Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Сенат қызметінің нәтижесі: Биыл 102 заң қаралды

Сенат қызметінің нәтижесі: Биыл 102 заң қаралды

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның биылғы қорытынды отырысы өтіп, күн тәртібінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында әзірленген бірқатар заң қаралды. Сондай-ақ жыл барысында атқарылған жұмыс қорытындыланып, сенаторлардың өңірлерге алдағы сапарларына қатысты міндеттер белгіленді.

Палата отырысында сенаторлар «Қазақстан Республикасы­ның Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөнін­дегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан­да ЮНЕСКО аясын­дағы 2-санатты орталық ретінде Орталық Азия өңірлік гляциология ор­талығының мәртебесін қайта жал­ғастыру туралы келісім­ді ратификациялау туралы» заң­ды қарап, мақұлдады. Депу­тат­­тар бұл заңды қабылдау гляцио­­ло­гия ғылымының одан әрі дамуы­на, сондай-ақ су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу­ге ықпал ететінін атап өтті.

Сонымен қатар сенаторлар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады. Заң медицина қызметкерлерін қызметтік міндеттерін орындау кезінде оларға қатысты күш қолданудан қорғауды күшейтуге бағытталған. Енді медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадалары­ның жүргізушілеріне қатысты күш қолдану қатерін төндіргені үшін 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айып­пұл салу немесе сол мөлшер­де түзеу жұ­мыстары тарту қарас­тырылады. Сондай-ақ 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейін бас бостандығын шектеу түрінде жаза көзделеді. Ауырлататын мән-жайлар болған кезде 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Сенаторлар Мемлекет бас­шы­сы­ның Қазақстанды жап­пай цифрлық елге айналдыру жөніндегі тапсырмасын орын­дау мақсатымен әзірленген Қазақ­стан Республикасының Цифр­лық кодексін және «Қазақ­стан Республикасының Әкімші­лік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заңын да қарап, мақұлдады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында елімізді үш жылдың ішінде цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде маңызды міндет жүктеді. Бүгін қаралған жаңа Цифрлық кодекс осы мақсатқа қол жеткізу үшін құқықтық негіз қалыптастырады. Кодексте цифрлық орта объектілері мен субъектілері айқындалды. Сон­дай-ақ цифрлық мемлекеттік бас­қару, оның ішінде цифрлық үкіметт­ің құқықтық тетіктері белгі­ленді. Қауіпсіздік мәселелері де на­зардан тыс қалған жоқ. Жал­пы, бұл кодексті қабылдау – уақыт талабына сай жаңа техно­ло­гияларды барлық салада етене енгізуге жол ашатыны анық. Осылайша, жаңа нормалар мемлекеттік басқаруды оңтай­ландыруға, қызметтердің сапасын арттыруға және экономи­камызды жаңғыртуға оң септігін тигізеді деп сенеміз», деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар отырыс барысында Қазақстан Респуб­ликасының Құрылыс кодексі мен оған ілеспе «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» заң және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң мен оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екі оқылымда қаралды.

«Бүгін Мемлекет басшысы­ның тапсырмасымен әзірленген жаңа Құрылыс кодексін қарадық. Кодексте құрылыс объекті­лерін жоспарлау және салу сапасын арттыруға бағытталған нормалар қамтылды. Сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік бақылауды күшейтетін тетіктер енгізілді. Бүгін қаралған тағы бір маңызды құжат – «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа редакциядағы заң. Бұл саладағы өзгерістер банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға оң септігін тигізеді деп сенеміз», деді Сенат төрағасы.

Талқылау нәтижесінде сенатор­лар аталған заңдарды кон­цептуалды түрде қолдап, оларға бірқатар түзету енгізуді ұсынды. Нақты айтқанда, Құры­лыс кодексі мемлекеттік инвес­тициялар есебінен қар­жы­ландырылатын құрылыс объек­тілері үшін міндетті болып табы­латын, «бір терезе» қағидаты бо­йын­ша жобаларды әзірлеу мен оларға сараптама жүргізуді ұйым­дастыруға арналған порталда құрылыс объектілері бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үдерісін ұйымдастыру жөніндегі нормамен толықты­рылды. Сонымен қатар пайда­ланушының міндетінен жеке тұрғын үй құрылысы аумағын­да әлеуметтік, көліктік және инже­нерлік инфрақұрылым объек­тілерін салу мен пайдалануды қар­жыландыруды алып тастау­ды көздейтін өзгеріс енгізіледі.

Сенаторлардың банктер туралы заңға қатысты енгізген түзетулері базалық банктік лицензиясы бар банкті әмбебап банктік лицензиясы бар банкке көшіру (қайта ресімдеу) кезінде пруденциалдық нормативтер мен лимиттерді сақтау жөніндегі талаптарды нақтылауға байланысты екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ заңды ел аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған, орталық депозитарийдегі және (немесе) клирингтік ұйымдағы ақшаны және (немесе) бағалы қағаздарды қарыз алушыдан даусыз тәртіппен өндіріп алуды болдырмайтын нормамен толықтыру туралы ұсыныстар айтылды.

Осылайша, аталған заңдар сенаторлардың ұсыныстарымен Мәжіліске қайтарылды.

Сенат отырысында М.Әшім­баев палатаның биылғы жұмы­сын қорытындылап, Прези­дент тапсырмасымен осы жылда қабылданған бірқатар маңызды заңға назар аударды. Сена­торлар жыл басынан бері ел­дің саяси және орнықты әлеумет­тік-эко­номикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған 102 заңды қарады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен жыл басында жаңа Бюджет және Салық кодекстері қабылданды. Осылайша, фис­калды және салық саясаты түбегейлі қайта қаралды. Сон­дай-ақ су ресурстарын тиімді пайдалануға заңнамалық негіз қалыптастыратын жаңа Су кодексі қабылданды. Күнделікті өмірде белсенді қолданысқа еніп отырған жасанды интеллект саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін жасанды интеллект туралы жаңа заң мақұлданды. Еліміздің бас қаржы құжаты – үш жылға арнал­ған республикалық бюджетті қабылдадық. Түркістан қаласына ерекше мәртебе беретін заң да бекітілді. Алаяқтыққа қарсы іс-қимылды күшейтуді көздейтін нормалар мақұлданды. Осы және басқа да заңдар ел игілігіне қызмет етеді деп сенеміз», деді палата спикері.

М.Әшімбаев өз сөзінде Сенат­тың тұрақты комитеттерінің заңна­малық жұмыс нәтиже­леріне, парламенттік тыңдаулар, үкімет сағаттары, көшпелі отырыстар және өңірлердегі өзекті мәселелерді шешуді көздейтін басқа да іс-шаралардың қоры­тындыларына тоқталды.

«Сенаттың тұрақты комитет­тері заң шығару қызметімен қатар, палата жоспарына сәйкес 5 үкімет сағатын, 50-ден аса көшпелі отырыс, 100-ге жуық дөңгелек үстел мен кездесулер өткізді. Осы жұмыстың аясында Президент тапсырмаларының, заңдардың және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы жан-жақты талқыланды. Бұған қоса, әріптестеріміз 130-дан аса депутаттық сауал жол­дап, Үкіметке өзекті мәселе­лерді шешу жолдарын ұсынды. Палата қызметі аясында 140-қа жуық халықаралық іс-шара ұйым­дастырылды. Биыл мәсли­хат­тармен өзара іс-қимыл жөнін­дегі кеңестің қызметі сапалық жаңа форматқа көшіп, алғаш рет кеңейтілген отырысы өткізіл­ді. «Бір ел – бір мүдде» және «Өңір» депутаттық топтары, Сенаторлар кеңесі, «Ұлттық мүдде» диалог алаңы, «Талдау мектебі», Инклюзия жөніндегі кеңестер жалпы саны 16 отырыс ұйымдастырды. Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуы­на мониторинг жүргізу жөнін­дегі Парламенттік комиссия­­ның нәтижелі үш отырысы өтке­нін де айта кеткен абзал», деп М.Әшімбаев сенаторлар алдағы жылда да Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың іске асырылуын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жолындағы белсенді жұмысты жалғастыра беретінін айтты. 

Соңғы жаңалықтар

Жасөспірімдер жүктілігі жанға батады

Қоғам • Бүгін, 08:23

«TALIS»: білім үдерісінің қарқыны қандай?

Білім • Бүгін, 08:20

Платформа арқылы оқыған тиімді

Қоғам • Бүгін, 08:18

Абай жолы адастырмайды

Руханият • Бүгін, 08:15

Қамқорлық аясы кеңейіп келеді

Қоғам • Бүгін, 08:13

Хакімнің фотосы мен өлеңдері

Абай • Бүгін, 08:10

Келешекпен кездесу

Аймақтар • Бүгін, 08:07

Қабылаш ӘБІКЕЙҰЛЫ: Атажұртта өнерімді алғаш бағалаған Сәбит Мұқанов еді

Сұхбат • Бүгін, 08:05

Жетімдерді демейтін құжат

Қоғам • Бүгін, 08:03

Әбиба көш бастап тұр

Спорт • Бүгін, 08:00

Жәнібектің табысы

Спорт • Бүгін, 07:55

Орта тола береді

Қоғам • Бүгін, 07:53

«Google»-дың жаңа жүйесі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:48

Едіге ЕМБЕРДІ: Арманым – Олимпиада алтыны!

Спорт • Бүгін, 07:42

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Желтоқсан 2025 09:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see112

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see111

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see109

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары