Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

7 күнге арналған ауа райы болжамы: Астанада осы апта жауын шашынды болмақ

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

Атырауда зооқорғаушылар акциясы өтті

Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады

ҰҚК ірі есірткі зертханасының қызметін тоқтатты

Әл Фарабидегі жол апаты: Сотталушы мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін

Тұрмысқа қажетті қарапайым жағдай жасалмаған: Тоқаев Алматы облысының инфрақұрылымы үшін шенеуніктерді сынға алды

Енді қауіпті өндіріс орындары мен шахталарды жасанды интеллект бақылайды

Атырау Арена : 1500 орындық спорт кешені салынуда

Субұрқақта шомылудың денсаулыққа қандай зияны бар?

Қазақстанның ақылы жолдарында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаудың 2 000 ға жуық жағдайы анықталды

Ұрпақ қауіпсіздігі басты назарда

​Көкшетауда әлеуметтік үйлерді салуға бөлінген миллиардтар жымқырылған: Күдікті қамауға алынды

Шамдар жанбайды Астана аудандарындағы жарықтандыруда не болып жатыр

Кредитім бар : министр Ертаев отбасына қанша ақша жұмсайтынын айтты

ҰҚК қызметкерлері Қостанай әкімдігінде тінту жүргізді бөлім басшысы ұсталды

Нұргүл Молдабайқызы: Психология тілі мен тарих тілі әлі толық түйіскен жоқ

Президент: Alatau City құрылысында отандық өнімге басымдық берілуі керек

Баку Тбилиси Карс теміржолы ашылды

Экс депутатқа косметикалық ота жасаған клиникадан заңбұзушылықтар анықталды

Ринат Зайыт: Ұстаз ұлықталмай, ұлттың өсуі қиын

Ринат Зайыт: Ұстаз ұлықталмай, ұлттың өсуі қиын

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

– Ринат Рифхатұлы, әңгіме­­міз­дің басын биылғы Жаңа Конс­­титуцияның жаңалық­тары­нан бастасақ...

– Конституциялық реформалар – уақыттың сынынан туын­даған қадам. Негізгі заң да, өз­ге құқықтық нормалар да қо­ғамның даму үрдісіне қарай үнемі бейімделіп, жаңғырып отырады. Мемлекет басшысы ел дамуының жаңа кезеңіне айқын әрі ауқымды міндеттер белгілеп берді. Бүгінде жаһандық геосаяси ахуал шиеленісіп, айналамыздағы елдердің құрылымы күрт құбылып жатқан алмағайып заманда Президентке стратегиялық шешімдер қабылдауға толық мүмкіндік беруге тиіспіз. Себебі ол – осы жасампаз бағыттың баста­уында тұрған, бұл жолдың қайда апарарын білетін тұлға.

Жақында Түркия Президенті еліміздегі негізгі заңның өзгеруіне қарап, Анадолы түріктері де конституциясын жаңғырту қажет екенін аңғартты. Алда түркі халық­тары мекендеген елдердің бәрінде осындай өзгерістер болуы мүмкін.

Ал қазіргі конституциялық өзгеріс­тердегі көңіліме қона­тын бас­ты мәселе – тарихи ор­нымыздың айқындалуы. Негізгі заңның преамбуласында Алтын Орда мемлекеті мен Түркі қағанатының заңды мұрагері екеніміз белгіленді. Мұның өзі – оң өзгеріс деуге тұрарлық дүние. Жаңа Конституцияда  Мемлекет басшысы бір-ақ  мерзім­ге, 7 жылға сайланады. Соны­мен қатар Президенттің жақын туыс­тарының мемлекеттік лауазым иеленуіне тыйым салынды. Біле білген адамға бұл – үлкен өзгеріс, демократиялық құндылықтарды құрметтеудің көрінісі.

Сондай-ақ  жерасты байлық­тары­­ның 51 пайызы мемлекет меншігінде қалуы да көңілден шықты. Бұл заңды Мәжілісте әзір­леп, кейін Ата заңда бекіттік. Мұның игілігін ертеңгі ұрпақ көреді.

– Биыл Мәжілістің құрыл­ғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында бұл инс­титут қандай белестен өтті? «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкі­мет» қағидасы қаншалықты іске асып жатыр?

– Отыз жылдың ішінде біраз тарихи кезеңді бастан өткердік. Қазір сегізінші шақырылым жұмыс істеп жатыр. Әр шақырылымның өзіне тән қызметі болды. Әсіресе алғашқы шақырылымның көтерген жүгі ерекше. Бұрынғы заңдардың бәрін жаңа заманға бейімдеу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қалай болғанда да, осы 30 жыл ішінде парламентаризм институты үлкен белес­терден өтті. Оның нәтижесін кейінгі ұрпақ бағалай жатар.

Бүгінде Парламент тарапынан Үкімет мүшелерін бақылау және заң жобаларын қадағалау тетіктері күшейді. «Ықпалды Парламент» қағидаты мүмкіндігінше өз қыз­метін тиімді атқарып келеді. Ал «Есеп бере­тін Үкіметке» келсек, Үкімет пен халық арасындағы тікелей байланыс­та белгілі бір олқылықтың бары рас.

Мәжіліске келетін азаматтарға әрдайым есік ашық. Арнайы қабыл­дау бөлмесі де, қабылдау кестесі де бар. Тіпті одан тыс уақытта да депутаттардың кабинетінде кездесуге мүмкіндік жасалған. Келген адамдар «министр­ге жете алмай жүрміз», «әкімнің қабылдауына кіре алмай жүрміз» деп жатады. Қазір Парламент Үкімет пен халықтың арасындағы дәнекер рөлін атқарып отыр. Ал осы екі тетік бірдей тиімді жұмыс істегенде ғана «Күшті Президент» қағидаты толық жүзеге асады. Мемлекет басшысының бұл бас­тамасында осындай терең мән жатыр.

– Бір сөзіңізде «Парламент төрағасы Ерлан Қошанов болмаса, мен де партияға бармас едім» депсіз. Осыны тарқатып айтып берсеңіз.

– Бізде адами фактор деген бар. Бір адаммен мінезің жарас­паса, ортақ па­йым қалыптаспаса, ол кісімен жақын қарым-қатынас орнату қиын. Бұрынғы биліктің үлкен сыншыларының бірі болдым.  Қазіргі билікте бұрынғы құрамнан ауысқан адамдар аз болғандықтан, кейбірімен белгілі бір деңгейде түсінісе аламын деп санаймын.

Ал Ерлан Жақанұлымен, қате­лес­песем, 2021 жылы «Алатау» дәстүрлі теа­трына бас­шылық етіп жүрген кезімде бірге сапарға шықтық. Сол кезде әңгіме­ле­сіп, жақын таныстық. Ортақ қызығу­шылықтарымыз бар екен. «Amanat» партиясына келгенде де оның тың өзгерістер жасай алатынына сендім.

Осыдан бес жыл бұрын домбыра ұстап айтысып жүрген адамға Мәжіліс мінберіне келу – күрт әрі күрделі өзгеріс. Егер адам қазақы болмысын қадірлемесе, дәстүрін, тілін, өнері мен мәдениетін шын сүймесе, менің онымен тіл табысуым қиын. Ерлан Жақанұлы – ауыл­да ата-әжесінің тәрбиесін көріп, қазаққа тән құндылықтарды бо­йына сіңіріп өскен азамат. Осындай мемлекет қайраткерінің жанында жүріп, қазаққа титтей де болса пайдамды тигізсем, соны жетістік деп санаймын.

– Сіз Мәжіліс мінберіне келгелі қандай заңдардың қа­был­дануына тікелей ықпал ете алдыңыз?

– Қабылданған заңдар аз емес. Мысалы, мұғалімдердің мәртебесін көтеру мақсатында оларға қоқан-лоқы көрсету, фи­зикалық немесе моральдық қысым жасауға қатысты жауапкершілікті күшейттік. Ұстаз ұлықталмай, ұлттың өсуі қиын.

Сол секілді дәрігерлердің мәрте­бесін арттыру бағытында да жұмыс атқарылды. Тіпті жедел жәрдем жүргізушілерінің өміріне қауіп төндіру немесе олардың жұмысына кедергі келтірудің өзі ауыр салдарға әкелетінін бәрі түсінуі керек.

Бұдан бөлек, білім сапа­сын арттыру мақсатында колледж­дердің мәртебесін көтеру, уни­вер­ситеттерді рейтингілеу секілді заңнамалық өзгерістер ен­гіздік. ҰБТ-ны заң жүзінде мемлекет қарамағына қайтардық. Халықаралық олимпиадаларда жүлде алған жас ғалымдар мен оқу­шыларға мемлекет тарапынан 5 миллион теңгеге дейін бір реттік сыйақы берілетін болды. Олар­ды дайындаған ұстаздарға да 500 мың теңге көлемінде төлем қарастырылды.

Мәжіліске келгелі мүгедектігі бар жандардың қоғамда өзін еркін сезінуіне жағдай жасайтын бірнеше норманы реттедік. Сонымен қатар жастардың ден­саулығына зиян келтіретін энер­гетикалық сусындарды 21 жасқа дейінгі азаматтарға сатуға тыйым салатын норма енгіздік. Осындай мақтанышпен айтатын тұстарымыз да, кемшілігімізді мо­йындайтын сәттеріміз де бар. Әсіресе Салық кодексіне келгенде, кей жерде табандылық жетіспеді.

– Қаңтар құрбандарын ақтау мәселесін де көтердіңіздер. Бұдан қандай нәтиже болды?

– Қоғамдық қабылдауға 60-тан астам адам өтінішпен кел­ді. Қазір Қаңтар оқиғасына қатыс­ты 63 адамның екеуі ақталды. Басқа өтініштер де қаралып жатыр. Мінберден сот шешімдеріне қатысты мәселелер айтылды. Пар­ламент Мәжілісінің регламентіне сәйкес сот істеріне ара­ласуға құ­қы­ғымыз жоқ. Бірақ халық­тың өтінішіне үн қатып, мәселені көтеруге тиістіміз.

– 2023 жылы «ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек» деген мәселе көтеріп, қоғамда үлкен резонанс тудыр­дыңыз. Бұл бастама қанша­лықты нәтижесін берді?

– Біріншіден, бұл – менің жеке пайымым. Оның заң жүзінде бірден бекітілмейтінін білдім. Мақсатым – ең төменгі жалақы Үкіметтің өз қаулыларына сәйкес медианалық жалақының жартысына тең болуы керек екенін жеткізу еді. Ол кезде медианалық жалақы шамамен 300 мың теңгенің айналасында болды. Демек, оның жартысы 150 мың теңге болуы керек, 80 мың емес.

Шын мәнінде, осыдан үш жыл бұрын бір отбасының ең төменгі күнкөрісіне кемінде 300 мың теңге қажет еді. Қазір шығын одан да артты. Біз оны нақты есептеп те көрдік. 2025 жылы бұл мәселе тағы көтерілді. Серік Мақашұлы «Үкіметтің есебімен келіңіздер» деді. Есептеп бардық. «Барлығы қымбаттап жатыр, ең төменгі жалақы қашан өседі?» деген сауал қойғанымызда, «алдағы уақытта өседі, әзірге дабыра қылмай тұра тұрыңыздар» деген жа­уап алдық. Қазір күтіп отырмыз. Алда нәтижесі болады деп сенемін.

– Сіз Абай облысының тумасысыз. Жаңа құрылған облысқа Үкіметтің назары жеткілікті деп ойлайсыз ба?

– Мұны бөлінген бюджет көлемі мен атқарылып жатқан жұмыстан-ақ байқауға болады. Мысалы, «Қал­батау – Майқап­шағай» жолының салынып бітуі – соның дәлелі. Жаңадан құрылған облыстардың ішінде Абай облысының әлеуеті әлдеқайда жоғары деп айтуға болады. Бұл – өңірдің көп жылдан бері жете алмай жүрген несі­бесінің өзіне қайтуы деп қабылдау керек.

Мәжіліс депутаттарынан бас­тап облыс әкіміне дейінгі мем­лекеттік қыз­меткерлердің бас­ты мақсаты – Үкімет бөлген қара­жатты халық игі­лігіне жұмсап, өңірдегі өмір сапасын жақсарту болуға тиіс. Бізде бір жыл­дың ішінде облыстан 20 мың адамның көшіп кеткені туралы мәлімет бар. Бұл – алаңдатарлық жағдай.

– Абай облысындағы жағымды өзгерістерді айтты­ңыз. Енді «осылай болса екен» дейтін қандай ұсы­ныстарыңыз бар?

– Облыста денсаулық сақтау саласын толық реформалау қажет. Қазір үш аурухананың құрылысына ғана қаражат бөлініп, жұмыс басталды. Өкінішке қарай өңірдегі ана мен бала өліміне қатысты статистика өте нашар.

Қазір Мәжілісте Семей полигоны аумағында тұратын тұрғын­дарға экологиялық өтемақы төлеу мәселесін көтеріп жүрміз. Мұндай тәжірибе әлемде бар. Нұртай Сабилянов бұл мәселені 20 жылдан бері айтып келеді.

Мәдениет саласында да өзге­рістер байқалады. Театр басшысы ауыс­ты, филармонияға Секен Тұрысбек келді. Руханиятта жаңғыру бар, бірақ әттеген-ай дейтін тұстар да аз емес.

Абай облысы – Алаштың астанасы, тұңғыштар мекені. Бұл өңірдің басты брендіне айналуы керек. Алаш қайраткерлерінің ескерткіштерін орнату, көше атауларын жүйелеу мәселесі маңызды. Мысалы, Шәкәрім қажыдан қалған екі ғана тарихи мұра бар. Бірі – оның сүйегін Құрқұдықтан алып келген чемодан, қазір Абай музейінде сақтаулы. Екіншісі – Саят қора. Ол ашық аспан астында тұр, жаңбыр мен желдің әсерінен тозып барады. Мұны қорғауға алу қажет. Сондай-ақ Әбілпейіз хан, Ер Жәнібек, Дулат, Ақтамберді жырау, Алаштың алғашқы құрбандарының бірі Ғази Нұрмағанбетов секілді тарихи тұлғалардың есімдерін ұлықтау мәселесі де маңызды. Жалпы, мәде­ниет пен идеология саласында атқарылатын жұмыс көп.

– Уақыт бөліп, сұхбат берге­ніңіз­ге рахмет.

Әңгімелескен –

Бақытбек ҚАДЫР,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:69
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Маусым 2026 11:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

7 күнге арналған ауа райы болжамы: Астанада осы апта жауын шашынды болмақ

01 Маусым 2026 20:49see123

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

01 Маусым 2026 15:28see123

Атырауда зооқорғаушылар акциясы өтті

01 Маусым 2026 20:58see117

Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады

01 Маусым 2026 18:00see116

ҰҚК ірі есірткі зертханасының қызметін тоқтатты

02 Маусым 2026 12:12see114

Әл Фарабидегі жол апаты: Сотталушы мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін

02 Маусым 2026 10:55see112

Тұрмысқа қажетті қарапайым жағдай жасалмаған: Тоқаев Алматы облысының инфрақұрылымы үшін шенеуніктерді сынға алды

02 Маусым 2026 14:48see111

Енді қауіпті өндіріс орындары мен шахталарды жасанды интеллект бақылайды

02 Маусым 2026 11:22see111

Атырау Арена : 1500 орындық спорт кешені салынуда

01 Маусым 2026 20:58see111

Субұрқақта шомылудың денсаулыққа қандай зияны бар?

02 Маусым 2026 17:46see111

Қазақстанның ақылы жолдарында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаудың 2 000 ға жуық жағдайы анықталды

01 Маусым 2026 13:11see111

Ұрпақ қауіпсіздігі басты назарда

02 Маусым 2026 09:23see111

​Көкшетауда әлеуметтік үйлерді салуға бөлінген миллиардтар жымқырылған: Күдікті қамауға алынды

02 Маусым 2026 10:51see110

Шамдар жанбайды Астана аудандарындағы жарықтандыруда не болып жатыр

02 Маусым 2026 09:55see109

Кредитім бар : министр Ертаев отбасына қанша ақша жұмсайтынын айтты

02 Маусым 2026 12:32see108

ҰҚК қызметкерлері Қостанай әкімдігінде тінту жүргізді бөлім басшысы ұсталды

02 Маусым 2026 19:37see108

Нұргүл Молдабайқызы: Психология тілі мен тарих тілі әлі толық түйіскен жоқ

01 Маусым 2026 20:47see107

Президент: Alatau City құрылысында отандық өнімге басымдық берілуі керек

02 Маусым 2026 16:31see107

Баку Тбилиси Карс теміржолы ашылды

03 Маусым 2026 10:49see106

Экс депутатқа косметикалық ота жасаған клиникадан заңбұзушылықтар анықталды

02 Маусым 2026 13:51see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары