Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Самокат жыры: Тыйым түйткілді шеше ме?

Самокат жыры: Тыйым түйткілді шеше ме?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазір әлемде халық саны артып, қалалар үлкейіп, көлік ағыны ұлғайған сайын көшеде жүруге ыңғайлы, кептелісте тұрмайтын, еркін қозғалуға мүмкіндік беретін электрлі самокаттар үлкен сұранысқа ие. Бұл үрдіс кейінгі кезде елімізде де айқын байқалып жатыр. Көшеде самокат мінгендер қатары қалыңдап келеді. Дегенмен кейінгі кезде депутаттар тарапынан тротуарда самокат айдауға толық тыйым салу туралы бастаманың көтерілуі қоғамның пікірін екіге жарды.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Депутаттардың айтуынша, электрлі самокаттар жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан оны қолдану мен жылдамдығына қосымша шектеулер енгізу қажет.

Ресми деректерге сүйенсек, осы жылдың алғашқы 9 айында елімізде 30 мыңнан аса адам жолда жарақат алған. Оның ішінде автокөліктерде – 28 646, автобустар – 1 145, мопедтер мен скутерлерде – 897, велосипедтерде – 238, электрлі самокаттарда 123 адам зардап шегіпті. Бұл мәліметтер самокаттың жолдағы ең қауіпсіз көлік түрі екенін айғақтайды. Дегенмен оларды қолдануға жаңа шектеулер енгізудің мәні неде?

Бірер жыл бұрын Мәжіліс «Жол ережесі туралы» заңға электрлі самокаттар қозғалысын реттейтін тұңғыш өзгерістерді енгізгені белгілі. Заң жобасы авторларының бірі, депутат Екатерина Смышляева сол уақытта бұл ымыраға келуден туған қадам, яғни «компромисс» екенін атап өткен еді. Алайда арада бір жарым жыл өткенде депутат тротуарда самокат айдауға толық тыйым салуды, қолданушыларға жүргізуші куәлігін, сақтандыру полисін, шлем мен жарық шағылыстырғыш киім киюді міндеттеуді ұсынып отыр. Сонымен қатар жалға берілетін самокаттарды нөмірлеу мен ереже бұзғандарды бейнебақылау арқылы тіркеу мәселелерін де көтерді.

Е.Смышляева шерингілік компа­ния­лар­дың бұған дейін электрлі самокат­тардың жылдамдығын 6 км/сағатқа дейін шектеуге дайын болғанын айтады. Алайда бұл талаптың өзі мамандар арасында қызу пікір қайшылығына алып келді. Өйткені жылдамдықты осынша деңгейде шектеу электрлі самокаттарды қолдану тәжірибесіне теріс әсер етуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, бұл жердегі мәселе – инфрақұрылымның нашарлығында. Самокат қолдануды шектеумен проблема шешімін таппайды. Ең алдымен қала көшелерінде көлік ағынына да, адамдардың жүруіне де кедергі келтірмейтін мүмкіндік­ті қарастырған жөн. Жол ережесіне қатысты заңға алғаш өзгеріс енгізілген кезде депутат Е.Смышляеваның өзі де бұл мәселені атап өткені белгілі. «Біз қалаларда веложолақтардың пайда болуы мен басқа да балама көлік түрлеріне арналған жағдайлардың жасалуы үшін жұмыс істей береміз. Бұл мүмкіндік жаяу жүргіншілер жолағы ғана емес, автокөлік жолдары есебінен де қарастырылуы мүмкін», деген еді ол.

2023–2024 жылдардағы Жол ережесі туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі, мобильділік жөніндегі сарапшы Әнуар Жүсіповтің айтуын­­ша, самокаттар жылдамдығын сағатына 6 шақырымға дейін түсіру – техника­­лық жағынан мүмкін емес. «Классика­лық самокаттар тұрған орнынан өздігі­нен қозғала алмайды. Адам итеріп жыл­дам­дықты үдетіп жіберуге тиіс. Ал бұ­ның өзі 6 км/сағат жылдамдықтан жоғары. Сондықтан жолда мұндай ақырын қозға­лыспен жүру мүмкін емес», дейді ол.

Сонымен қатар сарапшы қозғалысы қалың қаланың ішінде GPS-тің дәлсіздігі салдарынан тротуарларда жылдамдықты шектеу де техникалық жағынан мүмкін емес екенін айтады. Өйткені GPS-тің орташа дәлсіздігі 10 метрді құрайды, ал тротуардың ені әрі дегенде 2-3 метрден аспайтыны белгілі.

«GPS-аймақ жасау үшін тротуар кішкентай. Скверлер мен парктер болса бір жөн. Сондықтан Дубай, Мәскеу қалаларындағы секілді жылдамдықты сағатына 15-16 шақырыммен шектеуге мүмкіндік бар. Ал 6 км/сағат дегеніңіз – толықтай тыйым салғанмен бірдей», дейді ол.

Ә.Жүсіпов электрлі самокаттардың қозғалысын реттеу мәселесінде шынайы техникалық мүмкіндікті есепке алып, сарапшылар талдауына жүгінген абзал екенін жеткізді. Ал самокат айдайтындардың жүргізуші куәлігін алуына қатысты пікір білдірген ол қазірде еліміздегі автокөлік иелерінің қо­лын­да куәлігі болғанына, заңның жұ­мыс істейтініне қарамастан, кейінгі 3 жылда ЖКО саны 3 есеге артқанын еске салды.

Бұл ойды депутат Олжас Құспеков те қолдайтынын айтты. Оның айтуынша, саладағы реформа кешенді түрде жүзеге асуға тиіс. Яғни инфрақұрылым, нормалар мен техникалық мүмкіндіктер қатар алға жылжуы керек. «Біз микромобильді көліктер үшін инфрақұрылым жасау бойынша әкімдіктердің міндеттерін, жаңа құрылым нормаларын бекіттік. Бұл жұмыс 3 жылға есептелген. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасын сылтау етіп, асығыстық жасап, самокаттарды жолға шығару – халықты өлімге итермелеу», деді ол.

Осы мәселеге қатысты Ішкі істер министрлігі де өз ұстанымын айтқан болатын. Министрдің орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Игорь Лепеханың айтуынша, жолдағы самокат қозғалысына оны қолданушылар, шерингілік компаниялар мен әкімдіктер үш тараптан жауапты болуға тиіс. Атап айтқанда, компаниялар паркинг, сал­мақ, жылдамдық, маршрутты бақылау жүйесін енгізуге, әкімдіктер шектеу немесе тыйым салынатын аймақтарды белгілеуге міндетті. «Әрине, қазір жол ережесін бұзу жағдайлары бар, алайда министрлік самокатқа толық тыйым салуды құптамайды», деді ол.

Сөзіміздің басында айтқанымыздай, электрлі самокаттар қаладағы көлік қозғалысының ажырамас бөлігіне айналып үлгерді. Сондықтан оны реттеуді жол сапасы мен инфрақұрылым мәселесінен бөлек қарастыру қиын. Веложолақтар, қауіпсіз маршруттар мен нақты ережелер жасалмаса, кез келген шектеу жаңа қатерлерге әкеп соқтыруы бек мүмкін.

Самокат экологияға оң ықпал ететін құрал болумен қатар, қала ішіндегі кептелістерді азайтуға да өз көмегін тигізетінін атап өткен жөн. Ол әрбір тұрғынға қолжетімді. Жақын жердегі шаруаларды шешу үшін көлікке мінгеннен гөрі самокатпен тез жеткен ыңғайлырақ. Дегенмен, әрине, ең алдымен қауіпсіздік мәселелесін шешкен маңызды. Ол үшін тек тыйым салу тәсіліне жүгінбей, инфрақұрылымдық шешімдерді, технологиялық мүмкіндіктер мен қолайлы нормаларды назарға алған абзал.

Әзірге қоғамда талқылау жалғасып жатыр. Біздің байқағанымыздай, проблеманың түп-тұқияны самокат­тың өзінде емес, жүйелі шешімнің жоқты­ғында жатыр. Алдағы уақытта микромобильді көлік түрлері қаладағы көше қозғалысының бір бөлшегіне айнала ма, әлде одан шеттетіле ме – бұл біздің қандай шешімге тоқтайтынымызға тікелей байланысты. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 08:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see127

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see125

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see124

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see121

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see120

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see119

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see117

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see117

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see117

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see116

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see115

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see114

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see114

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see114

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see112

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see111

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see110

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see110

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары