Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

Лондондағы Мисс Кәусар

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Апта басында Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайрат Жұманов облыстық білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. 

Қайрат Жұманов 1989 жылы туған. Білімі жоғары: 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «психология» мамандығы бойынша, 2012 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша, 2018 жылы Тұран университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2021 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласындағы № 105 гимназияның педагог-психологы болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы білім басқармасының Бостандық аудандық білім бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған. 2025 жылдың сәуір айынан бастап Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлы өкімімен Мадияр Әліпов Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Мадияр Бақтыбайұлы Әліпов 1987 жылы 4 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі — жоғары, мемлекеттік қызмет саласында 18 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман.

Еңбек жолын Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында маман болып бастаған. Кейін Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Түркістан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Бұған дейін Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси мониторинг бөлімінің басшысы болды.

Жаңа қызметінде Мадияр Бақтыбайұлы Түркістан қаласы әкімдігі құрылымындағы ішкі саясат, мәдениет және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім салаларына жетекшілік етеді.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкімі бойынша Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 

Мәлік Әбдіқадыров «Қайнар» университетінде құқықтану мамандығы бойынша, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін мұнай-газ ісі бойынша, Ұлыбританиядағы Абердин университетінде Құқық магистрі дәрежесін алған. Ұзақ жылдар бойы облыстық прокуратурада қызмет етіп, ҚР Бас прокуратурасының басқармаларында басшылық қызметтерді атқарған, «Западная Курна»-2 «Лукойл-Оверсиз» жобасы (Ирак, Басра қаласы), ҚР Табиғи монополияларды реттеу, ҚР Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінде жұмыс істеген. 2020-2024 жылдары — Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өкімімен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы болып Әсел Балманова тағайындалды. 

Әсел Балманова 2009 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экология мамандығын, 2012 жылы Еуразия академиясының құқықтану мамандығын, 2016 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экология-магистрі мамандығын, 2025 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік басқару» докторантурасын тәмамдаған. Экология магистрі, «Мемлекеттік басқару» бағдарламасы бойынша экономика докторы ғылыми дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 2006-2009 жылдар аралығында № 42 «Ақниет» гимназиясында хатшы, лаборант қызметтерінен бастаған. 2009 жылы Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының табиғатты қорғау және мониторинг бөлімінде жастар практикасынан өтті. 2010-2012 жылдары басқарманың бас маманы болды. 2012-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар бөлімінде бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарды. 2017 жылы облыстың ауыл шаруашылығы басқармасында құқықтық және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болды. 2018 жылдың мамыр айынан бастап Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2020-2023 жылдары Мемлекеттік басқару академиясында білімін жетілдірді.

Маңғыстау облысының әкімі өкімімен облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысы болып Сәбит Дүйсекенов тағайындалды. https://kaz.inform.kz/news/sabit-duysekenov-mangistaudin-auil-sharuashiligi-baskarmasina-zhetekshlk-eted-a4b315/ 
Сәбит Дүйсекенов 1987 жылы туған, білімі жоғары. 2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, 2014 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және жануарлар дүниесі комитетінде «Охотзоопром ӨБ» РМҚК «Кендірлі Қаясан» мемлекеттік қорығының күзет қызметінің бастығы қызметінен бастаған. 2014 жылы «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Батыс өңірлік филиалының директоры, 2017 жылы «Кендірлі Қаясан» мемлекеттік қорық аумағының күзет қызметінің басшысы, әртүрлі өңірлік филиалдарда басшылық қызметтер атқарды. 2023 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімінің орынбасары және облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысы болды. Осы күнге дейін Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы қызметін атқарды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және ІІМ бұйрығымен генерал-майор Сәкентай Шекарбеков ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы қызметін атқарған.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Кениядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Садықов Қазақстан Республикасының Руандадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. 

Барлыбай Садықов 1964 жылы туған. 1988 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери институтын урду және ағылшын тілі бойынша аудармашы-референт мамандығы бойынша тәмамдаған. Дипломатиялық қызметін 1993 жылы Қазақстан СІМ Еуропа және Америка елдері басқармасының атташесі ретінде бастаған. Түрлі жылдары СІМ орталық аппараты мен Қазақстанның Италия, Швейцария, АҚШ-тағы дипломатиялық өкілдіктерінде әртүрлі қызметтер атқарған. 2013-2015 жылдары ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі болды. 2015 жылы Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің орынбасары болып тағайындалды. 2018 жылы Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі болды. II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

Атырау облысы әкімінің өкімімен Атырау облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып Марлен Қасенов тағайындалды. 

Марлен Қасенов экономика және мемлекеттік басқару саласы бойынша білімі бар. 2006 жылы Астанадағы сауда-экономикалық колледжін, 2010 жылы Қарағанды экономикалық университетін, 2017 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын ҚР Президентінің іс басқармасына қарасты ведомстволық ұйымдарда бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінде бас инспектор, мемлекеттік қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінде сарапшы қызметін атқарған. Сондай-ақ Астана қаласы әкімінің орынбасары, аудандар әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Ақтөбеде қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы болып Ардақ Құмаров тағайындалды. 

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Ардақ Құмаров жаңа қызметке тағайындалды. Ақтөбе облысының тумасы, ҚР Қарулы күштерінің әскери академиясын және 2022 жылы заң университетін тәмамдаған. Әскери қызметін взвод командирінен бастап, әртүрлі лауазымдар атқарған, «ҚР Қарулы Күштерінің ардагері» және І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.

Абай облысының жаңа прокуроры болып Нұрсұлтан Рақышев тағайындалды. Бұған дейін Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 

Нұрсұлтан Рақышев 1983 жылы туған, Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. Прокуратура органдарында 20 жылдан астам қызмет істеп келеді. Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы прокуратурасында прокурор қызметінен бастаған, кейін Бас прокуратура департаментінде, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі, Бостандық ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Жамбыл облысында, Алматы қаласы Наурызбай ауданында әртүрлі прокурорлық қызметтер атқарды. 2019 жылдан бастап Алматы қаласы прокурорының орынбасары, кейін бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындауларды осы сілтемеден толық қарауға болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Наурыз 2026 11:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

29 Мамыр 2026 17:01see117

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

29 Мамыр 2026 20:39see113

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

29 Мамыр 2026 20:39see112

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

29 Мамыр 2026 16:03see112

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

30 Мамыр 2026 15:58see110

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

29 Мамыр 2026 19:42see110

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

29 Мамыр 2026 20:38see108

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

30 Мамыр 2026 12:16see108

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

29 Мамыр 2026 16:32see107

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

30 Мамыр 2026 13:30see107

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

31 Мамыр 2026 13:16see106

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

31 Мамыр 2026 10:39see106

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

30 Мамыр 2026 09:44see105

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

29 Мамыр 2026 17:33see104

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

31 Мамыр 2026 13:03see104

Лондондағы Мисс Кәусар

30 Мамыр 2026 13:48see103

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

30 Мамыр 2026 12:00see103

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

30 Мамыр 2026 13:45see103

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

30 Мамыр 2026 20:32see102

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

30 Мамыр 2026 16:57see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары