Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Энергетикалық қауіпсіздік: Сарапшы Түрікменстанмен газ саласындағы ынтымақтастық туралы

Энергетикалық қауіпсіздік: Сарапшы Түрікменстанмен газ саласындағы ынтымақтастық туралы

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Спикердің айтуынша, мұндай ынтымақтастықтың ұзақмерзімділігі мен маңызы Газ саласын дамыту жөніндегі стратегиялық ынтымақтастық туралы қол қойылған келісімде бекітілген. Осы келісім аясында QazaqGaz бен Түркменгаз ұлттық компаниялары өзара байланыс жасап келеді.

Галкыныш кенін игеруге қатысу Қазақстанның өңірлік газ хабы ретіндегі рөлін нығайтады

Т. Мармонтованың айтуынша, Галкыныш кен орны — әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі әрі қоры да өте мол, сондықтан Қазақстанның оның игеруге қатысуы бірнеше артықшылық береді.

— Біріншіден, бұл — еліміздің оңтүстігін газбен қамтамасыз етуге арналған ресурс базасы. Екіншіден, ресурс көзін әртараптандыру және тәуелділікті азайту мүмкіндігі, өйткені Түрікменстан — қисынды серіктес, әлемде қор көлемі бойынша төртінші орында тұр. Бізге форс-мажор қатерін барынша азайту үшін бірнеше жеткізушінің болуы маңызды, — дейді ол.

Ресурстық қауіпсіздіктен бөлек, Қазақстанның қатысуы өзінің газ тасымалдау жүйесін дамытуға да мүмкіндік ашады.

— Галкынышты игеруге қатысу — ресурсты солтүстікке, әрі қарай Қытай мен Оңтүстік Азияға бағытталатын жеткізу маршруттарына қатысуымызды білдіреді. Сонымен бірге бұл — экономикамызды әртараптандыру мүмкіндігі, өйткені біз сервистік және инжинирингтік компанияларды дамытып, Қазақстанның өңірлік газ хабы ретіндегі рөлін күшейте аламыз, — деп түсіндірді сарапшы.

TAPI газ құбыры Оңтүстік Азияның ірі нарықтарына шығуға мүмкіндік береді

Газ саласындағы екіжақты қатынастарды дамытудың тағы бір перспективалы бағыты — Түрікменстан–Ауғанстан–Пәкістан–Үндістан (TAPI) магистралдық газ құбыры.
Оның ұзындығы 1800 шақырымнан асады, жобалық қуаты 33 млрд текше метрге бағаланады, газдың едәуір бөлігі Галкыныш кен орнынан жеткізілмек.

— Біздің Трансауған газ құбырының үлесіне қатысты өтініміміз негізгі акционерлердің бірі мәртебесін алуды білдіреді. Табыстағы үлес — экономикалық мүмкіндіктер, оған қоса құбырға қазақстандық газ да сол схемалармен жобаны кеңейту арқылы жеткізіледі, — дейді Т. Мармонтова.

Оның айтуынша, магистраль құрылысына Қазақстанның қатысуы металлургия өнімдеріне, сервистік қызметтерге және болат пен құбыр жеткізуден бастап инфрақұрылымдық қызмет көрсетуге дейінгі ілеспе салаларға қосымша сұраныс тудырады. Бұл өз кезегінде қазақстандық бизнеске байланысты секторларда жаңа мүмкіндіктер ашады. 
Сарапшы бұл магистральдің ерекше стратегиялық маңызын Оңтүстік Азия нарықтарына шығумен байланыстырады.

— Стратегиялық тұрғыдан TAPI-ге қатысу Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайтады. Егер біз Қытай және Ресеймен бірлескен жобаларды дамытуда еліміздің Шығыс пен Батыс арасындағы көпір екенін айтсақ, енді оңтүстікке, Оңтүстік Азия елдерінің — Үндістан, Пәкістанның орасан зор нарығына апаратын көпір де бола алады. Оған қоса, ауған бағытының өзіне тән қиындықтары барын ескерсек те, Қазақстанның жобада акционер ретінде қатысуға дайын болуы бұл қадамның тек имидж үшін емес, аймақтық байланыстарды ұзақ мерзімді дамытуға да бағытталғанын көрсетеді, — деді ол.

Сондай-ақ сарапшы түрікмен газын тасымалдаудағы және өзге де маңызды газ құбыры бойынша Қазақстанның транзиттік рөліне назар аударды.

— Бұл ретте «Орталық Азия — Қытай» газ құбыры арқылы Түрікменстан газының Қытайға транзиті жалғасып жатыр, бұл Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің жүктемесін арттырып, инфрақұрылымдардың өзара тиімді байланысын күшейтеді, — деп атап өтті сарапшы.

Түрікмен газы Қазақстан оңтүстігінің энергетикалық қауіпсіздігі үшін керек

Бірлескен жобалардан бөлек, Түрікменстан газы Қазақстанның оңтүстігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Былтыр «Түрікменгаздан» импорт көлемі шамамен 150 млн доллар болды, бұл жеткізілімдердің айтарлықтай ауқымды екендігін көрсетеді.

— Мұнда контексті түсіну маңызды: елдегі негізгі газ өндірісі батыста орналасқан, ал тапшылық ең қатты сезілетін өңір — оңтүстік. Қарашығанақ немесе Теңізден магистраль арқылы газ жеткізу әрі ұзақ, әрі қымбат. Ал түрікмен газы географиялық тұрғыдан жақын, сондықтан ол өз газыңды бүкіл ел арқылы тасымалдағаннан гөрі арзанырақ, — деді Т. Мармонтова.

Оның айтуынша, Қазақстандағы газ өндіру құрылымы импорт қажеттілігін өзі-ақ тудырып отыр. Өндірілетін газдың басым бөлігі — ілеспе газ, ал оның едәуір бөлігін мұнай өндіруді ұстап тұру үшін қайтадан жер қойнауына айдауға тура келеді. Соның салдарынан физикалық өндірілген газ көлеміне қарағанда ішкі нарыққа аз газ түседі, бұл жақын көршіден келетін жеткізілімдерге деген сұранысты арттырады.

Бұдан бөлек, түрікмен газының елімізге импорты көмір генерациясына түсетін жүктемені азайтады және импортты әртараптандырады. Түрікмен газын тұтыну өз газымыздың бір бөлігін қайта өңдеуге бағыттауға мүмкіндік береді, бұл жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға жағдай жасайды.

— Өткен жылы Қазақстан шамамен 50 млрд текше метр газ өндірді, бірақ оның жартысына жуығын қайтадан айдауға тура келді. Сондықтан ішкі нарыққа 29-30 млрд текше метр шамасында ғана газ келді. Сұраныс өсіп жатқан жағдайда бұл тапшылықты күшейтіп, экспортқа да белгілі бір шектеулер қояды. Сондықтан бұл жасалған келісімдер ұзақмерзімді ынтымақтастық моделіне көшуді білдіреді, — деп түйіндеді Таисия Мармонтова.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов арасындағы келіссөздер қорытындысында ресми делегация мүшелері бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжат алмасты. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 02:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see144

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see137

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see132

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see132

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see129

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see129

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see125

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see118

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see118

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see117

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see115

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары