Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қазақстанда балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге шектеу енгізілуі мүмкін

Қазақстанда балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге шектеу енгізілуі мүмкін

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазіргі баланың бос уақыты аулада асыр салып ойнаумен емес, әлеуметтік желідегі видеоларды сағаттап сырғытумен өтеді. Бүгінде елімізде әлеуметтік желілердің баланың психикалық дамуына, ұлттық құндылықтарды түсінуіне және мінез-құлқына әсер етуі алаңдаушылық тудырып отыр. Сол себепті 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін реттейтін заң жобасы әзірленді, деп жазады Egemen.kz.

Фото: istockphoto.com

Заң жобасы және оның мақсаты

Жуырда талқыға түскен «Онлайн-платформалар және бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында 16 жасқа дейінгі балалардың TikTok, YouTube, Instagram сияқты платформаларға тіркелуіне тыйым салу қарастырылған. Егер құжат қабылданса:

TikTok, Instagram, YouTube секілді платформаларда; сондай-ақ кез келген интернет-платформада балалардың тіркелуі заң жүзінде шектеледі. Тек мессенджерлерге ғана ерекшелік қарастырылған.

Бұл шара «зиянды контент көлемін азайтып, балаларды онлайн ортадағы қауіптен қорғауға бағытталған». Заң жобасы 4 желтоқсанда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бүгінде әлеуметтік желінің «тәрбиеші» рөлі ата-ананың өзін алмастырып барады.

«Кішкентай ұлыммен серуендеп жүріп байқағаным – ауланың балаларының көбінің қолында смартфон бар. Олардың TikTok, YouTube пен Instagram-нан көріп жүрген контенттерін ата-аналары көбінесе бақылай алмайды, қажет сүзгіден де өтпейді. Яғни, 4,5 және 6 жастағы балалардың қолына сіріңкеден де қауіпті құрылғы деп айтуға болады», деді Аймағамбетов.

Депутаттың сөзінше, әлеуметтік желілердің алгоритмдері бала назарын ұзақ ұстап тұру үшін арнайы жасалған. Бұл «цифрлық ойын автоматына» ұқсайды.

«Қазір ашық қолжетімділікпен әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылық, кибербуллинг сияқты мазмұндағы ақпарат көп. Бұл қалыптасу үстіндегі бала психикасына тікелей әсер ететін фактор», деді ол.

Аймағамбетов бұл мәселе тек Қазақстанға тән емес екенін айтады. Қытайда балаларға арналған қосымшаларға қатаң шектеулер бар:

Экран уақыты шектеулі; Түнгі уақытта қолжетімділік автоматты түрде тоқтайды; Тек білім беретін контент ұсынылады.

Бірқатар елдерде балалардың әлеуметтік желіге тіркелуі ата-ананың рұқсатымен ғана жүзеге асады, жас шектеулері де нақты: 13, 15 немесе 16 жас.

Техникалық тұрғыдан «балаларға ғана» шектеу қою мүмкін бе?

CyberX компаниясының бас директоры, ақпараттық қауіпсіздік маманы Батыржан Шақманов Қазақстандағы бастаманың техникалық орындалу мүмкіндігін түсіндірді. Оның айтуынша, елімізде әлеуметтік желілерді бұғаттауға қажетті барлық негізгі техникалық құралдар бар.

«Техникалық тұрғыдан белгілі бір деңгейде шектеу енгізу мүмкін. Қазақстанда IP және домен деңгейінде блоктау, трафикті баяулату (throttling), DPI сияқты құралдар бұрыннан қолданылады. Яғни, «TikTok немесе YouTube-ты толық өшіру» – техникалық жағынан орындалатын нәрсе», дейді сарапшы.

Алайда сарапшы белгілі бір жас санатына ғана шектеу қою қиындық тудыратынын атап өтті.

«Бірақ тек 16 жасқа дейінгі балаларға ғана шектеу қою – өте күрделі механизм. Байланыс операторлары немесе интернет-провайдерлер трафик арқылы қолданушының жасын көре алмайды. Ол үшін SIM-карта иесінің жасын есепке алып, балаларды бөлек санат ретінде фильтрлеу керек. Бұл – үлкен техникалық өзгерістер және қателік қаупі жоғары процесс», дейді Шақманов.

Оның айтуынша, елдің инфрақұрылымы фильтрлеуге дайын болғанымен, нақтылық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету әлдеқайда қиын міндет.

Жас ерекшелігін қалай анықтауға болады?

Әлемдік тәжірибеде қазір үш негізгі әдіс бар:

1. Құжат арқылы верификация

Сарапшы бұл тәсілді ең сенімді шешімдердің бірі деп атайды.

«Құжат верификациясы – ең сенімді әдістердің бірі. Пайдаланушы жеке куәлік фотосын және селфи жүктейді, жүйе сәйкестігін тексереді. Бірақ бұл тәсілдің басты қаупі – жеке деректердің платформалар серверінде жиналуы. Егер база бұзылса, салдары өте ауыр болады», дейді ол.

2. Биометриялық жас анықтау

«Ыңғайлы, құжатсыз орындалады, бірақ дәлдігі орташа. 14-17 жас аралығында қате жиі кездеседі. Сонымен қатар биометрияның өзі – өте сезімтал дерек, оны сақтау да үлкен тәуекел», деп түсіндірді маман.

3. SIM-картаға байлау

Сарапшы мұның Қазақстан үшін ең қисынды нұсқа екенін айтады.

«Оператор ЖСН арқылы адамның жасын біледі, сол арқылы әлеуметтік желілерге шығуды шектеуі мүмкін. Бірақ бұл жерде үлкен проблема бар: SIM әрқашан нақты пайдаланушыға тиесілі емес. Баланың қолындағы телефон ата-анасының атына тіркелуі мүмкін – бұл жүйені шатастырады», дейді Шақманов.

Платформаларды қалай шектеуге болады?

Сарапшының айтуынша, Қазақстан қолдана алатын техникалық құралдар бар:

IP немесе домен блоктау; DPI арқылы трафикті анықтап, толық бұғаттауға немесе баяулатуға болады.

«Бірақ бұл әдістердің шектеулері бар. Үлкен платформалар шифрлауды күшейтіп жатыр, трафикті жасыратын протоколдар пайда болды. Сондықтан кез келген техникалық блоктауды айналып өту жолдары табылады», деп түсіндірді маман.

Мұндай жағдайда заңдық талаптар да маңызды рөл атқарады. Шақмановтың сөзіне қарағанда, мемлекет платформалардан:

Өкілдік ашуды; Жас ерекшелігіне сай фильтрлеу енгізуді; Жергілікті заңдарды орындауды талап ете алады.

«Көп жағдайда нәтиже – техникалық блок емес, платформа мен мемлекет арасындағы келісім арқылы келеді», деп атап өтті сарапшы.

VPN-ды бұғаттау мүмкін бе?

«VPN трафигі қазір кәдімгі HTTPS трафигіне ұқсап кеткен. Жаңа протоколдар VPN-ді браузер трафигі сияқты көрсетеді. Сондықтан толық анықтап, тұрақты түрде жауып отыру үшін интернетті қатты шектеу керек», дейді Батыржан Шақманов.

Бірақ маманның айтуынша, мұндай шектеулер бизнеске, қашықтан жұмысқа, банктік жүйелерге және IT секторына зиян келтіруі мүмкін.

«VPN-ды шектеуге болады, бірақ толық жою іс жүзінде мүмкін емес», дейді ол.

Сарапшының ойынша, шектеу – мәселенің шағын бөлігі ғана. Негізгі үш бағытқа көңіл бөлінуі тиіс:

 1. Ата-ананың бақылауы

«iOS және Android-та балаға арналған профильдер, уақыт лимиттері, контент шектеулері сияқты құралдар бар. Бірақ ата-аналардың басым бөлігі оларды қалай қолдануды білмейді. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары қажет», дейді сарапшы.

2. Платформалармен серіктестік

«TikTok, YouTube, Instagram балалар үшін қауіпсіз режимдерді күшейтіп, Қазақстанға арналған білім беру контентін, буллинг пен алаяқтыққа қарсы материалдарды алдыңғы қатарға шығара алады. Бұл әлемде кең тараған практика», деді ол.

3. Кибергигиена және медиасауат

«Балаларға зиянды ақпаратты жаба беру арқылы мәселені толық шешу мүмкін емес. Біздің міндет – баланы интернетте қауіпсіз мінез-құлыққа үйрету: фейк контентті тану, бейтаныс адамдарға сенбеу, жеке деректерді қорғау, эмоциялы контенттерге берілмеу сияқты дағдыларды сіңіру. Бұл – ұзақ мерзімді, бірақ ең тиімді шешім», деп түйіндеді Батыржан Шақманов.

Жалпы балаларды әлеуметтік желілерден қорғау – күрделі мәселе. Бірақ бір нәрсе анық: бала қауіпсіздігі үшін тек тыйым жеткіліксіз. Тәрбие, ата-ана бақылауы, цифрлық сауат және жүйелі саясат қажет.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары