Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр Тоқаев

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

Израиль Бейрутқа жасалатын соққыларды күшейткісі келеді және АҚШ тың шешімін күтіп отыр БАҚ

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

Түркістанда қарбыз пісіп, алғашқы партия экспортқа шығарылды

Қарағандыда екі үндістандық студент суға батып кетті

Президент үндеуі: Қуғын сүргін құрбандарын ұмытпау ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Зеленский Еуроодақпен несие бойынша келісім туралы заң жобасына қол қойды

Путин: Ресей Украина бойынша келіссөзден ешқашан бас тартқан емес

Алматы облысында 29 жастағы ер адамның денесі табылды әріптестері күдікке ілінді

Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарында 586 жоба жүзеге асырылып жатыр

Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарында 586 жоба жүзеге асырылып жатыр

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сарапшылардың мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта арнайы экономикалық аймақтар аумағында жалпы құны 12,9 трлн теңгені құрайтын 586 жоба іске асырылу үстінде. Олар толық іске қосылған жағдайда алдағы жылдары Қазақстанда өнеркәсіптің заманауи салаларында қосымша 43 мың жұмыс орны ашылмақ.

Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар арасында көшбасшы ретінде елордалық «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын атап өтуге болады. Бұл аймақ елдегі барлық арнайы экономикалық аймақтар өндірісінің 70%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр, оның құрамына жалпы аумағы 598,1 гектарды құрайтын №1 индустриялық парк кіреді. Қазіргі уақытта инфрақұрылымның аяқталу деңгейі 87%-ды құрайды, ал оны дамытуға жұмсалған шығындар 24,8 млрд теңгеге жетті.

Аталған аймақта 88 жоба жүзеге асырылып, шамамен 10 мың жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар, іске асырылу сатысында тағы 188 жоба бар. Оның ішінде 54 жоба – өңдеу өнеркәсібіне, 134 жоба – құрылыс индустриясына тиесілі. АЭА-ға тартылған инвестициялар көлемі 693 млрд теңгеден, өндірілген өнім көлемі 103 млрд теңгеден асты.

2025 жылы «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы аумағында жалпы инвестиция көлемі 76,5 млрд теңгені құрайтын төрт жаңа өндіріс іске қосылды. Олардың қатарында бетон бұйымдарын, сэндвич-панельдерді, теміржол құрамына арналған тежегіш жастықшаларды және тозуға төзімді болат плиталарды шығаратын кәсіпорындар бар. Алдағы жоспарлар аясында жиһаз, полимер құбырлар, арнайы техника және жылу агрегаттарын шығаратын зауыттарды қоса алғанда, өңдеу өнеркәсібі саласында тағы 54 жоба жүзеге асырылмақ.

Елордадағы екінші аймақ – «Астана Технополис» арнайы экономикалық аймағы (2042 жылға дейін жұмыс істейді) – №2 индустриялық паркті қамтиды. Қазіргі таңда бұл аумақта екі кәсіпорын жұмыс істейді: медициналық бұйымдар өндірісі және көпсалалы YDA зауыты. Сонымен қатар 41 жоба іске асырылу кезеңінде. Негізгі жобалардың қатарында алюминий банкаларын, металл конструкцияларын шығару және ірі жобалау-инжинирингтік кешен құру бастамалары бар.

Арнайы экономикалық аймақтар – тек жеңілдіктер берілетін аумақтар ғана емес, сонымен қатар өзінің белгіленген басымдықтары бар бірегей индустриялық хабтар. Әрбір аймақтың өзіндік бағыты қалыптасқан, бұл мемлекетке стратегиялық салаларды нысаналы түрде дамытуға мүмкіндік береді.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы – Каспий теңізіндегі стратегиялық торап. Оның тиімділігі үш негізгі бағытқа негізделген: «Ақтау теңіз солтүстік терминалы» ЖШС арқылы транзиттік әлеуетті дамыту, «Qarmet Tubular Products Aktau» АҚ-ның болат құбырлар өндірісі және «Topan Chemical Industries» компаниясының каустикалық сода мен хлор өндіруге бағытталған ауқымды жобасы.

Алматыдағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында IT бағыты бойынша ғылыми зерттеулерден бастап жоғары технологиялық электрондық өнімдерді шығаруға дейінгі толық өндірістік цикл қалыптастырылды.

Шымкенттегі «Оңтүстік» АЭА аумағында жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірудің толық өндірістік циклі орныққан, шикізатты өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі барлық кезеңдер қамтылған. Маңызды кәсіпорындардың қатарында «Мақта-Целлюлоза» және «Бал Текстиль» бар.

Атыраудағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы – газ-химия саласының флагманы. Бұл аймақтың ерекшелігі – бір кәсіпорындардың жанама өнімдері келесі өндірістер үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Мұнда Орталық Азиядағы ең ірі интеграцияланған газ-химия кешені – «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» жұмыс істейді, ол полимерлерді терең өңдеуді дамытуға арналған шикізат базасын қалыптастырып отыр.

Павлодардағы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы – химия және алюминий өндірісінің орталығы. Негізгі кәсіпорындардың қатарында «Каустик» (хлор және сода өндірісі) және «УПНК-ПВ» (күйдірілген мұнай кокс өндірісі) бар. Сонымен қатар алюминийден дайын өнімдер шығару өндірісі дамыған.

Қарағандыдағы «Сарыарқа» АЭА аумағында шикізатты терең өңдеуге және тау-кен металлургия кешенінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған жобалар жүзеге асырылуда (ТОО «Tau-Ken Temir», «Qaragandy Power Silicon», «Steel Manufacturing», «Polymet Solutions Corporation»). Сондай-ақ ескі автокөліктерді қайта өңдеуге арналған «Qarmet Recycling» жобасы іске асырылған.

Жетісудағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы Қытай мен Еуропа арасындағы негізгі құрлықтық көпір саналады. Мұнда жүктер Қытай Халық Республикасының (ҚХР) тар табанды теміржолынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) кең табанды жүйесіне тікелей ауыстырылады. IT жүйелері тауар жеткізудегі кідірістерді барынша азайтады. Аймақ үздіксіз транзитті қамтамасыз ететін қоймалар мен терминалдары бар қуатты логистикалық хаб ретінде жұмыс істейді.

Жамбыл облысындағы «Jibek Joly» АЭА – бұл шетелдік капиталы бар жоғары технологиялық жобалар алаңы. Мысалы, жүгеріні терең өңдеу жүзеге асырылып, өнімдер Еуроодақ, Солтүстік Африка және Таяу Шығыс елдеріне экспортталады («Shengtai Biotech» ЖШС), сондай-ақ елдегі жалғыз сутегінің күшейтілген тотығын өндіретін зауытты іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Алматы облысындағы «Қорғас» ШЫХО арнайы экономикалық аймағы – сауда-логистикалық сала мен туризмді дамытудың негізгі алаңы. Мұнда сауда инфрақұрылымы дамып, Қазақстан және Қытай тараптарында бірқатар нысан құрылысы жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағы – оңтүстік өңірдің басты туристік орталығы. Әлемдік бренд саналатын қонақ үйлердің және халықаралық әуежайдың болуы бүкіл түркі жұрты үшін тартымдылық орталығын қалыптастырады.

Солтүстік Қазақстандағы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында әлемдік брендтерге тиесілі ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру жүзеге асырылуда («СТ Эсэмбли» ЖШС). Сонымен қатар «КазТехМаш» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасы мен машина жасауға қатысты өнімдер өндіру жобасын іске асырды.

Сарапшылардың пікірінше, арнайы экономикалық аймақтарды одан әрі дамыту Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтып қана қоймай, елдің экспорттық бәсекеге қабілеттілігін де айтарлықтай арттырады.

Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы еліміздегі арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтардың жұмысын үйлестіреді. Ұйымның негізгі міндеттері – аймақтардың дамуына қолдау көрсету, оларды ілгерілету және инвестициялық тартымдылығын арттыру.

-«QazIndustry» АҚ сарапшылары инвестиция тарту тиімділігін арттыру мақсатында заңнаманы және бизнес-үдерістерді жетілдіру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр, -делінген хабарламада.

Осыған дейін арнайы экономикалық аймақтарда 41 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылғаны туралы жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:66
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 14:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

31 Мамыр 2026 13:16see113

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

31 Мамыр 2026 10:39see111

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

31 Мамыр 2026 13:03see110

Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр Тоқаев

01 Маусым 2026 09:24see110

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

31 Мамыр 2026 16:50see109

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

31 Мамыр 2026 20:13see109

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

31 Мамыр 2026 12:20see108

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

31 Мамыр 2026 11:28see107

Израиль Бейрутқа жасалатын соққыларды күшейткісі келеді және АҚШ тың шешімін күтіп отыр БАҚ

01 Маусым 2026 08:44see106

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

01 Маусым 2026 11:51see105

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

01 Маусым 2026 15:28see105

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

30 Мамыр 2026 20:32see104

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

31 Мамыр 2026 21:04see103

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

31 Мамыр 2026 16:00see103

Түркістанда қарбыз пісіп, алғашқы партия экспортқа шығарылды

01 Маусым 2026 09:34see103

Қарағандыда екі үндістандық студент суға батып кетті

30 Мамыр 2026 19:06see103

Президент үндеуі: Қуғын сүргін құрбандарын ұмытпау ұрпақ алдындағы жауапкершілік

31 Мамыр 2026 10:45see102

Зеленский Еуроодақпен несие бойынша келісім туралы заң жобасына қол қойды

30 Мамыр 2026 23:25see101

Путин: Ресей Украина бойынша келіссөзден ешқашан бас тартқан емес

30 Мамыр 2026 21:48see101

Алматы облысында 29 жастағы ер адамның денесі табылды әріптестері күдікке ілінді

31 Мамыр 2026 19:33see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары