Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

РФ Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ресей шекарасындағы жағдайға түсінік берді

РФ Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ресей шекарасындағы жағдайға түсінік берді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Соңғы уақытта БАҚ-та Ресей мен Қазақстан шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болғаны туралы ақпарат тарады. Кейбір деректерге сенсек, Қытайдан Қазақстан мен Қырғызстан арқылы өткен 7 мыңға жуық жүк көлігі, шамамен 77 мың тонна жүкпен, Ресей шекарасында бір айдан бері тұр.

Дәл осы мәселеге қатысты  вице-премьер — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 9 қазан күні мемлекеттік органдар, Шекара қызметі, Сыртқы істер министрлігі, ІІМ Көші-қон қызметі комитеті басшыларының, шекара маңы өңірлері әкімдері орынбасарларының және Парламент Мәжілісі депутатының қатысуымен жедел кеңес өткізген болатын. 

Онда Ресей Федерациясына кіру кезіндегі өткізу пункттерінде жүк көліктерінің тұрып қалуы мен Ресей Федерациясының көші-қон заңнамасының жаңа нормаларының қолданылуына байланысты жүргізушілердің шағымы қаралды.

Ал Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова:

— Қазақстан — біздің стратегиялық әріптесіміз және Орталық Азиядағы басты одақтасымыз. Біздің елдер арасындағы шекара — әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара. Сондықтан екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі — қауіпсіз және сенімді жүк транзитін қамтамасыз ететін бірыңғай еуразиялық көлік-логистикалық инфрақұрылым құру, — деді.

Оның айтуынша, тараптар трансшекаралық инфрақұрылымды жақсартуға, оның ішінде өткізу пункттерін жаңғырту мен жетілдіруге ерекше көңіл бөледі.

— Осы жағдайда Ресей Сыртқы істер министрлігі екі ел шекарасындағы өткізу жүйесінің жұмысына қатысты кез келген қиындық туралы ақпаратты мұқият қадағалап, дипломатиялық арналар арқылы жедел әрекет етеді. Біздегі мәлімет бойынша, жүк көліктерінің басым бөлігі Қазақстан аумағындағы халықаралық өткізу бекеттеріне жақын тұрақтарда тұр және жүк жөнелтуші компаниялардың «арнайы нұсқауларын» күтіп, шекараны кесіп өтпей отыр. Кейбіреулер Ресейдің Кеден қызметі мобильді топтарының тексерістерін күшейтті деп айтып жүр. Алайда біздің кеден органдарының барлық іс-шаралары қатаң регламентке сай жүргізіліп, тек Ресей Федерациясының экономикалық мүдделерін, азаматтардың өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ елге әкелінетін тауарлар тұтынушыларының құқықтарын қорғауға бағытталған. Біз адал сыртқы экономикалық қатысушылар үшін өзара сауда аясында жүк қозғалысына ешқандай кедергі жоқ екенін растай аламыз, — деді Захарова.

Бұған дейін Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу бекеттерінде көліктер жиналып қалғанын жазған едік.

Артынша бұл мәселеге қатысты Қазақстанның Көлік министрлігі де шекарада жүк көліктерінің жиналып қалуына қатысты түсініктеме берген болатын. Ведомство мәліметінше, кезектер мен кідірістер Ресей тарапының бақылау шараларын қатаңдатуымен байланысты: жүктің тексеру рәсімдері күшейтілген, көліктерді қарау уақыты ұзартылған, сондай-ақ құжаттарды және санитарлық, фитосанитарлық талаптардың сақталуын тексеру күшейтілген.

Сонымен қатар Ресейдің Кеден қызметінің ресми ақпаратына сай, өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, ал бақылау пункттерінде тығын немесе тоқтап қалған көлік тіркелмеген.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 21:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары