Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

ҚР энергетика министрі: Жаңа компрессорлар мен МӨЗ дер елдің мұнай өндірісін арттырады

ҚР энергетика министрі: Жаңа компрессорлар мен МӨЗ дер елдің мұнай өндірісін арттырады

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында отын-энергетика кешенінің ағымдағы жай-күйі туралы баяндады. 

Оның айтуынша, 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 19,7 млн.тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80,2%-ды құрағанын атап өтті. 

Қарашығанақта мұнай өндіруді жылына 10-11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру үшін шикі газды кері айдайтын 6-шы компрессорды іске қосу жұмыстары жалғасуда. Ірі жер қойнауын пайдаланушылармен мұнай өндіруді ұлғайту жөніндегі шаралар туралы келіссөздер жүргізілуде. 3 айдағы мұнай экспорты 15,3 млн тоннаны немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78,5%-ды құрады. 2026 жылға болжам – 76 млн тонна. 

Министр сондай-ақ жыл басынан бері 13,6 млрд текше метр газ немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 84,9% өндірілгенін айтты. 2026 жылға болжам – 62,7 млрд текше метр.

«Газ саласының ұзақ мерзімді ресурстық базасын нығайту және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп 2035 жылға дейін елімізде көмірсутектердің жаңа перспективалы кен орындарын игеру жоспарын жүзеге асыруда, оған сәйкес осы жылдың соңына дейін Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр болатын МӨЗ құрылысын аяқтау жоспарланып отыр», — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында 2026 жылдың үш айындағы мұнай және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі туралы баяндады. Есепті кезеңде мұнай өнімдерін өндіру көлемі 3,67 млн тоннаны немесе 2025 жылғы фактімен салыстырғанда 98,9%-ды құрады. 2026 жылға болжам – 15,5 млн тонна.

«Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы бойынша қуаттылығы 10 млн тонна болатын жаңа МӨЗ салу жобасын жедел жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдануда»,— деді Ерлан Ақкенженов. 

Ведомствоның мәліметінше, ПМХЗ-ны 5,5-тен 9 млн тоннаға дейін, ПКОП-ты 6-дан 12 млн тоннаға дейін, АМӨЗ-ді 5,5-тен 6,7 млн тоннаға дейін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың бірінші тоқсанында мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 134 мың тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86,1%-ды құрады. Министрлік «ҚазМұнайГаз» АҚ және КРІ-мен бірлесіп биыл полипропилен өндірісінің көлемін 450 мың тоннаға дейін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізуде. 2026 жылға болжам – 580 мың тонна. 

Бүгін, 12:10

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Сәуір 2026 13:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары