Шетелге кеттім : Қамшыбек Ташиев өз қызметінен босатылуы туралы пікір білдірді
Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Әлеуметтік желіде Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев атынан жасалған үндеу жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
24.kg сайтының жазуынша, өз үндеуінде Қамшыбек Ташиев бұған дейін жасалған операциядан кейін денсаулығын тексеру мақсатында президенттің рұқсатымен шетелге шыққанын мәлімдеген. Оның айтуынша, қызметінен босату туралы шешім өзі үшін күтпеген жағдай болған. Соған қарамастан, ол мемлекет басшысының шешімін орындау қажет екенін атап өтті.
«Мен мемлекетімізге, халқымызға және президентке адал қызмет еттім әрі мұны мақтан тұтамын. Өкінішке қарай, жеке құраммен қоштасуға мүмкіндік берілмеді. ҰҚМК-нің әрбір қызметкеріне алғыс айтып, табыс тілеймін», — делінген үндеуде.
Сөзінің соңында Қамшыбек Ташиев азаматтарды заң талаптарын сақтауға, құқыққа қайшы әрекеттерге бармауға шақырып, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау маңызды екенін ерекше атап өтті.
Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Ташиевтің Қырғызстан Министрлер кабинетінің төраға орынбасары – Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды. Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:57
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Ақпан 2026 09:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















