Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Шұбаттан қазақ балмұздағы дайындалды

Шұбаттан қазақ балмұздағы дайындалды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Сарыбұлақ ауылында өндірілетін бұл десерт дәстүрлі шұбаттың пайдасын сақтай отырып, заманауи форматта ұсынылып, бүгінде «қазақ балмұздағы» деген атауға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматы облысында ұлттық тағам мәдениетін жаңа қырынан танытатын тосын гастрономиялық өнім пайда болды – түйе сүтінен, дәлірек айтқанда шұбаттан жасалған балмұздақ. Бұл өнімді Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Сарыбұлақ ауылында 38 жастағы кәсіпкер Азангүл Албосын өндіреді. Табиғи құрамы, 20-дан астам дәм түрі және дәстүрге негізделген тұжырымдамасы бар бұл десертті жергілікті тұрғындар бүгінде «қазақ балмұздағы» деп атап кеткен.

Жоба «Қазақтану» атты мәдени-ағартушылық бағыт аясында жүзеге асырылуда. Оның басты мақсаты – көне дәстүрлердің қазіргі заманмен үндесе отырып, жаңаша сипат ала алатынын көрсету. Мұнда ұлттық ас тек тағам ретінде ғана емес, тарихты, философияны және мәдени жадыны сақтаушы құндылық ретінде қарастырылады.

Азангүл Албосынның негізгі мамандығы — заңгер. Қазақстанға қоныс аудармай тұрып, Қытайда сот болып жұмыс істеген. Тарихи Отанына оралу бала күнінен бергі арманы еді,  ата-анасы ата-баба жері жайлы жиі әңгімелейтін, ал әкесі түйе шаруашылығын ашуды көп ойлайтын.

Шамамен 15 жыл бұрын Азангүл Қазақстанға көшіп келіп, тұрмыс құрды. Жолдасы Жарқын Жұмағазымен бірге шаруа қожалығын дамыта бастады. Алғашында ешкі мен жылқы өсіріп, ешкі сүті мен қымыз сатты. Кейін тәуекелге барып, түйе шаруашылығымен айналысуға бел буды. Алғашқы түйелерді көліктерін сатып, сол қаржыға алған. Тәжірибені өз бетімен жинады: фермаларды аралап, білікті шаруалардан кеңес алып, шұбат дайындау технологиясын меңгерді.

«Алғашқы кезде түйе сүтін базарларда, халық көп жиналатын жерлерде стақанмен саттық. Көлігіміз болмаған соң, күйеуім өзі көтеріп жүрді. Қиын болды, бірақ сұраныс артты. Кейін адамдар өздері бізге келе бастады», – деп еске алады Азангүл.

Отбасы Сарыбұлақ ауылына 10 жыл бұрын қоныс аударған. Бүгінде фермада 80-ге жуық түйе бар. Мұнда өндірілетін шұбат, құрт пен майды тек аудан тұрғындары ғана емес, өзге өңірлерден де сатып алады. Үш жыл бұрын ерлі-зайыптылар бизнес-жоспар әзірлеп, оны Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке ұсынды. Жоба қолдау тауып, Қаражотын ауылдық округінен бос жатқан жер телімі берілді.

«Түйе шаруашылығы — жай ғана кәсіп емес. Қазақ халқы үшін бұл — тіршілік көзі болған сала. Сүтін, жүнін, терісін — барлығын тұрмыста пайдаланған. Біз осы дәстүрдің болашағы бар екенін көрсеткіміз келеді», – дейді кәсіпкер.

Азангүл қолөнермен де айналысады: түйе жүнінен көрпе, жастық, емдік белбеулер тігеді. Алдағы уақытта ауыл әйелдеріне арналған қолөнер мектебін ашуды армандайды.

Шаруашылықтағы негізгі өнім — түйе сүті. Халықаралық оқудан өтіп, арнайы құрал-жабдық алғаннан кейін, өткен жылы Азангүл «Қазақ қызы» атты жеке брендімен шұбаттан балмұздақ шығара бастады.

«Сүтті баяу қайнату керек. Бұл процесс 20 сағатқа дейін созылады. Сүт қоюланып, қоюландырылған сүт секілді болғанда, оған тосап қосамын. Қазір шамамен 20 түрлі дәм бар: шоколад, құрма, карамель, жидек, қауын және басқалары», — дейді ол.

Балмұздақ толықтай табиғи өнім: консервантсыз, қант мөлшері аз. Дәмі классикалық балмұздақтан кем емес, ал пайдасы әлдеқайда жоғары — дәрумендер мен қоректік заттарға бай.

Алғашында өнім Шелек ауылындағы шағын дүкенде сатылса, қазір Алматы қаласындағы дәмханалар мен мейрамханаларға тапсырыспен жеткізіледі. Қаптама дизайнын да Азангүлдің өзі әзірлеген.

Өткен жылы кәсіпкер «Бір ауыл — бір өнім» жобасына қатысып, көрме қонақтарының оң бағасына ие болды. Алайда сол жолы мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алмады.

«Қазақстанды әлемге танытатын басты құндылық — оның дәстүрі мен мәдениеті. Бізде ұлттық гастрономиялық брендтер болуы керек. «Қазақстанда жасалған» деген таңбасы бар өнімдер көбейгенін қалаймын», — дейді Азангүл.

Отбасының алдағы жоспары — түйе санын арттыру, бөтелкеге құйылған шұбат өндіретін цех ашу және балмұздақ өндірісін кеңейту.

Қазақтың ұлттық асханасы — Ұлы дала көшпелілер өркениетінің айнасы. Азангүл Албосын — сол дәстүрді сақтап қана қоймай, оны заманауи тілде сөйлете білген жандардың бірі. Оның шұбаттан жасалған балмұздағы — тарих пен табиғилықты, жаңа идеяларды тоғыстырған, Отанның дәмі бар ерекше десерт.

Айта кетейік, Қазақстанда түйе сүті өндірісі жылына 18 мың тоннадан асады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 09:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары