Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Қытайдың мықтылығы осыдан көрінеді, әлеуеті осындай еңбекпен күшеюде. Америка бұндай елді жеңе алмас...

Қытайдың мықтылығы осыдан көрінеді, әлеуеті осындай еңбекпен күшеюде. Америка бұндай елді жеңе алмас...

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

CNBC телеарнасының хабарламасына сүйенген Aikyn.kz стратегиялық маңызды материалдардың экспортына Қытай неге шектеу салғанын түсіндіреді.

Қытайлық жұмысшының сирек кездесетін металл өндірісіндегі ауыр еңбегі. Америка бұндай елді жеңе алмас... Фото Reuters сайтынан алынды. Авторлығы: Stringer

Сирек кездесетін металдар бүгінде жаһандық технологияның өзегіне айналды. Олар смартфондардан бастап электр көліктері мен баллистикалық зымырандарға дейін, барлық заманауи электрондық құрылғыларда қолданылады.

Бейсенбі күні (9 қазан) Қытай үкіметі осы стратегиялық маңызды материалдардың экспортын қатаңдату туралы шешім қабылдады. Осылайша жаһандық технологиялық жеткізу тізбегіндегі өзінің үстемдігін көрсетті.

Жаңа ережелерге сәйкес, енді компаниялар Қытайдан шыққан сирек металдар бар кез келген өнімді экспорттау үшін үкіметтен арнайы лицензия алуы тиіс. Сонымен қатар, шетелдік әскерилермен байланысы бар немесе экспорттық бақылау мен санкциялық тізімдерге енгізілген ұйымдарға мұндай рұқсат берілмейді.

Қытайдың үлесіне бүгінде әлемдік сирек металл өндірісінің 70%-ы тиесілі. Билік бұл ресурстарды сауда келіссөздеріндегі басты құрал ретінде пайдаланып келеді.

Сирек кездесетін жер металдарын америкалық компаниялар Қытайда ғана өңдейді. Фото scientificamerican.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images / Jie Zhao

Оңтүстік Кореяда өтетін Дональд Трамп пен Си Цзиньпиннің алдағы кездесуі қарсаңында Бейжің экспорттық бақылауды күшейтіп, әлемге технологиялық бәсекеде көш бастап тұрғаны туралы саяси сигнал жіберіп отыр.

Қытай сирек кездесетін металдар мен онымен байланысты технологиялардың экспортын қатаң шектеп қана қоймай, өз азаматтарына шетелде пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсатсыз қатысуға тыйым салды. Бұл шешім АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің мүмкін болатын кездесуінен бар болғаны бірнеше апта бұрын қабылданды.

Осы мәлімдемеден кейін АҚШ-тағы сирек металдар мен стратегиялық минерал өндіретін компаниялардың акциялары күрт қымбаттаған. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай Трамп әкімшілігінің ішкі өндіріс пен өңдеу инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық саясатын жеделдетуі тиіс.

Қытайдың үлесіне бүгінде әлемдік сирек металл өндірісінің 70%-ы тиесілі. coe.northeastern.ed сайтынан алынды. Авторлығы: Institute for the Analysis of Global Security / Infographic by Greg Grinnell

Қытайдың сирек кездесетін металдарға экспорттық шектеу қоюы Қазақ елі үшін екі жаңа мүмкіндік туғызады. Бір жағынан, бұл қазақ жерінде сирек кездесетін металл өндірісін кеңейтуге және әлемдік нарықта үлесін арттыруға мол мүмкіндік ашады. Себебі елімізде олардың мол минералдық қоры бар. Екінші жағынан, өңдеу инфрақұрылымының жеткіліксіздігі экспорттық әлеуетті толық пайдалануға кедергі келтіреді. Бұл жағдай үкіметті еліміздегі қайта өңдеу мен технологиялық өндіріс секторларын дамытуға мәжбүрлеуі тиіс.

Сонымен қатар, геосаяси тұрғыда Қазақ елі Қытай мен Батыс арасындағы транзиттік көпірге айналып, өз экономикалық және дипломатиялық салмағын да арттыра алады.

Президентіміз кәсіби дипломат болғандықтан халықаралық қатынастарда есемізді жібере қоймаспыз. Ал, ішкі экономикада мол әлеуетіміз бола тұрса да, халықты арзан азық-түлікпен, арзан энергиямен қамтамасыз ете алмай отырған үкіметімізден үміт күтуге болар ма екен?!

Қытайдың мықтылығы өз экономикалық мүддесін табанды қорғауынан көрінеді, ал зор әлеуеті қолында барды барынша тиімді пайдаланумен жасалады. Үлгі боларлық қасиет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 10:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары