Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Семейлік оқушылар бөтелке қақпақтарынан ерекше EcoBox ойлап тапты

Семейлік оқушылар бөтелке қақпақтарынан ерекше EcoBox ойлап тапты

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АЛМАТЫ, 16қараша - Sputnik. Семейдегі "Келешек мектебінің" оқушылары пластик қақпақтардан EcoBox дайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Семейдегі №51 "Келешек мектебінде" оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту мақсатында STEM бағыты негізінде EcoBox жобасы жүзеге асырылды. 6–7-сынып оқушылары пластик бөтелке қақпақтарын жинап, оларды қайта өңдеу арқылы мектеп дәлізіне арналған экоқоқыс жәшігін дайындаған. Өнертапқыш оқушы Әлинұр Байқабаттың айтуынша, EcoBox-ты дайындауға бір апта уақыт кеткен.

"Сызбасын сызған кезде және қақпақтардың санын, түстерін құрастыру қиынға соқты және ұзақ уақыт алды. Кейде түстері сәйкес келмей қалған кезде қақпақтарды тарқатып қайтадан жасаған кездер болды", - дейді ол.

Әлинұрдың айтуынша, бұл жоба шыдамдылықты қажет етеді.

"Біз бірлесе жұмыс істеуді, шыдамдылық пен ұқыптылықты үйрендік. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды қайта қолдануға болатынын түсіндік. Мұғаліміміз бағыт беріп отырды, ал сыныптастарымыз идея қосып, қолмен жасап шығардық", - дейді Әлинұр Байқабат.

Жобаны жасап шыққан оқушының бірі – Серік Тожыбаев.

"Енді осы сұрыптау жәшігіне жиналған бөтелкерден сыпырғыш, мектеп ауласына гүл және мектеп ішіне гүл отырғызатын ыдыстар жасайтын жоспарымыз бар", - дейді ол.

© Абай облысының білім басқармасыСемейлік оқушылар бөтелке қақпақтарынан ерекше EcoBox ойлап тапты

Семейлік оқушылар бөтелке қақпақтарынан ерекше EcoBox ойлап тапты

© Абай облысының білім басқармасы

Жобаны жасау кезінде оқушылар далада бей-берекет шашылып жатқан қақпақтың соншалықты көп екенін білдік дейді.

Оқушылардың айтуынша, "әр жиналған қақпақ – таза елге қосылған бір кішкентай қадам".

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ерасыл Қасымов оқушылардың мұндай жобаларға қызығушылығы өте жоғары дейді.

"Қазір балалар қолдан жасап шығаратын жобаларға ерекше қызығады, ынтасы да артады. EcoBox жобасы жақында ғана жасалды, балалардың қызығып жұмыс істегенін көріп қуандым. Алда мұндай бастамаларды жалғастырып, түрлі қолданбалы жобалар жасау ойда бар. Келесі аптада өзім де "Педагогикалық идея" байқауына осы бағыттағы жұмыстарымды ұсынып, қатысуды жоспарлап отырмын"", - дейді оқушылардың жетекшісі.

Оқушылар шамамен 2100 қақпақ пайдаланған. Дайын EcoBox мектеп ішінде орнатылып, пластик қалдықтарды сұрыптап жинауға мүмкіндік беріп отыр. Бір бұл емес, Абай мектебінде мұндай қызықты жобалар көбейіп келеді.

"Абай облысының мектептерінде оқушылардың өз бастамасымен жасалып жатқан осындай ерекше экожобалар көбейіп келеді. Қазір балалар экологияны тек теорияда емес, нақты әрекет арқылы меңгеруге ұмтылатынын көруге болады. "Келешек мектеп" оқушыларының EcoBox жасап шығуы – осының айқын дәлелі. Өзгелерге үлгі боларлық бастама. Оқушылардың өз ортасындағы мәселені көріп, оған шешім ұсына білуі – қазіргі білім беру жүйесінің күткен нәтижесі", - дейді Абай облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Амантайқызы.

Алдағы уақытта мектеп ұжымы қақпақтардан EcoBench, яғни экооорындық жасау, мектеп ауласын экологиялық материалдармен абаттандыру және "STEM EcoLab" бұрышын ашып, тәжірибелік экожобаларды кеңейту бойынша жұмысты жоспарлап отыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қараша 2025 12:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары