Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жасанды интеллектіні дамыту мәселелері бойынша сарапшылар кездесуі өтті

Чехия премьер министрі: Қазақстан энергетика саласында аса үлкен орны бар ел

Қазақстан бойынша бірқатар өңірлерде қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасалды

Ролан Гаррос турниріне Қазақстаннан кімдер қатысады

Алматыда медициналық жабдықты пайдалану кезінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды

“Сөз таңдаңыз“ Мәжіліс спикері депутатқа ескерту жасады

Германияда құтқарылған өркешті кит Тимми жаңа мекенге жол тартты

Астанада салмағы ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

Instagram дағы табысты бизнес бейне және Перизат Қайратпен байланысы. Мөлдір Сүйіншәлі туралы не белгілі?

Қазақстанда жануарларды сатып алу және сату механизмі өзгереді

Қазақстанда агроөндірістің жаңа моделі: фермерлер жасымық жеткізуге келісті

Қазақстанда вебкам порностудиялары мен бала сатумен айналысқан қылмыскерлер ұсталды

Елордада биыл қандай көшелер салынатыны белгілі болды

KEDEN ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды

Сенат жануарлар туралы резонансты заңды Мәжіліске қайтарды

Конституция елдіктің еңселі тірегі

Трампқа Иранға қарсы әскери әрекеттердің жаңа нұсқалары ұсынылады

2022 жылдан бастап оқуға түскен медицина мамандары жаңа жүйе бойынша жұмыс істейді

Абай төсегін жинамаған . Ақын туралы пікір айтқан блогер сынға ұшырады

ЕАЭО ға әкелінген жүк ұшақтары кедендік баж салығынан 12 жылға босатылады

Қостанайда Міржақып өмірі мен өнегелі мұрасы атты республикалық ғылыми конференция өтті

Қостанайда Міржақып өмірі мен өнегелі мұрасы атты республикалық ғылыми конференция өтті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігі ұйымдастырған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, алаштанушы ғалым, академик, «Қазақ газеттерінің» бас директоры Дихан Қамзабекұлы, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, өңір зиялылары, облыстық дін істері басқармасының өкілдері, діни қызметкерлер қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Көпшілікке берер таным-тағылымы мол айтулы іс-шараның  кіріспе бөлімінде Алаш ардақтысының рухына арнайы құран бағышталды.  Жиын басында көпшілікке құттықтау сөз арнаған облыс әкімінің орынбасары өңірде Міржақыптың рухани мұрасын танып-білу бағытында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлт зиялыларының асыл арманы – тәуелсіздік еді. Біз сол арманның орындалған дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Енді олардың аманатына адал болу – басты міндетіміз» деген болатын. Бұл сөз біздің әрбір ісіміздің, әрбір бастамамыздың темірқазығы болуы тиіс. Міржақыптың рухани мұрасын насихаттау – тарихты таныту ғана емес, саналы азамат қалыптастыруға бағытталған үлкен жұмыс», деді Бақытжан Хаберұлы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, тағдыршешті кезеңде ұлтқа қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен арыстарымыздың қатарында Міржақып Дулатұлының есімі ерекше ілтипатпен аталады. 

«Расында, Міржақып Дулатұлы – қазақ халқының рухани жаңғыруына, ғылым мен мәдениеттің дамуына, ұлттық сана мен мемлекетшілдіктің қалыптасуына қызмет еткен көрнекті тұлға. «Оян, қазақ!» деп ұран тастап, елін білімге, өркениетке, еркіндікке үндеуі аса маңызды дүние деп санаймыз. Алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашқан Міржақып тек саяси күрескер ғана емес, терең иман иесі, халқын дін мен дәстүр аясында тәрбиелеуді мақсат еткен ағартушы еді. оның шығармаларында адамгершілік, әділдік, отансүйгіштік секілді исламның басты құндылықтары кеңінен қамтылған. Алаш аяулысы дін үшін, халық үшін бейнет көрді. Қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да міржақып бабамыз айтқан бағытты бекем ұстап, елге, дінге қызмет етіп келеді. Міржақып атамыз «Қазақ газетіне» жариялаған мақалаларының бірінде: «Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма? Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс. Ұл, қыз демей, баланы оқыт, қазақ. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Қандай адам жақсы кісі болмақ керек? Сондай адам жақсы – кімде-кім жетім-жесір, кәріп-қартаң, қысылған-қымтырылғандарға жақсылық қылып, оларды қуантып қойса..» дейді. Өздеріңіз жақсы білесіздер, дін де мұсылман баласының қайырымды болуын, мұқтажға көмектесуін, әділ болуды бұйырады. Міржақып қазақтың асқақ арманы мен мұң-мұқтажын терең түсініп, ел мүддесіне қалтқысыз қызмет етті. Жұрттың сана-сезімін жаңғырту жолында еңбек етіп, жасампаз рухтың жаршысы болды. Адамзатқа ортақ құндылықтарды кеңінен дәріптеп, жастарды өнер мен білімге үндеді, сондай-ақ әдебиетіміздің жаңа деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді», деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Алқалы жиынның ғылыми мәнін тереңдетіп, танымдық өрісін кеңейте түскен академик Дихан Қамзабекұлы «Міржақыптанудың мәдени ақпараттық мұраты» тақырыбында кеңінен толғап, көпшілікке жалпы алаш зиялыларының, Міржақыптың ұлтқа сіңірген қызметін айшықтап, алаш ардақтысының діни көзқарасы жайындағы ойларын тұжырымдап берді.

«Біз бүгінгі ұрпаққа Міржақыптың «Оян, қазақ!» деген үндеуін, ойын қалай жеткізер едік? Әрине, ұлт пен елдік бірінші кезекте тұрады. Қазіргі қоғамда түрлі күрделі жағдай бар, қуанатын жағдайлар да аз емес. Біз сол күрделі мәселені кезең-кезеңімен шешуіміз керек. Міржақып та өз заманының алдында тұрған мәселені кезең-кезеңімен шешті. Әлиханша айтсақ, заман  әр буынның мойнына бір жүкті артады. Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс. Біз, өкінішке қарай, сол жүкті белгілі орынға апарып қоймаймыз. Кейінгі буынның иығына тастап кетеміз. Біздің кемшілігіміз – осында. Бұл кемшілік жинала келе күрделі жағдайға айналады. Сондықтан біз бүгінгі конференция арқылы да өңірдегі, елдегі мәселелерге кішкентай болса да қолғабыс тигізсек, соны шешсек игі», деді Дихан Қамзабекұлы.

Ғалым аталған жиынды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өткізіп отырғанын атап өтіп, одан әрі Міржақыптың дінге сіңірген еңбегі төңірегінде ой өрбітті.  

«Әрине, өткен ғасырдың басы – ұлт алдында біз боламыз ба, болсақ, кіммен бірге боламыз деген тағдыршешті таңдау тұрған аса күрделі кезең. Өздеріңіз білесіздер, ол заманда түрік мұсылмандарының саны 20 млн екен. Осы 20 млн адамды біріктіретін идеялар, тұлғалар қажет болды. Олар – Ысмайыл Ғаспыралы, Ыбырай, Ахмет, Міржақып сынды тұлғалар. Біз Ахметті, Міржақыпты айтқан кезде Ыбырайды айтпай тұра алмаймыз. Ыбырай – олардың үлкен ұстазы.  Кезінде Ташкентте «Талап» деген ұйым болған. «Талапта» Алаш зиялыларының бәрі қазақ тарихын қалай жазамыз, рухани-мәдени мұраны қалай зерттейміз деген мәселе көтеріліп, осы төңіректе бірталай талқылаулар болған. Бүгінде біраз тұлғаларды тарихтан сызып тастайық, бізге қажет емес деп жүрген большевиктер сияқты азаматтарымыз бар. Олар ақты – ақ, қараны – қара дейді. Мұның бәрін сол заманның өзіне түсіп, сол заманның контексінде қарай алмасақ, біз көп қателікке ұрынамыз. Біз, бірінші, сол заманда өмір сүріп көрейік. Мәселен, осы өңірдегі Мангелді, Әліби Жангелдин, Ахмет, Міржақыптарға қалай қараймыз? Қалай іріктеп аламыз? Қазір зиялылар бөл жөнінде әр түрлі айтып жүр. Кезінде Ахмет заманында Ыбырай Алтынсаринді кемеден лақтырайық деген азаматтар болды. Бұл жөніндегі ұстаным былай –  «Егер Ахмет Ыбырай заманында өмір сүрсе, Ыбырайдай болар еді, Ыбырай Ахмет заманында өмір сүрсе, Ахметтей болар еді». Бұл – 1922-23 жылдары айтылған ой. Осы ұстаным біз үшін аксиома болу керек. Әрине, большевизмді біз сұрап алған жоқпыз. Өзі келді. Қазір саясатта жүрген бауырларымыз жақсы біледі, Мағжан «саясат – ағаш ат» дейді. Ол өте күрделі, өте нәзік дүние. Ірі тұлғаны үлкен саяси партиялар өзіне тартқысы келеді. Сол арқылы өз идеясын ілгерілеткісі келеді. Сондықтан 20 ғасырдың басында Әлихандардың өзі марксизм сол замандағы ірі, әлеуметтік сипаттағы ағартушы идея ретінде қараған.  Сол кезеңде Алаш зиялыларының көбі коммунистік партияға өтті. Тіпті, 1918 жылы Омбы сапарында Әлихан жастарға «Қазір араласпағандарың мына партияға өтіп алыңдар. Жаңа өкіметке қызмет етіңдер. Ұлтты сақтап қалудың жолы – осы» деді. 1923 жылы Қостанайдың азаматы арқылы жазылған кішкентай хат бар. «Егер кітап жазбасақ, газет-журналға мақала жазбасақ, алашқа қызмет ететін өзге жол бөгелді ғой. Саясатта біз жоқпыз. Кез келген кезеңде халықты ертудің құралы – саясат. Яғни, бізді шегеріп тастады. Сендер алға шығыңдар» дейді. Демек, Әлібидің де, Амангелдінің де тарихи қызметін осы аяда қарауымыз керек», деді академик ғалым.

Жиын соңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай ұйымдастырылған «Бақытсыз Жамал: тағдыр және таным» тақырыбында жарияланған эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Конференциядан кейін көпшілік Торғай музейлер кешені әкелген көшпелі көрмені тамашалады.

Қостанай облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 20:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жасанды интеллектіні дамыту мәселелері бойынша сарапшылар кездесуі өтті

30 Сәуір 2026 02:43see120

Чехия премьер министрі: Қазақстан энергетика саласында аса үлкен орны бар ел

29 Сәуір 2026 19:43see114

Қазақстан бойынша бірқатар өңірлерде қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасалды

29 Сәуір 2026 21:26see113

Ролан Гаррос турниріне Қазақстаннан кімдер қатысады

29 Сәуір 2026 23:40see112

Алматыда медициналық жабдықты пайдалану кезінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды

30 Сәуір 2026 02:42see112

“Сөз таңдаңыз“ Мәжіліс спикері депутатқа ескерту жасады

29 Сәуір 2026 18:51see111

Германияда құтқарылған өркешті кит Тимми жаңа мекенге жол тартты

29 Сәуір 2026 23:09see111

Астанада салмағы ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

29 Сәуір 2026 19:44see111

Instagram дағы табысты бизнес бейне және Перизат Қайратпен байланысы. Мөлдір Сүйіншәлі туралы не белгілі?

29 Сәуір 2026 18:52see110

Қазақстанда жануарларды сатып алу және сату механизмі өзгереді

30 Сәуір 2026 10:49see110

Қазақстанда агроөндірістің жаңа моделі: фермерлер жасымық жеткізуге келісті

30 Сәуір 2026 12:04see110

Қазақстанда вебкам порностудиялары мен бала сатумен айналысқан қылмыскерлер ұсталды

29 Сәуір 2026 22:38see109

Елордада биыл қандай көшелер салынатыны белгілі болды

29 Сәуір 2026 23:09see109

KEDEN ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды

29 Сәуір 2026 10:54see109

Сенат жануарлар туралы резонансты заңды Мәжіліске қайтарды

30 Сәуір 2026 10:56see109

Конституция елдіктің еңселі тірегі

30 Сәуір 2026 06:45see108

Трампқа Иранға қарсы әскери әрекеттердің жаңа нұсқалары ұсынылады

30 Сәуір 2026 19:00see108

2022 жылдан бастап оқуға түскен медицина мамандары жаңа жүйе бойынша жұмыс істейді

30 Сәуір 2026 19:26see108

Абай төсегін жинамаған . Ақын туралы пікір айтқан блогер сынға ұшырады

29 Сәуір 2026 10:54see107

ЕАЭО ға әкелінген жүк ұшақтары кедендік баж салығынан 12 жылға босатылады

29 Сәуір 2026 08:26see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары