Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Салтанат мемлекеттік би ансамбліне 70 жыл толды

Салтанат мемлекеттік би ансамбліне 70 жыл толды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Биыл «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің құрылғанына 70 жыл толды. Ұлттық би өнерінің бай мұрасын көздің қарашығындай сақтап, оны асқан шеберлікпен көрсетіп жүрген бірегей ұжым Almaty Theatre сахнасында мерейтойлық концерт берді. Осылайша «Ел салтанаты» тағы бір белесті қорытындылады.

Сәні асқақ «Салтанат» жетпіс жылдық белеске оңай жеткен жоқ», – дейді ұжым мүшелері. Табанды еңбек пен маңдай тердің арқасы. Қанша буын ауысса да, ұжым ұлттық биді биікке көтеріп келеді. Бұған көрермен куә. Мерейтой аясында ансамбль «Би керуені» жобасымен ел өңірлерін аралады.

Елубай Кенжалиев, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің директоры:

- Ол жерде тек қана гал-концертпен ғана шектеліп қойғанымыз жоқ, өңірлердегі мына мәдениет және білім саласындағы хореографтардың барлығына тегін шеберлік сабақтарын өткіздік. Біздің 70 жылдықта жинаған үлкен тәжірибеміз бар, осы өңірлердегі өсіп келе жатқан, жаңадан келе жатқандармен тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.

Мерейтойлық концерт аясында би ансамблінің тарихына арналған «Шығармашылық жол» кітабы таныстырылды. Өткенді парақтасақ, 1955 жылы шаңырағы көтерілген би ұжымы алғашында Қазақ КСР-нің Мемлекеттік ән және би ансамблі деп аталды. Өте қысқа мерзім ішінде бай репертуар жасалып, 1957 жылы Мәскеуде өткен Бүкіләлемдік жастар мен студенттердің VI фестивалінде ұжым алтын медальға ие болады.

«Париж төрінде де көрермен қошеметіне бөленгеніміз есімде», – дейді ұжымның байырғы бишісі Нұрлыбек аға.

Нұрлыбек Әлдибеков, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ардагер биші:

- Біз өте керемет баға алдық. Ол жерде Байқадамовтың «Саяхат» атты үлкен композициясы болды. Аттармен көкпар тартатын қойылым, көрініс. Сонда қазақтың даласындағы көкпарды көрсеткенде олар орындарынан тік тұрып, бірнеше рет қайталауды сұрап, үлкен қошаметпен қарсы алды. Ол да бір ансамбльдің тарихының бір ғана парақшасы деп айтуға болады.

Концертте ұжым әлемдік стандартқа сай Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен құрылған фольклорлық ансамбль сүйемелдеуімен қазақтың ұлттық билерін ұсынды. «Салтанат» би ансамблінің 70 жылдық мерейтойы 30 қарашада Астанада Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында жалғасады. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Айбек Ақшолақов 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 10:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары