Қорғансыздар : ASTANA TV телеарнасында жаңа түрік телехикаясының тұсаукесері
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Телехикая ата-анасынан айырылған алты ағайындының алып шаһардағы күреске толы өмірін суреттейді. Негізгі оқиға Ыстамбұлдың қатыгез көшелерінде өрбиді. Мұнда балалар әр тараптан төнген қауіп-қатермен бетпе-бет келеді: далада қалудың қиындықтары, жергілікті басшылық тарапынан түскен қысым, қылмыстық топтардың қудалауы сияқты жығылғанға жұдырық болған шытырман оқиғалар бірінен соң бірі жалғасып жатады.
Осындай сынақтарды бастан кешкен бауырлардың үлкені – Азизе іні-қарындастарына нағыз тірек әрі қорғаушыға айналады. Ата-ананың орнын басып, бауырларын барлық қиындықтан алып шығуға барын салады.
Ата-анасы Рыфат пен Балу ормандағы үйлерінде қарақшылар қолынан мерт болған еді. Балалар аман қалу үшін жан сауғалап, қылмыскерлерден қашып үлгереді. Осылайша, бір сәтте жетім қалған Зелиха, Джемо, Фидан, Самет, Балым мен Азизе тағдырдың сынына төтеп бере ме?
Мейірімге мұқтаж жүректер мен жетімдердің жан айқайы. Жүректі тербейтін жаңа телехикая ешкімді бейжай қалдыра қоймас.
24 қарашадан бастап күн сайын сағат 22.10-да ASTANA TV телеарнасынан «Қорғансыздар» драмасын тамашалаңыздар!
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:69
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 14:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















