Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Қазақстандық инженердің дроны АҚШ та үздік деп танылды

Қазақстандық инженердің дроны АҚШ та үздік деп танылды

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстандық инженердің дроны АҚШ-тағы ауқымды конференцияда үздік ондыққа кірді.

Өнертапқыштар, әскерилер мен кәсіпкерлер бас қосқан Defence TechConnect (Дэфэнс Тэк Каннект) жиынында Ерлан Әлімхановтың өнертабысы 200-ге жуық тың жобаның арасынан озық шықты. 360 градусқа бұрылатын вертикалды модулі бар "MegaDrone 360" сегіз түрлі бағытта қызмет ете алады.

Шығыс Қазақстанның тумасы Ерлан Әлімхановтың өнертабысы осы. Вертикалды 360 градусқа бұрылатын бөлігі бар дрон Defence АҚШ-тың қорғаныс саласындағы ауқымды конференциясында үздіктер  қатарына кірген. Қазақстанда өндірістік дизайнер болып жұмыс істеген маман 2021 жылы Американың талант визасына ие болып, ұшқышсыз құрылғыларды жобалаумен айналысқан. Ал финалист атанған MegaDrone 360 дроны екі жылдық тынымсыз еңбектің арқасында дүниеге келіп, 200-ге жуық тың жобаны басып озған.

Ерлан Әлімханов, инженер-дизайнер:

«Әрине, әлем АҚШ-ты қару-жарақ пен әскери технология саласындағы әлемдік көшбасшы деп таниды. Сондықтан бұл жетістік тек жеке мен үшін емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды нәтиже деп санаймын. Қазақстаннан шыққан инженердің АҚШ-тағы дрон әзірлеушілердің үздік ондығы қатарына енуі үлкен мәртебе. Мен бұған шын көңілден қуаныштымын. Әрі кеудемді елім үшін зор мақтаныш кернеп тұр. Бүгінгі презентацияда мен өзімді «Қазақстаннан шыққан инженер” деп, арнайы визамен келгенімді айтып таныстырдым. Американдықтар Қазақстанда да білікті инженерлер мен озық ойлы мамандардың бар екенін біле жүрсін».

Ерлан Әлімхановтың дронының тағы бір ерекшелігі модульдерінің ауысуында. Соған сай оны төтенше жағдайларда құтқару, денсаулық сақтау, өрт сөндіру, жүк тасымалы және ойын-сауық саласындағы түрлі мақсаттарда қолдануға болады. Десе де, геосаяси жағдай аумалы-төкпелі заманда Вашингтондағы сарапшылар бұйымның әскери бағытта қолданылуына зор қызығушылық танытқан.

Уильям Хюз, бизнес бойынша кеңесші:

- Бұл конференция ең алдымен қорғаныс саласындағы ауқымды жиын. Және соңғы жылдары дәл осы салада дрондардың маңызы жоғары жылдамдықта артып барады. Украина бұған мысал. Ал Ерлан Әлімхановтың дроны әскери тұрғыдан да тамаша олжа. Себебі оның 360 градуста айнала алатын қабілеті бар. Бұл майдандағы стратегияны өзгертуі мүмкін. Тек онымен шектелмей, медициналық миссияларда, құтқару шараларында, өрт сөндіру секілді көп мақсатта қолдануға болатыны өнертабысты бірегей етіп отыр.  

Қазір Калифорния штатының Фремонт қаласында жобалаумен айналысып жатқан Ерлан Әлімханов прототипті ары қарай да жетілдіріп, инвестиция тартуды ойлайды.  Тіпті дронды  алысқа тасымалдайтын төрт аяқты құрал жасауды жоспарға алған. Оның есептеуінше, осындай бір дронның құны 60 мың доллардан басталуы мүмкін. Бәсекеге қабілетті өнім жасау жолында өзге де шеберханалармен, дрон және бағдарламалау саласындағы мамандармен бірлесе еңбек етуді көздеп отыр. 

Ердана Ержанұлы, Эндрю Фанг

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 19:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары