Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Шашылғанды бүтін еткен шаңырақ

Шашылғанды бүтін еткен шаңырақ

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ол тікелей «Шаңырақ» сөзімен астасып жатыр десек, қателеспейміз. Осы ұғыммен сабақтас «шаңырақ көтеру» атты тағылымды салт-дәстүр қалыптасқан. «Шаңырағың биік болсын!» деу отбасыға арналған ең ізгі ниеттің бірі саналады. 

Әулеттің символы

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, былтыр Қазақстанда 114,5 мың жұп шаңырақ көтерген. Бірақ қазақ ұғымындағы «шаңырақ көтеру» тіркесі жай ғана екі жастың некеге тұруын білдірмейді. Танымымыздағы ша­ңы­рақ – әулеттің жалғастығы мен ұрпақ сабақ­тастығының, береке мен бірліктің, тұтас бір өмірлік жауапкершіліктің символы. Тарихшы-этнограф Жамбыл Артықбаев «шаңырақ» сөзінің қазақ дүниетанымындағы мәнін, рухани-мәдени мағынасы да айрықша екенін айтып берді.

«Шаңырақ» ұғымын кең мағынада да, тар мағынада да түсіндіруіміз керек. Олай дейтініміз, бәріміз шаңырақты киіз үйдің негізгі элементінің бірі екенін білеміз. Ал кең мағынада бұл – жай ғана киіз үйдің бөлігі емес, ол қазақ дүниетанымында терең мәнге ие символдық ұғым. Мәселен, қазақта «шаңыраққа қара» деген сөз бар. Егер бөтен адам сый-құрмет сақтамаса, «шаңыраққа қара» дейді. Мұның астарында «әркім өз үйінің, өз елінің иесі болуы керек» деген түсінік жатыр. Сол сияқты «жаман үйді қонағы билейді» деген мақал бар. Бұл жерде де шаңырақ иесінің билігі әлсіреп, оның орнын бөтеннің басқарып тұрғаны меңзеледі.

Шаңырақ ұғымы қазақ санасында әулетпен, ұрпақпен, отбасының жалғасымен тікелей бай­ланысты. Кейбір ауыр кезеңдерде ер азамат­тардың қырылып, тұқымның үзіліп қалатын жағдайлары болған. Мысалы, ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық кезінде талай шаңырақ күйреді. Бұл жерде біз бір үйдің құлауын ғана емес, жеті атадан бері жалғасып келе жатқан тұтас бір әулеттің үзілуін айтып отырмыз. Сондықтан «шаңырағы құлады» деген сөз – бір отбасының немесе әулеттің қайғылы тағдырға ұшырағанын білдіретін аса ауыр ұғым», – дейді ғалым.

Шаңырақтың халықтың түсінігінде алар орны ерекше. Қазақ шаңырақты қашанда қасиетті санаған. Тарихшының айтуынша, ертеде киіз үй тіккен кезде шаңырақты тек ер адам көтерген. Көш кезінде де шаңырақты жинау ер адамның міндетіне кірген. Яғни, бұл – ер азаматтың отбасы алдындағы орны мен жауапкершілігін танытатын белгі. Қазақ шаңырақты аяқасты етпеген, аттамаған, бас­паған. Қысқасы, шаңырақ – ер азаматтың мін­детімен, әулеттің амандығымен, отбасының тұ­тастығымен сабақтас ұғым.

«Қазіргі қоғам, әрине, ала-құла. Бүкіл дәстүрді бұрынғы қалпында толық сақтап тұруға бүгінгі қоғамның мүмкіндігі жете бермейді. Оның да тарихи себептері бар. Біз ХХ ғасырда тоталитарлық жүйенің, казармалық социализмнің қысымын көрдік. Сондықтан бүгінгі қоғам кейбір төл дүниелерге әртүрлі қарайды. Соған қарамастан, қазақ қоғамы біртіндеп еңсесін тіктеп келеді деп ойлаймын. Тоталитарлық кезеңді, қорқыныш пен кіріптарлықты көрген жасқаншақ буынның орнына еркіндікті сүйетін, ешкімге тәуелді болуды қаламайтын жаңа ұрпақ өсіп келеді. Шаңырақты қастерлеу дегеніміз – ата салтын қастерлеу. Сондықтан шаңырақты отбасының, әулеттің, тіпті рудың символы ретінде бағалап, оның қадірін ұмытпауымыз керек», – деп сөзін түйді профессор Жамбыл Артықбаев.

Мәуелі отбасы

Ақтөбеде бір шаңырақ бар. Ол шаңырақ – керегесі кең, табалдырығы биік болғандықтан емес, жүрегі кең болғандықтан киелі. Өмірхан мен Амангүл Жетесовтердің шаңырағында 28 бала өсіп-өніп жатыр. Соның 25-і – балалар үйінен бауырына басқан перзенттер. Туған ана­сынан емес, баққан анасының бауырынан жылу тапқан 25 түрлі тағдыр. Өздерінің үш ба­ласын өсіріп жеткізген ерлі-зайыпты 2009 жылы алғаш рет балалар үйінен бала асырап алады. Жетесовтердің бала асырап алудағы бір ұстанымы айрықша: олар бауырларды бір-бірінен айырмайды. Бір отбасынан бірнеше бала болса, бәрін бірге алады. Өйткені жетімдік – жалғыздықтың ең ауыр түрі. Ал бауырдан айырылу сол жалғыздықты тіпті тереңдетіп жібереді. Сондықтан бұл шаңырақта тек балалар ғана емес, үзілейін деп тұрған бауырластық та қайта жалғанып жатады. Бұл үйдің үлкені отыз жасқа келіп, өз алдына отау құрып, ана атанып отыр. Ең кішісі – бес жаста. 

«Анамнан алты жасымда айырылдым. Кейін өгей ана тәрбиесін көріп, балалық шағымның көп бөлігі интернатта өтті. Тағдыр ерте есейтті десем болады. Бала күнімнен жырға жақын бо­лып өстім. Кейде мал бағып, кең далада жал­ғыз қалған сәттерім де аз болмады. Бірде Ақтөбе қаласындағы «Үміт» жетім балалар үйіне концерттік бағдарламамен бардық. Сонда кішкентай бір бала келіп, маған «әке» деп еркелеп жабыса кетті. Сол сәт жанымды ерекше толқытты. Қасымдағы келіншегім де әзілдеп: «Мынау сенің балаң ғой», – деген еді. Өзімнің екі қызым мен бір ұлым бар. Жалғыз ұлыма серік болсын деген ниетпен кейін бір ұл баланы бауырымызға бастық», – дейді Өмірхан Жетесов алғаш рет бала асырап алған сезімін еске алып.

Бір шаңырақ астында әртүрлі тағдыр, әртүрлі мінез, әртүрлі жас өмір сүріп жатыр. Бірақ бәрін біріктіретін ортақ күш бар. Ол – отбасыға деген сенім. Жетесовтер әулетінің балалары өнерге жақын, музыкаға бейім. Амангүлдің өзі ән мен әуенге ғашық жан болғандықтан, барлық баласын өнерге баулыған. Соның нәтижесінде отбасылық «Шашу» халық ансамблі құрылған. Жаны ән мен әуенге құмар Амангүл 28 баласын да өнерге тәрбиелеген. Бүгінде отбасылық ансамбль талай сахнада ұлттық әуенді асқақтатып, күйден шашу шашып жүр.

Береке кіргізген бес келін

Отбасы – адам болмысы қалыптасатын орта. Әр адамның мінезі, өмірге көзқарасы, үлкенге құрметі мен кішіге ізеті ең алдымен осы шаңырақта орнығады. Қазіргідей алмағайып уақытта көпке үлгі болар, берекесі мен бірлігі жарасқан отбасылар да бар. Сондай тағылымды әулеттердің бірі – Атырау облысына қарасты Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылының тұр­ғындары Иван аға мен Батима апаның шаңы­рағы. Бұл әулеттің ерекшелігі – бірлігінде. Бү­гінде олардың бес ұлы, келіндері мен немере-шөберелері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазіргі кезеңде бір келіннің өзі түрлі себеп тауып, ата-енеден бөлек шығуды қалыпты құбылысқа айналдырып жатқанда, бес келіннің бір үйде жарасым тауып өмір сүруі – расында да, көпке өнеге. Иван аға мен Батима апа балаларына жас күнінен адалдықты, қарапайымдылықты, үлкенге құрмет пен кішіге қамқор болуды санасына сіңіріп өсірген. Сол тәрбиенің жемісін бүгін олардың ұрпағы көріп отыр. Бір әулеттің ұйытқысы бола білген Батима апаның айтуынша, енесімен өмір бойы қабақ шытқан кезі болмаған. Бүгінде сол көрген тәрбиесін өз келіндеріне үйретіп келеді.

Бұл шаңырақтағы бес келін бір-біріне абы­сын ретінде емес, бір үйдің қыздарындай қа­рай­ды. Айтуларынша, араларында ұрыс-керіс, өкпе-реніш тіпті болмайды. Бес келіннің өздері де бұл жарасымды тірліктің сыры ененің мейірімі мен отбасы ішіндегі сыйластықта екенін жасырмайды. Иә, бұл – бір шаңырақтағы бес келіннің түйген ойы. Расында да, әрбір келін өз шаңырағын ыстық ұясындай сезінсе, отбасылық өмірде кездесетін кейбір көлеңкелі тұстар аз болар еді.

Қазақ «Отан отбасынан басталады» дейді. Ендеше дәл осындай ынтымағы жарасқан, үлкені мен кішісі бір-біріне сүйеу болған шаңырақтар көбейсе, қоғам да берік, ұрпақ та өнегелі болары анық. 

Шаңырақ сөзінің астарында қанша тағы­лымды ой жатса, бір шаңырақ астында да сон­шама тату-тәтті отбасы өмір сүріп жатыр. Олар туралы қанша айтсақ та жарасады. Халқымыз «Жанұясыз адам – жеміссіз ағаш», «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз» деп отбасының адам өміріндегі орнын терең пайымдаған. Ен­деше ұлттық болмысымызды айқындайтын осын­дай асыл құндылықтарды ұлықтап, отбасы жарастығын, әулет тұтастығын дәріптеу – бәрімізге ортақ міндет. «Шаңырақ күнінің» тағылымы мен мәні де дәл осында.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:217
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 10:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары