2200-ге жуық актив аукцион арқылы сатылып, Ұлттық қорға 121,3 млрд теңге аударылды.

– 2024–2025 жылдары Қордың жұмысы айтарлықтай қарқын алды деп отырсыз. Әсіресе активтердің қайтарылуы мен кәсіпорындарды қалпына келтіруге нендей жағдайлар септесті?

– Бұған басқару үдерістерін күшейту, қарыз алушыларды терең талдау мен шешім қабылдауды жеделдету ықпал етті. Бұл активтердің қалпына келуі мен қаражаттың қайтарылуы бойынша нәтижелерді айтарлықтай жақсартты. Осы кезеңде кәсіпорындардың жағдайын барынша нақты бағалап, қай бағытта қандай шешім тиімді болатынын уақтылы айқындап отырдық. Соның арқасында проблемалық активтерді айналымға тарту қарқыны біршама артты, ал ұзақ уақыт тоқтап тұрған, бірақ әлеуеті бар жобалар қайта іске қосылды.

Жалпы, динамикаға келсек, бұл бағыттағы көрсеткіштер кейінгі жылдары жүйелі әрі тұрақты өсімге ие болды. 2017 жылы қайтарым көлемі 1 миллиар­д теңгеге жетпесе, 2018 жылы шамамен 5 миллиардқа, 2019 жылы 7 миллиард теңгеге дейін өсті. 2020 жылы бұл көр­сеткіш 19 миллиардқа жуықтады, ал 2021 және 2022 жылдары 14 миллиард теңге деңгейінде сақталды. 2023 жыл Қор үшін рекордтық кезең болды. Қайтарым 26 миллиард теңгеге жуықтады.

Мына мәліметтерге тоқтала кеткім келеді. 2024 жылы 32 шаруа қожалы­ғының берешегі қайта қарастырылып, 18,5 млрд теңге қайтарылды. Ал 2025 жылғы 15 қарашаға дейінгі уақыттың өзінде 22 млрд теңге қайтара алдық.

Бұл нәтижелер Қордың икемді тәсілдері мен белсенді жұмысы арқасында активтердің қайтадан экономикалық айналымға тұрақты түрде енгізіліп жатқанын әрі Қор қызметінің тиімділігі жыл сайын күшейіп келе жатқанын көрсетеді.

– Қордың мемлекеттік кепіл­дік-терді басқару бағытындағы жұмысы қалай ұйымдастырылған?

– Иә, Қордың кезекті бір жауапты міндеттерінің бірі – мемлекеттік қарыз бен мемлекет кепілдік берген қарыздарды басқару. Біз қаржылық ағымдарды бақылап қана қоймай, елдің дамуына негіз болатын стратегиялық жобалардың тұрақты жүзеге асуына ықпал етеміз. Қор порт­фелінде «Ақтау теңіз порты», KEGOC, «Қазводхоз», «ҚазАвтоЖол», «KazakhExport» сияқты ұлттық маңызы бар, құны 2 триллион теңгеден асатын 24 ірі жоба бар.

2022 жылдан бері Қор кепілдікпен берілген қарыздарды толық сүйемел­дейтін бірегей операторға айналды. Ай сайын Қаржы министрлігіне есеп береміз, тоқсан сайын қарыз алушылардың жағдайын талдап, қажет болғанда (кемінде жылына бір рет) нысандарға барып тексеру жүргіземіз. Бақылауымызда ұстайтын негізгі мәселе – төлемдердің уақтылы төленуі. Мұндай алдын алу іс-шараларының нәтижесінде бүгінге дейін мемлекеттік кепілдік бойынша бірде-бір кешіктіріп төлеу не төлемей қалу сияқты келеңсіз жағдай тіркелген жоқ.

Бүгінде елдің ұзақмерзімді дамуына қызмет ететін, жалпы құны 1,6 триллио­н теңгеден асатын жолдар, су жүйе­лері, ирригациялық желілер мен коммуналдық инфрақұрылымды қамтитын жаңа жобалар ірі стратегиялық бастамалар ретінде әзірленіп жатқанын айта кеткен жөн.

Әрбір жоба – құрғақ цифрлардан құралған құр есеп емес, өңірлердің тынысын кеңейтіп, халықтың өмір сапасын арттыратын нақты инфрақұрылым. Бұл ретте Қордың рөлі аталған жобалардың тоқтап қалмауын бақылап, мемлекет беделін және қаржылық сенімділігін қамтамасыз ету.

– Алдағы жылы атқарылуға тиіс жұмыс жоспары қандай?

– Келесі жылы Қордағы активтерді бұрынғыдан да тиімді басқарып, әрқай­сы­сы­ның экономикаға нақты пайда әкелуін қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Ол үшін цифрлық жүйелерді жетілдіріп, бақылау мен талдауды күшейту қажет. Сондай-ақ жеке инвесторлармен жұмысты кеңейтіп, жеке капиталдың активтерді қайта іске қосуға белсенді қатысуына жағдай жасау да басты мақсаттарымыздың бірі болмақ.

Сонымен қатар мемлекеттік кепіл­діктермен жұмыс істеу саласындағы тәжірибемізді тереңдетіп, мемлекеттік актив­терді басқару рәсімдерін заман талабына сай жетілдіру де негізгі бағыттардың біріне айналады.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 12:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see156

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see148

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see146

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see144

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see142

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see129

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see126

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see126

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see126

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see125

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see124

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see123

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see120

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see118

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see118

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see116

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see115

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see114

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары