Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қазақстандық жастар өз шыққан тегіне мақтанады және отбасыны ең жоғары құндылық деп санайды зерттеу

Қазақстандық жастар өз шыққан тегіне мақтанады және отбасыны ең жоғары құндылық деп санайды зерттеу

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бұл зерттеу аясында ұйым бүкіл әлем бойынша жастардың пікірін білдіруге мүмкіндік беретін «Next Generation» («Болашақ ұрпақ») платформасын ұсынады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мақсат – олардың үніне құлақ асып, көзқарасы, проблемалары және қоғамды өзгерту мен қалыптастырудағы рөлін түсіну.

Қазақстандағы зерттеу LSE Consulting, Орталық Азия Барометрі және жоба бойынша Консультативтік кеңес серіктестігі аясында жүзеге асырылды.

Зерттеуге 18–35 жас аралығындағы 1270 жас қазақстандық қатысты: олардың 1202-сі – репрезентативті сауалнама, ал 68-і – сұхбат пен фокус-топ форматында.

Анықтама үшін: зерттеу әдістемесі бес компоненттен тұрды:

·  Қазақстанның әлеуметтік-саяси және демографиялық контекстін талдауға арналған әдеби шолу;

· жастардың көзқарасы, басымдықтары, білімі, жұмыспен қамтылуы, азаматтық белсенділігі және жаһандық көзқарасына қатысты репрезентативті сауалнама (басқа елдерде жүргізілген «Next Generation» сауалнамасындағы сұрақтар пайдаланылды, кейбір сұрақтар Қазақстан жағдайына бейімделді);

· жас көшбасшылармен сапалық сұхбаттар – әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерге көзқарасты анықтау үшін 20 жас көшбасшымен сұхбат жүргізілді;

· Астана, Алматы және Атырау қалаларында алты фокус-топ зерттеуі өткізілді. Әр қалада екі топ болды (18–24 және 29–34 жас аралығындағы респонденттер), негізгі үш бағыт қаралды: білім мен жұмыспен қамту; жастардың дауысы, цифрлық медиа мен жаңалықтар; жаһандық көзқарас;

· қазақстандық сарапшылар мен белсенділердің қатысуымен «Тоқта және ойлан» атты екі семинар өткізілді (офлайн және онлайн форматта).

Зерттеудің негізгі бағыттары жастардың құндылықтарына, көзқарастарына және олардың қоғамға әсер ету факторларына арналды.

Біріншіден, зерттеу көрсеткендей, жастар отбасыға бағдарланған және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан өз шыққан тегіне мақтанады. Отбасы – олардың ең басты ықпал көзі (екінші орында достар мен құрдастар).

Бұл мәліметтер басқа зерттеулермен де үйлеседі: сауалнамаларға сәйкес, жастардың 80%-нан астамы үшін отбасы – басты өмірлік құндылық.

Жастар өз жетістігі мен бақытының өлшемін де көбіне отбасы мен жақын ортасының пікіріне сүйеніп анықтайды.

Екіншіден, қазақстандық жастар қоғамдағы қиындықтарды шынайы бағалай отырып, жоғары оптимизм сақтайды.

80%-дан астам респондент елдің даму бағыты мен өз болашағына сеніммен қарайды, тіпті тұрғын үй бағасының қымбаттығы мен күрделі экономикалық жағдайға қарамастан.

Әйелдер де, ерлер де өмір мен мансапқа оптимистік көзқараспен қарайды: ерлердің 86%-ы және әйелдердің 83%-ы өмір сапасына оң көзқарас танытса, 87% ер адам және 82% әйел өз кәсіби болашағына сенімді.

Зерттеу бұл буынның төзімді және бейімделгіш екенін көрсетеді. Олар қиындықтарды өсу мүмкіндігі ретінде қабылдайды. Жастар дәстүрлі құндылықтарды сақтай отырып, жеке және кәсіби дамуға көбірек мән береді. Бұл қоғамдағы дәстүр мен жаңа мүмкіндіктер арасындағы тепе-теңдікті іздеу үрдісін көрсетеді.

Үшіншіден, сандық және сапалық деректер жастардың басым бөлігі Қазақстандағы білім сапасы мен оның болашағына бейтарап немесе оң көзқараста екенін көрсетті. Жастардың 57%-ы елдегі білім беру жүйесі жақсарып келеді деп есептейді.

Ең оң көзқарас 30–35 жас аралығындағы респонденттер арасында байқалады: олардың 78%-ы білім қоғамдағы өзгерістерге серпін береді деп санайды.

Төртіншіден, жастар білімнің қоғамды жақсартудағы өзгеріс әкелуші күшіне сенеді: олардың 70%-дан астамы білім – жаһандық мәселелерді шешудің ең тиімді құралы деп есептейді.

Көпшілігі алған білімі еңбек нарығына дайындық береді деп санайды, ал табысқа жетудің басты дағдылары ретінде көшбасшылық, мәселелерді шешу және коммуникацияны атап өтеді. Қазақ және ағылшын тілдерін білу маңызды бәсекелестік артықшылық ретінде қарастырылады. 80%-дан астамы шетел тілін үйренуді қажет деп санайды, себебі бұл еңбекке орналасуға (49%), сапалы білім алуға (47%) және әлеуметтік байланыстарды кеңейтуге (47%) мүмкіндік береді.

Бесіншіден, кәсіпкерлік жастардың ерекше қызығушылығын тудырады. Барлық жас топтарының екіден үш бөлігі алдағы бес жылда өз ісін ашуға ниетті екенін білдірген.

Алтыншыдан, жастар әлемдік үрдістердің өз өміріне әсерін жақсы түсінеді. Олар Қазақстанды үш өлшемде «көпір» ретінде көреді: географиялық тұрғыдан – ірі державаларды байланыстыратын ел, дипломатиялық тұрғыдан – өңірлік сенімді делдал, ал мәдени тұрғыдан – Батыс пен Орталық Азияны байланыстырушы буын.

Жастардың ерекше мақтанышы – Қазақстанның өңірдегі ең ірі экономика және көршілес елдерге үлгі боларлық заманауи, прогрессивті мемлекет ретіндегі беделі.

Жетіншіден, экологиялық тақырып та маңызды бағыттардың бірі. Респонденттер ауа сапасы, қалдықтарды басқару және су тапшылығы мәселелеріне алаңдайды. Дегенмен, өздеріне тән оптимизммен олар бұл мәселелердің шешімін табуға дайын екендерін көрсетеді.

Сегізіншіден, азаматтық белсенділіктің жаңа түрлері қалыптасуда. Жастар әлеуметтік мәселелерді шешу үшін бастамашыл топтар құруда (мысалы, қалалық инфрақұрылым, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек).

Сонымен қатар, жаңа цифрлық белсенділік түрі пайда болды – әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық және экономикалық тақырыптарды талқылау. Бұл белсенділік әртүрлі формада көрініс табады: өнер перформанстары, блог жүргізу, карикатура, комикс, музыка жасау, сондай-ақ экологиялық акциялар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 11:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары