Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

ҚазҰУ да қырғыз ақыны Мелис Мамытжанұлымен шығармашылық кездесу өтті

ҚазҰУ да қырғыз ақыны Мелис Мамытжанұлымен шығармашылық кездесу өтті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасында қырғыздың талантты ақыны, жас буынның көрнекті өкілі Мелис Мамытжанұлымен әсерлі шығармашылық кездесу өтті.

Шараның ресми ашылуында журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбайұлы сөз сөйлеп, жиналғандарды ыстық ықыласпен құттықтады. Ол университет ректоры Жансейіт Қансейітұлының жылы лебізін жеткізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның рухани байланысын тереңдетудің маңызын атап өтті. «Екі елдің әдебиетін, азаматтарын таныстыру – халықтар достығын нығайтуға қосқан үлес», – деді декан.

Кездесу барысында Қанат Әуесбайұлы қырғыз ақынының өмірбаянына тоқталып өтті. Мелис Маматжанұлы 1991 жылы 14 желтоқсанда Ош облысы, Қара-Суу ауданының Жаңы-Арық ауылында дүниеге келген. 2015 жылы Ош гуманитарлық-педагогикалық институтын тәмамдаған. Ақынның «Апакемдик алмасы», «Дарексиз дүйнө» атты жыр жинақтары жарық көріп, қырғыз әдебиетінде серпін тудырған жас қаламгер ретінде танылған.

Шара барысында ҚазҰУ студенттері қырғыз ақынының өлеңдерін жатқа оқып, қонаққа ерекше құрмет көрсетті. «Жұлдызды жиек», «Қара шәйнек» секілді өлеңдерін студент қыздар тебіреніспен жеткізіп, залда жылы атмосфера орнады.

Мелис Мамытжанұлы өзі де туған ауылы, апасының алмасы жайлы бала күнгі естеліктерімен бөлісіп, осы сезімнен туған өлеңдерін оқып берді.

Кездесуде кітаптың лентасын әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдеке мен Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасынын меңгерушісі, профессор Айгүл Әмірғалиқызы салтанатты түрде кесті.

«Түйеде екі өркеш бар, оның бірі – қазақ, бірі – қырғыз» деп бастап, екі елдің туыстығын, рухани жақындығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ Мелис Мамытжанұлы шығармаларының қазақ тіліне өте сәтті аударылған», - деді  Әмірхан Меңдеке.

Шараға қатысқан «Манасшы», жыршы  Нұрсұлтан Абдикаримов Манас жырын бірнеше сағаттап жырлай алатынын жеткізіп, жиынды рухтандырды. Ол сондай-ақ марқұм әнші Ажар Түзелбекқызы орындайтын Исраил Сапарбаевтың «Сағындым сені» әнін шырқап, залды бір серпілтті.

Қазақтың белгілі ақыны, «Құрмет» орденінің иегері Алмат Исәділ де жылы тілегін білдіріп, жас ақынның шығармашылығына сәттілік тіледі.

Іс-шараның соңында қазақ пен қырғыз халқына тән достық белгісі ретінде Мелис Мамытжанұлына шапан жабылды, ал ақын өз кезегінде журналистика деканы Қанат Әуесбайұлына қырғыздың дәстүрлі айыр қалпағын сыйға тартты. Кездесу естелік суреттерге түсумен аяқталды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының 3-курс студенті Дариға Досан

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 20:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see161

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see145

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see140

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see134

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see130

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see129

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see128

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see126

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see126

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see125

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see124

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see121

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see120

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see115

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see111

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары