Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Қазақ тұрмысынан жоғалып кеткен музыкалық дәстүрлер

Қазақ тұрмысынан жоғалып кеткен музыкалық дәстүрлер

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақтың дәстүрлі тұрмысында музыка тек өнер ретінде емес, адамдардың күнделікті қарым-қатынасы мен мінез-құлық нормаларына тікелей ықпал еткен әлеуметтік құбылыс болды. Ән арқылы хабар берілді, көңіл күй жеткізілді, қауым ішіндегі байланыс нығайды. Әр жағдайда айтылатын әуеннің өз орны, өз қызметі бар еді. Сол себепті музыка қазақ қоғамының ішкі өмірін түсіндіретін маңызды мәдени айна.

ХХ ғасырда көшпелі тұрмыстың өзгеруімен бірге осы музыкалық әдеттердің көбі өмірден кете бастады. Олар бүгін күнделікті тіршіліктен ғайып болғанымен, этнографтардың деректері арқылы бізге жетіп отыр. Бұл мақала сол деректердің бірі Б. Ерзаковичтің 1987 жылы жарық көрген «Қазақ тұрмысынан жоғалып кеткен музыкалық дәстүрлер» еңбегіне негізделіп жазылды.

Қазақтың дәстүрлі тұрмысында жолаушының ауылға жақындағанда ән айтуы кең тараған, қалыпты әдеттердің бірі болған. Бұл әрекет жай ғана көңіл көтеру немесе ермек емес, нақты әлеуметтік қызмет атқарған. Кең далада атпен келе жатқан адамның дауысы алысқа жеткендіктен, ән арқылы ауыл адамдарына өзінің келе жатқанын алдын ала білдірген. Осылайша ән хабар жеткізудің, өзін танытудың және амандық білдірудің табиғи әдісіне айналған.

Ерзакович келтірген деректерде бұл дәстүрдің кеңінен тарағаны көрсетіледі. Мәселен, зерттеушілердің жазбаларында жолаушының жалғыз келе жатып, даусын күшейтіп ән салатыны, тіпті кейде қолын аузына тосып, бірнеше адам келе жатқандай әсер қалдыруға тырысатыны айтылады. Мұның өзі ауылға құр алақан емес, салтанатпен келу, өзін таныта білу сияқты әлеуметтік психологиямен байланысты болған. Әннің бұл жерде көркемдік қырымен қатар, қатынас құралы ретіндегі қызметі айқын көрінеді.

Бұл дәстүрдің астарында дала мәдениетімен біте қайнасқан өмір салты жатыр. Далада дыбыс еркін, сол себепті жолаушының әні - оның тек келуі емес, ішкі көңіл күйі, сапардағы жағдайы туралы да ишара беретін белгі болған. Кейде бұл ән қуанышты сәлем ретінде айтылса, кейде сағыныш пен қамығу сарынында орындалған.

Қоғамдық өзгерістермен бірге бұл дәстүр де біртіндеп жойылды дейдЕрзакович. Адамдар атпен емес, көлікпен қатынай бастады, ауылдар ірі елді мекендерге айналды, ал хабар жеткізудің басқа жолдары пайда болды. Осылайша жолаушының алыстан ән салып келуі күнделікті өмірден жоғалды. Алайда бұл дәстүр қазақтың музыкалық ойлау жүйесінің, кең далаға бейімделген тұрмыстық мәдениетінің айқын көрінісі ретінде тарихи жадымызда ғана сақталды.

Ауылға жақындағанда айтылатын жолаушы әндері тек хабар жеткізу құралы ғана емес, сонымен бірге ерекше поэтикалық дәстүрдің көрінісі болды. Бұл әндерде жолаушының ішкі күйі, туған жерге деген сағынышы, жол азабы мен үміті қатар өріліп отырған. Ерзакович атап көрсеткендей, мұндай әндер көбіне баяу, ойланып айтылатын. Жолаушы өз үнін кең далаға жайып, өзінің де, сапарының да күйін сол арқылы білдірген.

Осы әндердің ішіндегі ең мәнді үлгілердің бірі — «Маңмаңгер». Бұл шығарма түпкі мәнінде тек жылқы туралы ән емес. Онда жолаушының серігі болған тұлпар образы арқылы адамның жалғыздығы, жол үстіндегі ойы, ішкі толғанысы беріледі.

Ерзакович атап өткендей, ән мәтінінде жылқы, сүйікті жар және туған жер образдары қатар өріледі. Осы үш бейне бір-бірімен қабаттасып, жолаушының бүкіл рухани әлемін көрсетеді. Тұлпары - жол серігі, жар - сағынышы, туған жері - үміт пен тірегі.

Жалпы ән жайлы зерттеулерді оқысақ, «Маңмаңгер» секілді әндерде қазақтың поэтикалық ойлауына тән параллелизм айқын байқалады. Табиғат құбылыстары, жануар образы және адамның ішкі сезімі бір деңгейде беріледі. Бұл — қазақ дүниетанымындағы адам мен табиғаттың ажырамас бірлігін аңғартатын көркемдік тәсіл. Мұнда жылқы жай көлік емес, адамның көңіл күйін бөлісетін тіршіліктің бір бөлігі ретінде қабылданады. Сондықтан «Манмангер» секілді туындылар -  тек музыкалық мұра емес, көшпелі өмірдің поэтикалық куәсі.

Ғалым жазған тағы екі мәселе жайлы аз тоқталып өтейік. Қазақ тұрмысында қалыптасқан жолаушының ән салып келу дәстүрі күнделікті өмір шеңберінен шығып, кәсіби сахналық өнерде көркем бейне ретінде сақталған құбылысқа айналды. Бұл құбылыстың сахналық өнерге, соның ішінде опера мен музыкалық драматургияға ауысқанын Ерзакович арнайы атап өтеді. Соның айқын үлгісі ретінде «Біржан – Сара» операсындағы жолаушының әнмен келу көрінісін атауға болады.

Мұнда ән тек әуездік әшекей емес, оқиғаның дамуын алға жетелейтін негізгі драматургиялық құрал қызметін атқарады. Бұл көріністің өміршеңдігі оның ойдан құрастырылмаған, халық тұрмысында шынайы болған музыкалық мінез-құлыққа негізделуінде. Сахна тілінде жолаушы әні бастапқы хабар жеткізу қызметінен ажырап, кейіпкердің ішкі күйін, сағынышы мен үмітін жеткізетін көркем эмоциялық құралға айналады. Осылайша тұрмыстық дәстүр өз табиғи ортасынан кетсе де, кәсіби өнер аясында мәдени белгі ретінде сақталып, жаңа мазмұнға ие болады.

Жесір әйелдердің жоқтау-ән айту дәстүрі де қазақ музыкалық мәдениетінің терең эмоционалдық қабатын көрсететін ерекше құбылыстардың бірі болып саналады. Бұл әндер көбіне түн мезгілінде, ауыл шетінде, жалғыз орындалған және адамның ішке сыймаған қайғысын сыртқа шығаратын ішкі мұңның үні ретінде қабылданған. Ерзакович сипаттаған «Зар», «Мұң» сияқты үлгілерде сөзден гөрі әуеннің рөлі басым болып, кей жағдайда қайғы тек созылыңқы үн арқылы жеткізілген. Әуеннің баяулығы, төмен регистрде орындалуы, тұрақсыз әрі еркін құрылымы орындаушының жан күйзелісін дәл бейнелейді. Қоғамдық өзгерістер бұл дәстүрдің сиреуіне әкелсе де, жесірдің жоқтау әндері арқылы қазақ қоғамында қайғының да өзіндік рухани формасы болғанын көруге болады. Мұнда жеке адамның зары бүкіл қауымның ортақ мұңымен астасып, символдық мағынаға ие болған.

Қорыта айтқанда, Б. Ерзакович сипаттаған музыкалық дәстүрлер қазақтың дәстүрлі өмірінде музыканың тек өнер емес, күнделікті тіршіліктің тірек құралы болғанын айқын көрсетеді. Ән арқылы хабар жеткізілді, ішкі күй сөйледі, қайғы мен сағыныш сыртқа шықты, ал ат, жол, туған жер сияқты ұғымдар музыкалық бейнеге айналды. ХХ ғасырдағы тұрмыс өзгерістері бұл дәстүрлерді күнделікті өмірден ығыстырса да, олардың мәдени маңызы жойылған жоқ. Ерзаковичтің 1987 жылғы еңбегі осы жоғалып кеткен музыкалық мінез-құлықты тарихи жадта сақтап қалуға мүмкіндік берген аса құнды дерек көзі болып табылады. Бұл дәстүрлерді тану қазақ музыкасын ғана емес, қазақ қоғамының өткендегі ішкі рухани болмысын түсінудің де маңызды кілті деп есептеуге болады

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:217
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Желтоқсан 2025 23:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары