Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Қазақстан журналистердің құқығын кеңейтті саясаттанушы Бақытжан Бұхарбай

Қазақстан журналистердің құқығын кеңейтті саясаттанушы Бақытжан Бұхарбай

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Журналистердің кәсіби құқықтарының кеңеюі және әлемдегі ірі интернет-платформалармен өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерінің енгізілуі ақпарат саласындағы өзгерістердің ауқымын көрсетеді. Елде сөз бостандығын қамтамасыз ету, ақпаратқа қол жеткізу және азаматтарды цифрлық кеңістікте қорғау мақсатында заңнама жетілдіріліп келеді. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның Варшавада өткен Адами өлшем жөніндегі конференциясының сегізінші сессиясында саясаттанушы Бақытжан Бұхарбай айтты.

Халықаралық аудитория алдында сөз сөйлеген сарапшы Қазақстанның медиа кеңістігіндегі алуан түрлілікке назар аударды. Оның айтуынша, бүгінде елде 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген. Олардың қатарында 3 мыңнан астам баспа басылымы, 255 телеарна, 100-ге жуық радиостанса және шамамен 1,5 мың интернет-ресурс бар.

Медиа нарықтың негізгі бөлігін отандық басылымдар құрайды. Сонымен қатар ақпарат кеңістігінде тілдік алуандылық та байқалады. Қазақ және орыс тілдерімен қатар, 2 мыңға жуық БАҚ үш және одан да көп тілде ақпарат таратады. Бұл Қазақстан қоғамының көпэтносты сипатын көрсетеді.

Бақытжан Бұхарбайдың сөзінше, медиа саласының дамуы ең алдымен сөз бостандығының конституциялық кепілдіктеріне және Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне негізделеді.

«Конституция сөз бостандығына, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркіндігіне тікелей кепілдік береді. Біз осы саладағы негізгі халықаралық құжаттарға – Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына, БҰҰ, ЕҚЫҰ және ЮНЕСКО-ның бірқатар құжатына қатысамыз. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкестікті тұрақты түрде бағалап отыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Бақытжан Бұхарбай.

Сарапшы саланы дамытудағы маңызды өзгерістердің бірі ретінде «Масс-медиа туралы» заңның қабылдануын атады. Бұл құжат журналистің ерекше құқықтық мәртебесін бекітіп, оның кәсіби қызметіне берілетін кепілдіктерді кеңейтті. Атап айтқанда, ақпарат жинау және тарату, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпарат көздерінің құпиялылығын қорғау құқықтары қарастырылған.

Заңнамалық өзгерістер редакциялардың күнделікті жұмысына да әсер етті. Мемлекеттік органдардың журналистік сұрауларды қарау мерзімі жеті жұмыс күнінен бес жұмыс күніне дейін қысқарды. Бұған дейін мерзімі шектелмеген БАҚ материалдарына қатысты талап қою мерзімінің орнына бір жылдық мерзім белгіленді.

Заңнамалық кепілдіктердің тағы бір бағыты журналистердің қауіпсіздігіне қатысты. Қауіп-қатері жоғары жағдайда жұмыс істеген кезде БАҚ иелері қызметкерлерді арнайы қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұқаралық іс-шараларды жариялау кезінде журналистерге PRESS жазуы бар арнайы танымдық кеудешелер қарастырылған.

Сонымен қатар Қазақстанда жала жабу қылмыстық жауапкершілікке жататын әрекеттер қатарынан алынып тасталды. Ал журналистердің кәсіби қызметіне заңсыз кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

Цифрлық өзгерістер туралы айтқан Бақытжан Бұхарбай мемлекеттің халықаралық технологиялық компаниялармен тікелей байланыс орнатуын ерекше атап өтті. «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң интернет кеңістігін реттеудің құқықтық негізін қалыптастырды. Оның аясында заңға қайшы контентке қарсы іс-қимыл және онлайн-жарнаманың ашықтығына қойылатын талаптар қарастырылған.

Атап айтқанда, Meta, ByteDance, VK және Telegram компаниялары Қазақстанда ресми өкілдерін тағайындады. Бұл жаһандық цифрлық платформалармен тікелей байланыс арналарын жолға қоюға мүмкіндік берді.

Сөз соңында саясаттанушы технологиялардың жылдам өзгеруі халықаралық міндеттемелер мен жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, құқықтық реттеуді үнемі жетілдіріп отыруды талап ететінін айтты.

«Цифрлық орта жылдам өзгеріп жатқанын түсінеміз. Сондықтан халықаралық міндеттемелер мен бейінді комитеттердің ұсынымдарын ескере отырып, заңнаманы бейімдеуді жалғастырып жатырмыз», – деді Бақытжан Бұхарбай.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:27
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 21:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары