Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Қазақстанда пациенттерді медбикелер қабылдап жүргенінен бір жылға жуықтады сарапшылар артықшылықтар мен кемшіліктер туралы

Қазақстанда пациенттерді медбикелер қабылдап жүргенінен бір жылға жуықтады сарапшылар артықшылықтар мен кемшіліктер туралы

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Осыдан бір жылға жуық уақыт бұрын Қазақстан емханаларында жұмыс істейтін медбикелер пациенттерді өз бетінше қабылдау құқығына ие болды. Былтыр тоғыз айда олар бес миллионнан аса адамға кеңес берген. TengriHealth тілшісі жаңа модельдің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін, оның тәуекелдері мен артықшылықтарын, сондай-ақ пациенттер медбикелерге сенім білдіруге дайын ба анықтап көрді.

Осыдан бір жылға жуық уақыт бұрын Қазақстан емханаларында жұмыс істейтін медбикелер пациенттерді өз бетінше қабылдау құқығына ие болды. Былтыр тоғыз айда олар бес миллионнан аса адамға кеңес берген. TengriHealth тілшісі жаңа модельдің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін, оның тәуекелдері мен артықшылықтарын, сондай-ақ пациенттер медбикелерге сенім білдіруге дайын ба анықтап көрді.

Қабылдау кезінде медбике не істейді: тексеру, рецепт пен жолдама 

Семейлік аға медбике Мөлдір Саятқызының өз бетінше пациенттерді қабылдап жүргеніне жарты жыл болды. Ол 2025 жылғы шілдеде бүкіл ел бойынша толыққанды іске қосылған бағдарламаның алғашқы қатысушыларының бірі атанған.

Бұл модельдің басты мақсаты - дәрігерлерге түсетін жүктемені азайту, кезекті қысқарту және базалық медициналық көмекті пациенттер үшін қолжетімді ету.

Идея мәні - емханаға келушілер ағынын бөлу: дәрігерді қажет етпейтін өтініштердің бір бөлігін медбикелер өз мойнына алады, ал учаскелік дәрігерлер күрделі жағдайларға назар аударады.

Мөлдір Саятқызы да дәрігер сияқты анамнез жинайды, адамның жалпы жағдайын бағалайды, шағымын тыңдап, симптомдарын нақтылайды.

Медбикенің қабылдау кезіндегі өкілеттігі: не кіреді, не кірмейді? Тексеру жүргізу: бойын, салмағын, артериялық қысымын өлшеу, тамағын тексеру, қандағы қант деңгейін анықтау және т.б. Сауалнама жүргізу: адамның қалай тамақтанатынын, соңғы уақытта салмақ тастаған-тастамағанын немесе қоспағанын, ұйқысының бұзылған-бұзылмағанын білу және т.б. Скринингтерге шақыру. Созылмалы аурулары бойынша динамикалық бақылауда тұрған және мерзімінде тұрақты зерттеулерден өтіп тұратын пациенттерге анализге жолдама жазып беру. Мысалы, адамда қант диабеті болып, ол мезгіл-мезгіл тексеруден өтіп тұруы тиіс болса. Бұған дейін дәрігер тағайындаған болса, препараттарға рецепт жазу. Бұл да, ең алдымен, созылмалы ауруы бар науқастарға қатысты. Медициналық үзінді көшірмелерді рәсімдеу.

Медбике тексеру мен әңгімелесуден кейін "мейіргерлік" диагноз қоя алады. Бұл үйреншікті медициналық диагноз емес, белгілі бір жағдайды растау десе де болады. Мысалы, созылмалы ауырсыну, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, ұйқының бұзылуы және т.б.

Медбикелер кімдерді қабылдайды?

Біздің кейіпкер Мөлдір Саятқызы жағдайға байланысты не ұсыныстар беретінін, не пациентті қосымша тексеру үшін дәрігерге жіберетінін айтады.

Медбике өзіне келетін адамдардың басым бөлігі созылмалы аурулары бар пациенттер екеніне назар аударды. 

"Олар есепте тұрады және мамандар олардың жағдайын бақылап, дәрігердің тағайындауын қалай орындап жүргенін қадағалап, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмек рецептін ұзартуы үшін емханаға кесте бойынша келеді. Бір жұмыс күнінде мен шамамен 10 пациентті қабылдай аламын, олардың 2-3-ін дәрігерге жіберемін, қалғандарына менің тексеруім жеткілікті".

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Мөлдір Саятқызы

аға медбике

Республикалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) орталығының деректері бойынша, жаңа ережелерді енгізу нәтижесінде емханада қабылдауды күту уақыты пациенттер үшін 5–7 күннен үш күнге дейін қысқарған. Бұл өтініштердің бір бөлігі мейіргерлік қызмет деңгейінде шешілуінің және пациенттердің дәрігерге дайын тексеру нәтижелерімен келуінің арқасында мүмкін болды.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

5,7 миллион келуші: мейіргерлік қабылдау емханаларды қалай өзгертті? 

Республикалық АМСК орталығының деректері бойынша, бүгінде Қазақстанда алғашқы көмек көрсететін 692 медициналық ұйым жұмыс істейді. Бұл учаскелік дәрігерлері мен медбикелері бар клиникалар.

Олардың 243-інде өз бетінше мейіргерлік қабылдау енгізілген, бұл жалпы санның 35,1 пайызы. Тек 2025 жылдың тоғыз айында мейіргерлік қабылдаудың жалпы саны 5,7 миллионнан асты. Бұл дәрігерлік көмектің қолжетімділігін екі есеге жуық арттыруға мүмкіндік берді.

2026 жылдың басындағы мәліметтер бойынша, АМСК жүйесінде барлығы 13,5 мыңға жуық учаске жұмыс істеді. Оның ішінде:

Жалпы тәжірибелік дәрігерлер (ЖТД): 11,2 мыңнан аса учаске (жалпы санның 83,8 пайызы). Онда ЖТД-мен бірге 25,5 мыңға жуық учаскелік медбике жұмыс істейді. Мыңнан аса медбике жұмыс істейтін 735 терапевттік учаске. 2,3 мыңға жуық учаскелік медбике қамтылған 1,4 мың педиатрлық учаске.

Біз Қазақстанның қай өңірлерінде дәрігер емес, медбикелер қабылдау жүргізетін учаскелердің көп екенін сұрадық. Алайда бізге нақты деректер ұсынылып, өңірлер бойынша енгізу жылдамдығы инфрақұрылымның дайындығы мен кадрлық әлеуетке байланысты әртүрлі болуы мүмкін екені айтылды. 

МСАК жүйесінде барлығы 79,8 миллион медициналық қызмет ақысы төленді. Бұл – учаскелік мамандардың қабылдауы, скринингтер, талдаулар, бейінді мамандардың кеңестері және тағы басқалары.

Өз бетінше қабылдау: психологиялық кедергілер мен сенімсіздік

Мөлдір Саятқызы емханадағы медбике дәрігердің орнын баспайтынын айтады. Оның үстіне, пациенттерде әрдайым таңдау бар: оған жүгініп, учаскелік дәрігердің кезегін күтпеу немесе бірнеше күннен кейін қажетті маманға бару.

Ол барлығы бірдей медбикелерге бара бермейтінін жасырмайды. Бұл тәжірибе салыстырмалы түрде жақында енгізілді және адамдарға үйрену үшін уақыт қажет.

"Басында пациенттер тек дәрігердің қабылдауына жазылуды талап ететін және біз олардан шағымын, ішіп жүрген дәрі-дәрмектері, тамақтануы туралы сұрай бастағанда құлықсыз жауап беретін (өкінішке қарай, бізде орта медициналық персоналды менсінбеу жиі кездеседі). Бірақ біртіндеп пациенттер бұл жүйенің мәнін түсіне бастағанын, бізге сенетінін және медбикенің қабылдауына өздері жазылатынын байқап жүрмін", - дейді кейіпкеріміз.

Республикалық МСАК орталығының бас медбикесі Айжан Есбосынова да психологиялық кедергілерге тоқталды:

"Пациенттердің бір бөлігі әлі күнге дейін тек дәрігерге сенім артады, сондықтан медбикелік қабылдауға деген сенімді қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс қажет. Біз медбикелермен тұрақты түрде өзара іс-қимылды жалғастырып жатырмыз: олардың коммуникативтік дағдыларын дамытып, кәсіби құзыреттілігін нығайтып, жетілдіреміз". 

Қазақстанда қоғамның бір бөлігі, оның ішінде сарапшылар, бұл бастамаға бастапқыда сақтықпен қарады. Күмәнмен қараушыларды көбіне орта буын мамандарының білім деңгейі мен олар жіберуі мүмкін қателіктер алаңдатты.

Мысалы, жарты жыл бұрын Tengrinews осы тақырыпты көтергенде, терапевт-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Тамара Хабиева бұл жаңашылдықты былай деп түсіндірген болатын:

"Дәрігер болу үшін адам медициналық жоғары оқу орнында алты жыл оқуы, анатомия, физиология, хирургия, терапия, патологиялық физиология, гистология, микробиология және тағы басқа көптеген пәндерді игеруі тиіс. Орта персонал мұның төрттен бірін ғана оқиды. Дәрігер бакалавр болғаннан кейін ол резидентураға барады - бұл практикалық қызметті арттыру, магистратура - ғылыми қызмет, докторантура, академиялық білім және тағы басқасы. Ал медбикенің деңгейі - бұл орта білімі бар медбике және жоғары білімі бар медбике".

Медбикеге өз бетінше қабылдау үшін қандай білім қажет?

Айжан Есбосынова барлық медбике пациенттерді қабылдай алмайтынына назар аударады. Олардың медициналық білімі бакалавр деңгейінен төмен емес және тиісті жұмыс тәжірибесі болуы шарт.

Мысалы, Мөлдір Саятқызының 10 жылдық кәсіби өтілі бар. Ол Астанадағы медициналық колледжді бітіріп, учаскелік медбике болып жұмыс істеген. Кейін қосымша білім алып, Отбасылық денсаулық орталығының бөлімшесінде аға медбике атанды.

Мөлдір екінші дипломын Орынбор медицина университетінде "мейіргер ісі" бағыты бойынша академиялық бакалавриатта қорғаған, онда аға/бас медбикелер мен бөлімше меңгерушілері даярланады.

"Қазақстанда дипломымды верификациядан өткіздім, содан кейін мені Алматыға біліктілікті арттыру курстарына шақырды, онда бізге құжаттамамен, хаттамалармен жұмыс істеуді және пациенттермен сөйлесуді түсіндірді. Осыдан кейін мен жұмысқа кірістім", - деп нақтылады Мөлдір.

Қателіктерге келетін болсақ, Республикалық МСАК орталығының бас медбикесі Айжан Есбосынова бүгінде медбикелік қабылдау кезінде жіберілген мұндай жағдайлар туралы ресми ақпарат жоқ екенін айтады.

Фото: © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Ол медбикенің өз бетінше қабылдауы нақты регламенттермен реттелетінін баса айтты - бұл көбінесе динамикалық бақылаудағы созылмалы аурулары бар пациенттерге арналған.

"Медбике мейіргерлік диагноз қояды, бақылау мен алдын алу тактикасын айқындайды. Ол дәрігер тағайындаған схема бойынша рецепт жазып, дәрігердің қарауын қажет етпейтін анықтамаларды бере алады. Бұл ретте медбикелік қабылдау дәрігерді алмастырмайды: жағдайы нашарлағанда немесе қауіп-қатер  анықталғанда пациент дәрігерге жіберіледі".

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Айжан Есбосынова

Республикалық МСАК орталығының бас медбикесі

Ол жаңа модельдің арқасында денсаулық сақтау жүйесіндегі медбикелердің рөлі артып, алғашқы буын тиімдірек және халықтың қажеттіліктеріне бағдарланған болатынын айтады. Жалпы алғанда, медициналық көмек қолжетімді бола түсті. 

Біз медбикелердің өз өміріндегі өзгерістер мен олардың мотивациясы туралы сұрадық. Мөлдір Саятқызы кәсіби саладағы жаңашылдықтар оның үйреншікті өміріне немесе жалақысына еш әсер етпегенін айтты. Оның санатындағы медбикелер басында-ақ орта-техникалық білімі бар әріптестеріне қарағанда жоғары жалақы алады - орта есеппен айына 150-200 мың теңге.

"Менің басты мотивациям - медбикелер тек дәрігердің көмекшісі емес, маман екенін, олардың медициналық білімі бар екенін, хаттамаларды білетінін және көмек көрсете алатынын көрсету", - дейді кейіпкеріміз.

Дәрігерлер қолдайды ма, әлде қарсы ма?

Осыған ұқсас модель батыс елдерінде, соның ішінде АҚШ-та сәтті жұмыс істеп тұр: ол жақта бұл жүйе денсаулық сақтау шығындарын азайтуға көмектесіп, дәрігерлердің жүктемесін жеңілдетеді.

Педиатр-инфекционист дәрігер Венера Маметбакиеваның пікірінше, мейіргерлердің дербес қабылдауы, әсіресе ол триаж жүйесі (пациент жағдайының ауырлығына байланысты көмек көрсету кезегін анықтау процесі - ред. еск.) мен күнделікті қайталанатын міндеттерді орындау төңірегінде құрылса, дәрігерлерге түсетін жүктемені азайтуға қауқарлы. 

Ол шетелдік модельдерді - Ұлыбританияның мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесін (National Health Service) және АҚШ-тың ірі жеке медициналық жүйесін (Kaiser Permanente) мысалға келтіреді. Екі жүйеде де мейіргерлік қабылдаудың тиімділігі іс жүзінде дәлелденген: дәрігерлер "жеңіл" шағымдар ағынына уақыт шығындамай, клиникалық тұрғыдан күрделірек жағдайларға назар аудара алады.

Маметбакиева жүйенің қауіпсіздігі триаждың нақты хаттамаларына тікелей байланысты деп есептейді. Мысалы, Manchester Triage System үлгісі бойынша ұйымдастырылған хаттамалар.

Анықтама: Manchester Triage System (MTS) - бұл қабылдау бөлімшелерінде (әсіресе жедел жәрдемде) пациенттерді сұрыптау жүйесі. Ол дәрігерлерге адамның шұғыл көмекке қаншалықты мұқтаж екенін тез анықтауға көмектеседі.

MTS көмек көрсету кезегін диагнозға емес, жағдайдың ауырлығына қарай анықтайды. Ол пациенттерді шұғыл көмектен (қызыл түс), шұғыл емес жағдайларға (көк түс) дейін бес деңгейге бөледі және әрқайсысы үшін күту уақыты нақты белгіленген.

Шешімді мейіргер стандартты алгоритмдер мен симптомдар (ауырсыну, дене қызуы, тыныс алу және т.б.) негізінде қабылдайды. Бұл ауыр жағдайларды жеңіл түрлерінен жылдам ажыратып, дәрігерлердің жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Дегенмен, Маметбакиева мейіргерлік қабылдаудан, әсіресе Қазақстанда бұл жүйенің енді ғана енгізіліп жатқанын ескергенде, белгілі бір қауіпті де көреді. 

"Қауіп бар және айтарлықтай салмақты. Ең бастысы, қарапайым шағымның астында қауіпті патология жасырынып жатқанда, ауыр жағдайды өткізіп алу ықтималдығы. Екіншісі, шешімді кім қабылдайтыны және оған кім жауап беретіні алдын ала белгіленбесе, жауапкершілік аймағының анық болмауы. Үшіншісі, пациенттің жалпы жағдайын бағаламай, чек-лист бойынша ресми түрде қарау. Төртіншісі, педиатрияда, әсіресе біздің жағдайда, ата-аналар тарапынан сенімсіздік".

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Венера Маметбакиева

педиатр-инфекционист

"Мейіргерлердің клиникалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған міндетті оқытуға баса назар аудару керек. Сонымен қатар, дәрігерге кедергісіз, оңай әрі жылдам жүгіну мүмкіндігіне кепілдік беру қажет. Нақты заңды жауапкершілік аймағын белгілеп, сапаға тұрақты аудит жүргізу маңызды - жүйедегі ықтимал қателіктер мен кемшіліктерді жасырмай, оларды талдап, жойып отыру керек", - деп толықтырды сарапшы.

Маметбакиеваның айтуынша, ол өз пациенттерін мейіргерлерге сеніп тапсыруға дайын, бірақ жүйе дұрыс құрылған жағдайда - яғни триаж дәрігерлерден үнемдеу тәсілі емес, қауіпсіздік құралы болуы керек. Мұндай модельде медицина қызметкерлері де, пациенттер де ұтады.

Авторы: Лилия Гайсина
Дайындаған: Айнұр Қапышова

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Сәуір 2026 11:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары