Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Қазақстан мен Сербия инвестиция, цифрландыру және өнеркәсіп салаларындағы әріптестікті күшейтпек

Қазақстан мен Сербия инвестиция, цифрландыру және өнеркәсіп салаларындағы әріптестікті күшейтпек

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім еткендей, инвестициялар, көлік және логистика, цифрлық сала және ЖИ, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, туризм, білім беру және тағы да басқа салалардағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.

— Бүгін Сіз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен нәтижелі келіссөз жүргіздіңіз. Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтың орындалуын ерекше бақылауға алады. Біздің деректеріміз бойынша, 2025 жылы өзара сауда көлемі $107,7 млн құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға өсті. Бұл көрсеткіш одан да ауқымды нәтижелерге қол жеткізу үшін оңтайлы негіз бола алады. Біз ұзақ мерзімді ықпалдастықты одан әрі жалғастыруға ниеттіміз, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Фото: ҚР Үкіметі

Сербия Президенті Александр Вучич Қазақстанмен энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, құрылыс, азаматтық авиация, жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар, сондай-ақ білім беру сияқты перспективалы бағыттар бойынша әріптестікті дамытуға ұмтылысын растады.

— Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екеуміз серіктестік аясындағы барлық үдерісті тікелей қадағалап отырамыз. Сондай-ақ бұл іске біздің елдердің үкіметтері де белсенді қатысып отырғанын жақсы білеміз. Бізге Қазақстанның білім саласындағы тәжірибесі қызықты. Осыған байланысты қазақстандық сарапшыларды шетелдік жоғары оқу орындарының кампустарын ашу, дуальды білім беруді дамыту, студенттерді шетелде оқыту тәжірибесімен бөлісу үшін Сербияға шақырғымыз келеді, — деп атап өтті Сербия Президенті Александр Вучич.

Кездесу барысында Сербиямен цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту ісінің үлкен әлеуеті атап өтілді. Қазақстанда Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында заманауи цифрлық экожүйе қалыптасуда. Орталық Азияда екі суперкомпьютер кластері іске қосылды, Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылды, CryptoCity пилоттық аймағы және тағы да басқа да жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Фото: ҚР Үкіметі

Көлік интеграциясы мәселелері талқылау кезінде Орта дәлізді дамытуға және Қазақстанда жүргізіліп жатқан жаңа инфрақұрылымды салу жұмыстарына, оның ішінде теміржол және автокөлік желілері, теңіз терминалдары және халықаралық авиациялық хабтарды құруға ерекше назар аударылды.

Агроөнеркәсіп секторындағы, оның ішінде селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы әріптестікті тереңдету перспективалары да атап өтілді. Олжас Бектенов қазақстандық өндірушілердің жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортиментін экспорттауға және қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастыққа дайын екендігін атап өтті.

Фото: ҚР Үкіметі

Белградта өтетін EXPO 2027 көрмесін ескере отырып, қазақстандық тарап Сербиямен 2017 жылы Астанада мамандандырылған көрмені өткізу кезінде жинақтаған тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Сербия президенті Александр Вучич барлық перспективалы бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты серпінді дамыту мен нығайтуға бейілді екенін білдірді.

Фото: ҚР Үкіметі

Сербия президенті Александр Вучич Қазақстанға ресми сапары аясында қазақстандық қорғаныс өнеркәсібінің, оның ішінде қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы Қазақстан мен Сербияның бірлескен жобаларының көрмесіне, «Астана» халықаралық қаржы орталығына және Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды.

Фото: ҚР Үкіметі

АХҚО-да орталық жұмысының негізгі бағыттары, оның ішінде инвестицияларды тарту, мәмілелерді бір құрылымға келтіру, капитал нарығын дамыту және халықаралық жобаларға қолдау көрсету жөніндегі құралдар таныстырылды. Бизнесті сервистік қолдау инфрақұрылымына ерекше назар аударылды. АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров АХҚО тартқан инвестициялардың жиынтық көлемі бүгінде $20 млрд-тан асқанын баяндады.

Фото: ҚР Үкіметі

Александр Вучич Alem.ai орталығында Қазақстанның цифрлық саланы және ЖИ-технологияларды дамытуға бағытталған жүйелі тәсілдерімен танысты. Сербия президентінің назарына отандық әзірлемелер мен жасанды интеллект-стартаптар ұсынылды. Astana Hub-та IT-стартаптарды қолдау жүйесіне және жетекші әлемдік компаниялармен ынтымақтастықты дамытуға көңіл бөлінді. Сондай-ақ онда BestVision – өнеркәсіп пен тау-кен өндірісі үшін АІ-мониторингі, бейнесараптамасы және трекингі бар ақылды каска әзірлеуші; KazDream – бағдарламалық қамтамасыз ету, деректерді талдау және жасанды интеллект саласындағы стартап; Documentolog – электрондық құжат айналымын автоматтандыруға арналған ұлттық бұлтты сервис; Nace.AI – AI агенттеріне негізделген басқару және операциялық процестерді автоматтандыруға арналған жасанды интеллект (ЖИ) платформасы сияқты қазақстандық стартаптар таныстырылды.

Бұдан бұрын келіссөз қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Александр Вучич Бірлескен мәлімдеме қабылдап, 10 меморандумға қол қойылғаны хабарланды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Ақпан 2026 19:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see127

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see125

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see120

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see115

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары