Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қазақстан парламентарийлері Душанбеде ТМД ПАА ның пленарлық отырысына қатысты

Қазақстан парламентарийлері Душанбеде ТМД ПАА ның пленарлық отырысына қатысты

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Сондай-ақ Сенат төрағасы Парламентаралық Ассамблея алаңында ТМД ПАА-ға қатысушы елдердің Парламенттері Палаталарының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

Мәулен Әшімбаев Тәжікстан басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, бүгінде қазақ-тәжік қарым-қатынасы екіжақты ынтымақтастықтың барлық саласында белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты ол жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыруға жәрдемдесу екі ел Парламенттері депутаттарының маңызды міндеті екеніне назар аударды.

Сенат төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысушыларға ілтипат білдіріп, осы жылдар ішінде ұйым диалог, заңнамалық бастамаларды іске асыру және елдер арасындағы сенімді нығайту үшін тиімді алаңға айналғанын тілге тиек етті.

— Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазан айында ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесінде атап өткендей: «Біздің мақсатымыз ортақ — Достастықты жасампаздық пен өрлеудің, жаңа идеялар мен мүмкіндіктердің кеңістігіне айналдыру». Тәуелсіз мемлекеттер достастығы халықтарымыздың болашағы үшін өзара сыйластықты, сенім мен ортақ жауапкершілікті сақтау институты ретінде қажет ұйым. Осы ретте ТМД Парламентаралық Ассамблеясы аясындағы бірлескен қызметіміз мемлекет басшылары айқындап берген негізгі басымдықтардың жарқын көрінісі екені анық. Сондай-ақ мұндай қадам дәстүрлі мәселелерден бөлек, жасанды интеллектіні реттеу, цифрлық құқықтарды қорғау және басқа да көптеген өзекті мәселелерді қамтиды. Бұл — ТМД өзінің қажеттілігін сақтап қана қоймай, жаңа шындыққа бейімделе отырып, белсенді дамып келе жатқандығының нақты дәлелі. Достастықтың 35 жылдығы қарсаңында осындай үрдіс аса маңызды, — деді Мәулен Әшімбаев.

Фото: Н.Байбулин /Сенат

Сондай-ақ Палата Спикері Достастық аясындағы ынтымақтастық мәдениетаралық және дінаралық диалогты нығайтуға деген өзара құрмет пен ұмтылысқа табан тірейтінін атап өтті. Осыған орай ол Қазақстанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінің қорытындыларына кеңінен тоқталып, әріптестеріне ТМД елдерінің делегациялары аталған форумға жоғары деңгейде белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Іс-шара барысында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының федерациясына ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы байқаушы мәртебесін беру туралы сөз сөйледі. Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина отырысқа қатысушыларға жерге орналастыру туралы модельдік заңдар, парниктік газдар шығарындыларын шектеу туралы айтып берді. Сондай-ақ ол ұлттық заңнамада пайдалану үшін ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттердің Парламенттеріне жіберілген ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үшін жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы модельдік кодекске енгізуге арналған өзгерістерге де назар аударды.

Мәулен Әшімбаев ТМД ПАА алаңында Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесу өткізді. Онда тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының маңызды мәселелерін және Қазақстан Президентінің Ресейге мемлекеттік сапарының қорытындыларын талқылады. Қол жеткізілген келісімдер сауда-экономикалық, энергетикалық, көлік және гуманитарлық салалардағы көпжоспарлы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғаны сөз болды. Қазақстан Парламентінің Сенаты мен Ресей Федералды Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның белсенді жұмысы, оның екі елдің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша қабылдаған шаралары да әңгімеге арқау болды.

Палата Спикерінің Тәжікстан Республикасы Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалимен кездесуі барысында көп қырлы ынтымақтастықты, парламентаралық байланыстар мен өңірлік өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне баса мән берілді. Тараптар саяси диалогты кеңейту, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру үшін сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, цифрлық салалар, жасанды интеллект және білім беру бағыттары қосымша мүмкіндіктер беретінін айтты. Мәулен Әшімбаев Қазақстан бұл бағыттағы ынтымақтастыққа дайын екенін тілге тиек етті.

Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің төрағасы Наталья Кочановамен кездесуде Қазақстан мен Беларусьтің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы, сондай-ақ, көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Сұхбат кезінде Қазақстан Парламентінің Сенаты мен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысының Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелеріне мән берілді. Одан бөлек, парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға арналған бірқатар нақты практикалық қадамдар жан-жақты сөз болды.

Фото: Н.Байбулин/Сенат

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы ТМД ПАА алаңында тағы басқа парламенттік делегациялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев ТМД елдері Парламенттері Палаталарының басшыларына Қазақстанда елдің демократиялық дамуы жолындағы жауапты қадам болып саналатын алдағы парламенттік реформа туралы айтып берді.

— Келесі жылдың басында біз қазақстандық парламентаризм тарихындағы маңызды кезең — Қазақстан Республикасының қазіргі Парламентінің 30 жылдығын атап өтеміз. Қазақстан Парламентінің мерейтойы дамудың жаңа және маңызды кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің қыркүйек айындағы Жолдауында бір палаталы Парламентке көшуді көздейтін парламенттік реформа жүргізуді ұсынды. Бұл бастама — Қазақстанның өкілді институттарды нығайту және тиімді заңнамалық билік қалыптастыру жөніндегі дәйекті саясатының қисынды жалғасы. Осы мәселе бойынша түпкілікті шешім 2027 жылы өтетін жалпыұлттық референдумда қабылданады, — деп, Сенат төрағасы алдағы бірлескен жұмыстың нақты бағыттарына тоқталды.

ТМД ПАА алаңында Қазақстан бастамашы болған «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» модельдік заң мақұлданды. Айта кетейік, аталған құжат Қазақстандағы заң шығару қызметінің оң тәжірибесі ескеріле отырып ұсынылған еді. Бұл заң әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге тың серпін берген маңызды қадам болды.

Айта кетейік, Тәжікстан 2025 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық етеді.

Бұдан бұрын Сенат ТМД аясында радиоактивті материалдарды тасымалдауға қатысты құжатты мақұлдағанын жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қараша 2025 17:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары