Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстанда әр он баланың жетеуінде тісжегі диагнозы анықталған

Қазақстанда әр он баланың жетеуінде тісжегі диагнозы анықталған

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Тісжегі ауруларының ерте жастан алдын алу үшін Денсаулық сақтау министрлігі арнайы жол картасын бекіткен болатын. 2024 жылы қыркүйекте 2028 жылға дейін жоспарланған «Болашаққа — сау тіспен» жобасы іске аса бастады. Бағдарлама аясында мыңнан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылуы керек.

Министрлік мәліметінше, 2024 жылы қаржыландыру тетіктері пысықталған. Ал 2025 жылы 195 стоматологиялық кабинет ашу жоспарланған. Дегенмен, былтыр оқу ордаларында тек 125 кабинет іске қосылды. Қалған 70 кабинет қаржы тапшылығына байланысты биылға шегеріліпті. Ашылған емдеу бөлмелерінің 76-сы қалада, 49-ы ауылдық мектептерде жұмыс істейді.

Инфографика: Kazinform

— Өңірлерде ашылмай қалған 70 стоматологиялық кабинет 2026 жылдың жоспарына енгізілді. Жоспарға сәйкес, осы жылдың төртінші тоқсанында 255 кабинет ашу көзделген. Оның ішінде 2025 жылы іске қосылмаған нысандарды қоса есептегенде, барлығы 325 стоматологиялық кабинет пайдалануға беріледі. Жол картасында кабинеттерді кезең-кезеңімен ашу міндеті қарастырылған. Қазіргі уақытта өңірлерде бұл бағыттағы қаржыландыру мәселелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешіліп жатыр, — делінген министрлік жауабында.

Әр мектепте ашылған стоматологиялық кабинет қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Кейін жақын маңдағы емханалардан арнайы стоматолог мамандар бекітілген. Осы ретте Астана қаласына қарасты № 69 мектеп-гимназияда ашылған стоматологиялық кабинеттің жұмысымен таныстық.

— Стоматологиялық кабинет 2025 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. Күн сайын түске дейін орта есеппен 10–15 оқушыдан қабылдаймыз. Бұл кабинет № 12 емханаға қарайды, қызмет көрсетуді осы емхана жүзеге асырады. Сонымен қатар, айына 2–3 рет белгіленген кестеге сәйкес барлық дәрігерлердің қатысуымен кешенді медициналық тексеру өткізіледі. Балалар арасында ауыз қуысы гигиенасы бойынша түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі. Тісті дұрыс тазалау және аурулардың алдын алу мақсатында ақпараттық парақшалар таратылып, оқыту жұмыстары ұйымдастырылады, — дейді стоматолог Нияра Сегізбаева. 

Сала мамандарының мәліметінше, 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық қызмет тегін көрсетіледі. Қазіргі уақытта мектептегі кабинеттер тек алғашқы көмек көрсетуге бағытталған. Кей оқушыларда тіс аурулары асқынған жағдайда арнайы жолдама беріліп, олар емханаға жіберіледі. Алдағы уақытта қажетті дәрі-дәрмектер жеткізіліп, оқушылар мектептен шықпай-ақ толық ем қабылдай алатын жағдай жасалмақ.

Осы тұста ата-аналардың да ой-пікірін білдік. Олар жобаны «өте қолайлы» деп бағалайды. Сабақ кезінде баланың тісі ауырып, мазасызданса, стоматологке бара алады. Ал баланы қарамас бұрын дәрігер ата-анасының келісімін алады. 

— Өткенде қызымның сабақ кезінде тісі ауырып, мектептегі стоматологиялық кабинетте тексеруден өтті. Дәрігерлер оған кеңес берді. Тісті қалай күту керектігін түсіндірді. Қазір қызым үнемі тексеруден өтіп тұрады. Мектептегі стоматологиялық қызмет ата-аналар үшін ыңғайлы. Балаларды тіс дәрігеріне жазудың қажеті жоқ. Кезек күтіп, уақыт алмайды. Стоматолог маман асқынған жағдайда емханаға жолдама береді. Жолдама арқылы кезексіз қабылданады, — дейді Бану Мұстафақызы. 
Мамандардың пікірінше, жол картасы сәтті жүзеге асса, тісжегісі бар балалар саны азайып, болашақта стоматологиялық қызметке түсетін жүктеме де азаймақ.

Еске сала кетейік, Денсаулық министрлігі алдағы екі жылда 17 өңірде 49 жаңа бейінді бөлімше ашпақ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Ақпан 2026 09:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see156

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see133

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see128

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see127

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see123

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see122

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see122

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see122

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see121

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары