Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Янцзы – Қытайдағы ең ұзын және әлемдегі үшінші ең ұзын өзен.

Осы жылдың наурыз айының соңында қытайлық «Линханхао» атты тоннель қазу кешені өз жұмысын сәтті аяқтады. Бұл жабдық жоғары жылдамдықты теміржолдарға арналған әлемдегі ең ірі диаметрлі (15,4 метр) тоннель қазу техникасы.

Тоннель Шанхай қаласының Чунмин ауданы мен Цзянсу провинциясындағы Тайцан қаласын байланыстырады. Оның жалпы ұзындығы 14,25 км, соның ішінде Янцзы өзенінің астымен өтетін бөлігі 11,18 км.

Бұл жоба Шанхай–Нанкин бағытындағы Шанхай–Чунцин–Чэнду жоғары жылдамдықты теміржол магистралінің маңызды бөлігі. Ол Қытайдың солтүстік-оңтүстік бағыттағы сегіз және шығыс-батыс бағыттағы сегіз жоғары жылдамдықты желіден тұратын ұлттық теміржол жүйесінің бір бөлігіне айналады.

Қазіргі таңда бұл жоба әлемдік деңгейдегі ең ірі суасты жоғары жылдамдықты теміржол тоннелі болып есептеледі. Ол құрылыс стандарттарының өте жоғары болуы және қазу ұзындығының ауқымдылығы жалпы масштабының үлкендігімен ерекшеленеді.

«Линханхао» тоннель қазу кешені 2024 жылдың сәуір айының соңында іске қосылған. 23 айға созылған қазу жұмыстары нәтижесінде Тайцан қаласына дейінгі жол аяқталды.

Тоннель пайдалануға берілгеннен кейін жоғары жылдамдықты пойыздар Янцзы өзенін су астымен сағатына 350 км жылдамдықпен, жылдамдықты төмендетпей кесіп өтетін болады.

Соңғы жылдары Қытай жоғары жылдамдықты теміржол желісін қарқынды түрде дамытып келеді.

2025 жылғы 26 желтоқсанда Шэньси провинциясындағы Сиань мен Яньань қалаларын байланыстыратын жоғары жылдамдықты теміржол іске қосылғаннан кейін, елдегі осы санаттағы теміржолдардың жалпы ұзындығы 50 мың шақырымнан асып, Қытай осы салада жаңа деңгейге шықты.

Қытайдағы алғашқы жоғары жылдамдықты теміржол 2008 жылы іске қосылып, Пекин мен Тяньцзинь қалаларын байланыстырған болатын. Қытай теміржол корпорациясының мәліметінше, қазіргі таңда бұл желі 500 мыңнан астам халқы бар қалалық аймақтардың 97 пайызын қамтиды. Пайдалануға берілген жоғары жылдамдықты теміржолдардың жалпы ұзындығы бойынша Қытай әлемде бірінші орында тұр және бұл көрсеткіш басқа барлық елдің жиынтық ұзындығынан да көп.

Қытай теміржол экономикасы және жоспарлау институтының сарапшысы Юй Цзяньнің айтуынша, кең ауқымды жоғары жылдамдықты теміржол желісі 500 км қашықтықтағы қалалар арасында 1–2 сағаттық сапарды, 1000 км қашықтықтағы ірі қалалар арасында 4 сағаттық қатынасты және 2000 км-ден астам қашықтықты бір күн ішінде жүріп өтуді қамтамасыз етеді.

Қытай теміржол корпорациясының мәліметі бойынша, ел 2030 жылға қарай жоғары жылдамдықты теміржолдардың ұзындығын 60 мың км-ге, ал 2035 жылға қарай 70 мың км-ге жеткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар Қытай болашақта аймақтар арасындағы жол уақытын одан әрі қысқарту үшін жаңа буын жоғары жылдамдықты пойыздарды сынақтан өткізіп жатыр.

Фото: Синьхуа

2024 жылдың желтоқсанында Пекинде әлемдегі ең жылдам CR450 пойызының прототипі таныстырылды. Ол сағатына 400 км жылдамдықпен қозғала алады. Бұл жаңа модель қазіргі CR400 пойыздарынан едәуір жылдам.

CR450 сынақ барысында кейбір бағыттарда сағатына 453 км жылдамдыққа дейін жеткен.

Осылайша Қытай сағатына 400 км жылдамдықтағы пойыздарға арналған әлемдегі алғашқы жүйені қалыптастырып, жоғары жылдамдықты теміржол саласындағы жетекші орнын нығайтты.

Қытай теміржол ғылым академиясының бас инженері Чжао Хунвэйдің айтуынша, CR450 коммерциялық пайдалануға берілмес бұрын 600 мың км сынақ жолын өтуі керек. Бұл Жер шарын 15 рет айналып шығумен тең.

Қазіргі таңда пойыз оның жартысын, яғни 300 мың км жүріп өтті.

CR450 прототипінен бөлек, Қытай магниттік левитация (маглев) технологиясын дамытуға да ерекше көңіл бөліп отыр.

Өткен жылдың шілдесінде Бейжіңде өткен жоғары жылдамдықты теміржолдардың 12-ші әлемдік конгресінде асқын өткізгіш электрлік маглев пойызы таныстырылды. Ол магниттік өріс арқылы ауада қалқып қозғалып, сағатына 600 км жылдамдыққа дейін жете алады.

CRRC Changchun Railway Vehicles Co., Ltd. компаниясының зерттеушісі Юй Цинсунның айтуынша, бұл технология жоғары жылдамдықты пойыздар мен ұшақтар арасындағы жылдамдық алшақтығын азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетелік Оңтүстік Корея әлемдегі ең жылдам пойыз жобасын әзірлеп жатқаны туралы жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 03:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see153

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see151

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see149

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see141

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see136

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see135

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see131

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see126

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see124

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see124

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see124

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see123

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see123

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see121

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see120

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see120

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see119

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see119

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары