Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Су добының үздіктері

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Қазақстан БАӘ: энергетикалық ынтымақтастық

Қазақстан БАӘ: энергетикалық ынтымақтастық

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстан мен Араб әмірліктері жаңартылған энергия саласында екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейтеді.

Әсіресе жел және күннен қуат өндіру ісіне басымдық беріледі. Тақауда тараптар осы бағытта тиісті мәмілеге қол жеткізді. Соның аясында әуелі Жамбылда қуаттылығы 1 гигаватт болатын ірі электр станциясы салынады. Кейін тәуліктік генерация жүйесіне негізделген тағы бір ауқымды жоба қолға алынады. Бұл жайында Әмірлік компаниясының өкілдері арнамызға берген сұхбатында мәлім етті.

Араб әмірліктері жаңартылған қуат көзі саласында әлемнің 30-дан астам мемлекетінде ірі жобаларды жүзеге асырған. Бұл бағытта тәжірибесі мол. Қазір ішкі нарық тұтынатын электр энергиясының 30 пайызы атом, жел және күн генерациясынан алынады. Арабтар сол әлеуетін Орталық Азияда кәдеге жаратуға ниетті. Әсіресе Қазақстан және Өзбекстанмен тиімді ынтымақтастық орнатқан. Ірі инвесторлары біздің елге бірнеше миллиард доллар қаржы құятынын растады. Мамандардың айтуынша, мұндай әріптестік экономикалық байланыстарды тереңдетіп қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартады.

Абдулазиз Алобаидли, БАӘ энергетикалық компаниясының бас операциялық директоры:

- Біз Қазақстанда Орталық Азия бойынша ең ірі жел электр станциясын саламыз. Оның жанында 600 мегаватт-сағат энергия жинақтау орны болады. Бұл біз жүзеге асыратын жалғыз жоба емес. Екі елдің ортақ мақсаттары көп. Қазақстанның ұлттық әл-ауқат қорымен ұзақмерзімді серіктестік орнатып, бірлескен жобалардың тиімділігін көреміз деген сенімдемін.

Инвесторлардың пайымы бойынша Қазақстан табиғи ресурсқа бай. Оны тиімді әрі тиісті мақсатта қолдана білетін адам капиталы жетерлік. Ішкі нарық сұранысы ауқымды. Жалпы баламалы қуат өндіру әлемдік деңгейде тұрақты даму бағытына айналған. Еуропалықтар да бұл бағытқа баса мән береді. «Белгілі бір ресурсқа тәуелділікті тұрақтандыру тәсілі - осы», - дейді. Сондықтан энергия тұтыну мөлшерінде үлесін арттыруға кіріскен. Бір айта кетерлігі, сарапшылар қазақ-әмірлік бастамаларын жоғары бағалайды. Тіпті келешекте Қазақстанның кәрі құрлыққа жаңартылған энергия экспорттау мүмкіндігі жоғары деп топшылайды.

Адмир Шахманович, Мемлекеттік басқару реформалары саласындағы сарапшы:

- Қазақстанмен мемлекеттік басқару реформалары саласында бірлесіп жұмыс істегенмін. Сөзсіз, сіздің еліңіздің нарығы үлкен. Ресурсқа да бай. Тұрақты дамуға жетіп артылады. Қандай да бір энергия көзіне тәуелді болып қалмас үшін сол ауқымды әлеуетін жан-жақты пайдалана білуі қажет.

Айта кетейік, әмірліктер қаржыландыратын Жамбылдағы жел электр станциясының құрылысы келер жылдың алғашқы тоқсанында басталады. Содан кейін тараптар тәулік бойы энергия өндіретін, қуаттылығы 500 мегаватт болатын тағы бір ауқымды нысан жобасын қолға алады. Демек әріптестік бір ғана бағытпен шектелмей, сан қырынан дамиды.

Авторы: Рауан Мыңбай

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қараша 2025 14:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

10 Тамыз 2026 17:07see116

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

10 Тамыз 2026 17:14see116

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see116

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

10 Тамыз 2026 14:07see115

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

10 Тамыз 2026 15:41see115

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

10 Тамыз 2026 14:47see115

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

11 Тамыз 2026 01:54see114

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see114

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

10 Тамыз 2026 18:14see113

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see112

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

11 Тамыз 2026 02:38see112

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see111

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

10 Тамыз 2026 14:24see111

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

11 Тамыз 2026 04:13see110

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see110

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see110

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see109

Су добының үздіктері

11 Тамыз 2026 03:57see109

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

10 Тамыз 2026 17:44see109

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары