Қазақстанға әкелінген қызанақтан қауіпті вирус анықталды
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 15 қаңтар - Sputnik. Қазақстанға залалданған карантинге жатқызылған өнім әкелінген. Бұл факт Астана әуежайында анықталды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қауіпті вирусы бар өнім халықаралық әуежайдың фитосанитариялық бақылау бекетінде анықталды.
"Фитосанитариялық іс-шаралар нәтижесінде Кореядан әкелінген, алайда шығу тегі үндістандық қызанақ тұқымдарынан карантиндік объект — қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus) анықталды", - дейді министрлікте.
Бұл вирус ауыл шаруашылығы өндірісіне, әсіресе көкөніс шаруашылығына елеулі зиян келтіруге қабілетті аса қауіпті карантиндік объектілердің қатарына жатады және елдің фитосанитариялық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді.
Карантинге жатқызылған өнімнің иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға карантинге жатқызылған өнімді Қазақстанға әкелу кезінде карантиндік фитосанитариялық заңнама талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:70
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 00:54 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















