Ресейде қазақ тілді үш мектеп қашан салынады
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Премьер-министр орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ресейде үш мектепті салу жұмыстары қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресейдің үш облысында қазақ тілінде сабақ беретін мектептерді ашу мәселесі екі жыл бұрын талқыланған болатын. Вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, қазіргі кезде Орынбор облысында салынатын мектептің жері анықталды. Ал Омбы мен Астрахан облыстарында бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ.
"Бәрін келісіп алғаннан кейін біз тиісті құжаттарға қол қоямыз. Ол жақта аралас мектептер болады, қазақ және орыс тілінде сабақ беріледі. Жақын арада іске асырамыз", - деді Жұманғарин Еуразиялық экономикалық форум алаңында журналистерге берген сұхбатында.
Қазақстанда Ресейдің қатысуымен салынатын үш мектепте де екі тілде білім беріледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:85
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Мамыр 2026 12:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















