Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Ақмола облысында көлік өртенді

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Қазақстан менің екінші үйімдей: Silk Way Star жеңімпазы Мишель Джозеф

Қазақстан менің екінші үйімдей: Silk Way Star жеңімпазы Мишель Джозеф

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

— Қазақстанды сағындыңыз ба?

— Әрине, қатты сағындым. Бұл жер маған екінші үйімдей болып кетті.

— Silk Way Star байқауында жеңіске жеткеннен кейін өміріңізде не өзгерді?

— Жеңістен кейін көптеген марапатқа ие болдым, соның ішінде Моңғолияда мемлекеттік награда алдым. Бірақ мәселе тек марапатта емес. Оның артында үлкен жауапкершілік бар. Ата-аналарымыздың заманында моңғол мен қазақ халқы өте жақын, бауырлас болған. Біздің буында осы байланысты сақтап қалу менің міндетім деп санаймын. Сол үшін қазақ тілінде көбірек ән жазып, Қазақстанға жиі келіп, моңғол әндерін де орындағым келеді.

— Өзіңізді тек әртіс емес, ел өкілі ретінде сезінесіз бе?

— Байқау кезінде де, қазір де өз елімді таныстырып жүрмін. Қайда барсам да, осы жауапкершілікті сезінемін. Әртіс — өз қоғамының, өз елінің айнасы.

Фото: Jibek Joly Radio

— Шығармашылық көзқарасыңыз қалай өзгерді?

— Көзқарасым кеңейді. Әндерімде қозғағым келетін тақырыптар өзгерді. Бұрын нақты жоспарларым болса, қазір көбірек ойланып, көбірек еңбек ету керектігін түсіндім. Бұл қиын, бірақ жақсы өзгеріс.

— Қазақстанға оралғаннан кейін жанкүйерлердің қолдауын сезінесіз бе?

— Иә, өте көп қолдау сезінемін. Қазақстандық тыңдармандардан көптеген хабарлама аламын. Сол себепті қазақ тілінде көбірек ән жазғым келеді. Қазір екінші қазақша әнімнің үстінде жұмыс істеп жатырмын, жақында жарыққа шығады деп үміттенемін.

— Қазақ тілінде ән айтуға не шабыт берді?

— Қазақстандағы халықтың, сондай-ақ Моңғолиядағы қазақтардың қолдауы шабыттандырды. Қазақ тілін өте жақсы көремін, әуезі ерекше. Қазір тілді үйреніп жүрмін, тіпті онлайн мұғалім таптым.

Фото: MONTSAME

— Сізді екі ел арасындағы мәдени көпір деп атайды. Бұл жауапкершілікті сезінесіз бе?

— Бұл марапат жауапкершіліктің не екенін түсінуге көмектесті. Бұл тек қуаныш емес, одан да көп еңбек етуді талап етеді. Ешкім арнайы «мәдени көпір бол» деп айтқан жоқ, бірақ мен оны өзім сезінемін.

— Қазақ пен моңғол мәдениетінің ұқсастықтары бар ма?

— Иә, ұқсастықтар өте көп. Көшпелі өмір салты, дәстүрлер мен құндылықтар ортақ. Кейде өнерімде қазақ әндерін моңғол вокалдық техникасымен үйлестіремін, олар өте жақсы үндеседі.

— Өнеріңіз арқылы қандай ой жеткізгіңіз келеді?

— Моңғолияны түрлі мәдениет пен дінді құрметтейтін, бейбіт өмір сүретін ел ретінде көрсеткім келеді. Моңғол халқы өте мейірімді, кеңпейіл. Соны музыкам арқылы жеткізуге тырысамын.

Фото: Виктор Федюнин

— Жас өнерпаздарға қандай кеңес айтар едіңіз?

— Өзіңізге сеніп, жүрегіңіздің үніне құлақ асыңыз. Қиын болса да, алға ұмтылуды тоқтатпаңыз. Өнер жолы оңай емес, бірақ музыка арқылы адамдарға әсер етіп, оларға рухани қолдау көрсете алатындықтан, оның өзіндік ерекшелігі бар. Егер өз болмысыңызға адал болып, бар ықыласыңызбен еңбек етсеңіз, өз сәтіңіз міндетті түрде келеді.

Блиц:

Музыка мен үшін…

ауадай қажет.

Этно ма, әлде поп па?

Этно.

Жүрек пе, әлде ақыл ма?

Жүрек.

Бақылау ма, әлде еркіндік пе?

Бақылау.

Үлкен сахна ма, әлде шағын концерт пе?

Үлкен сахна.

Импровизация ма, әлде нақты жоспар ма?

Импровизация.

Жеке орындау ма, әлде дуэт пе?

Жеке орындау.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы моңғол әншісінің Silk Way Star конкурсында көрерменнің ықыласына бөленгенін айтқан еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 18:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see135

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

26 Қазан 2026 10:23see131

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see130

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see129

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see128

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see128

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

26 Қазан 2026 09:51see128

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see119

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see119

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see117

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

26 Қазан 2026 19:04see116

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see114

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see114

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see113

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see113

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see113

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see113

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see113

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see112

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

27 Қазан 2026 14:44see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары