Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Сенат заңсыз шығарылған қаражатты қайтаруға қауқарлы орталық құру келісімін талқылайды

Сенат заңсыз шығарылған қаражатты қайтаруға қауқарлы орталық құру келісімін талқылайды

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Сенат қарайтын «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға беретін халықаралық орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды Мәжіліс осы жылдың 24 қыркүйегінде қабылдаған болатын. Сол кезде заң жобасы бойынша негізгі баяндама жасаған Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов аталған келісімге Мемлекет басшылары 2023 жылдың қазан айында қол қойғанын еске салды.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Орталықты құруға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерінің басшылары бастамашылық жасады. Келісім тәуекелдерді бағалайтын халықаралық орталық құруды көздейді. Ресей тарапы оның операторы және үйлестірушісі болады. Орталық қорғалған ақпараттық жүйе ретінде жұмыс істеп, ТМД елдерінің қаржылық барлау органдары арасында тиімді өзара іс-қимылды, ортақ ақпараттық ресурс құруды және тәуекелдерді ұлттықтан жоғары деңгейде бағалауды қамтамасыз етеді. Орталықтың маңызды міндеттерінің бірі ақшаның транзиттік қозғалысын, активтердің орналасуын, сондай-ақ алаяқтық, бюджет қаражатын жымқыру, салық қылмыстары мен сыбайлас жемқорлық бойынша мәлімет алмасуды қоса алғанда трансшекаралық қылмыстық топтардың қызметін талдау болып саналады, — деді ол.

Оның атап өтуінше, орталық қызметі трансшекара схемаларын анықтауға, оның жолын кесуді арттыруға, ТМД арасында ынтымақтастықты нығайтуға, қаржылық барлау органдары арасында жедел ақпарат алмасуға, заңсыз шығарылған қаражатты қайтаруға ықпал етеді. 

Келісім деректерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, ТМД-ға қатысушы елдердің қаржылық барлау бөлімшелері арасында жедел ақпарат алмасу мақсатында бірыңғай ақпараттық кеңістік пен инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар ақшаны жылыстатудың және терроризмді қаржыландырудың алдын алу және оған қарсы күрес мақсатында халықаралық стандарттар мен ұсынымдарды әзірлеу және енгізу, қаржы мониторингі және қауіптерді бағалау саласындағы мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі ережелер бар. Сондай-ақ қаржы институттары, құқық қорғау органдары және басқа да мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту да қарастырылған.

Фото: Сенаттың Баспасөз қызметі

Айта кетейік, өткен аптадағы Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131-конвенция) ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Сенатор Әсем Рахметованың айтуынша, «Ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) № 131 конвенциясы ең төмен жалақы жүйесін енгізудің халықаралық стандарттарын белгілейді.

- Бұл Конвенция 1970 жылы қабылданған және оның басты мақсаты – барлық жұмысшылар үшін әділ әрі жеткілікті ең төмен жалақы деңгейін бекіту жүйесін құру. Конвенцияның ережелері ұлттық деңгейде ең төмен жалақыны бекітетін әділетті жүйені енгізу арқылы жұмысшылардың өмір сүру деңгейін арттыруды және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуді көздейді, - деді ол.

Аталған құжаттың ережелері жалақы мөлшерін белгілеу кезінде экономикалық факторлардің ескерілуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ең төмен жалақыны белгілеу, қайта қарау кезінде әлеуметтік әріптестік тараптардың міндетті қатысуы көзделеді.

Фото: Ұлттық статистика бюросы

Ең төмен жалақыны бекіту тәртібі келесілерді қамтиды:

Ең төмен жалақы Үкімет тарапынан немесе арнайы орган арқылы белгіленуі тиіс. Жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдері бұл процеске қатысуы керек. Белгіленген жалақы міндетті түрде орындалуға тиіс және оны бұзғандарға шара қолданылуы қажет.

Еліміз тарапынан № 131 конвенцияны ратификациялау:

ең төмен жалақыны айқындауға Қазақстанның қолданыстағы тәсілдерін халықаралық деңгейде бекітуге; әлеуметтік диалогтың құқықтық базасын нығайтуға; ХЕҰ-ға мүшелік аясында Қазақстанның халықаралық міндеттемелерге бейілділігін растауға мүмкіндік береді.

- Сондай-ақ, елімізде жұмысшылардың әділетті жалақы алуға деген құқығын қамтамасыз етіп, кедейлікпен күресуге және лайықты еңбек жағдайларын орнатуға жол ашады, - деді сенатор.

Фото: unsplash

Мұнан бөлек, Сенат «Қазақстан Үкіметі мен Қатар Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді Қатар Мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

- 2024 жылғы 14 ақпанда Мемлекет басшысының Қатарға сапары барысында Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді Қатар Мемлекетінде жұмысқа орналасуын реттеу туралы келісімге қол қойылды. Келісімнің мақсаты – Қазақстан азаматтарының Қатардағы құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, - деді заң бойынша негізгі баяндама жасаған сенатор Руслан Рүстемов.

Оның атап өтуінш, Қатар тарапының өтінімдері бойынша қатарлық жұмыс беруші мен қазақстандық жұмыскер арасында еңбек шарты жасалады. Шарт екі елдің министрліктері мен елшіліктерінде тіркеледі және оның мазмұны Қатар заңымен қатаң реттеледі. Үлгілік еңбек шарт Келісімге қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі саналады.

Үлгілік еңбек шартында жұмыс беруші тарапынан қамтамасыз етілетін мынадай кепілдіктер көзделген: тұрғын үй немесе баспанаға жәрдемақы беру; жұмыс орнына дейін және кері қайту үшін тегін көлік немесе көлік жәрдемақысын беру; Қатар заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсету; жыл сайынғы демалысты қоса алғанда, жұмысқа орналасу және еңбек шартының аяқталуы кезінде Қазақстанға ұшуға ақы төлеу.
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 08:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары