Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Шұғыл хабар! Енді Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыра алмайды

Шұғыл хабар! Енді Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыра алмайды

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

27 қарашада Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-28» кемесі ұшырылған сәтте зымыран стартына қажетті техникалық құрылым зақымданғаны белгілі болды. "Коммерсант" басылымының дерегінше, алаңды жөндеуге алты айдан екі жылға дейін уақыт кетуі мүмкін. Бұл кезеңде Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыра алмайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Роскосмос» апат фактісін растады. Мәлімет бойынша, ұшырылу кезінде зымыран тасымалдаушы қозғалғанда жылжымалы қызмет көрсету кабинасын жұлып кеткен. Құрылғы шамамен 20 метр жерге құлап, қатты бүлінген.

Ресей ғарышкерлік федерациясының мүшесі Александр Хохловтың айтуынша, бұзылған тұғырды қалпына келтіру оңай емес:

«Жаңасын жасауға өте көп уақыт кетеді. Бұрын мұндай тұғырлар мен қызмет көрсету кабиналары Украинадағы Краматорск қаласында жасалған. Енді Ресейге барлығын нөлден бастап құрастыруға тура келеді», — дейді маман.

Маман бұдан бөлек, балама нұсқа да бар екенін атап өтті. Ол — Қазақстанға музейлік жәдігер ретінде берілген Гагарин тұғырының кабинасын уақытша пайдалану.

«Кабина жақсы сақталған. Ресей Қазақстанмен келіссе, оны орнатуға аса көп уақыт та, қаржы да қажет етпейді. Бірақ бұл тәсілдің өзі 2026 жылдың жазына дейін созылуы мүмкін», — дейді Хохлов.

Сарапшы Георгий Тишкиннің пікірінше, зақым көлемі әлі толық белгілі емес, сондықтан жөндеу мерзімі одан да ұзаққа созылуы ықтимал:

«Қандай бөлшектері бүлінгені анықталмады. Жөндеу жұмыстары бір жарым, тіпті екі жылға дейін созылуы мүмкін», — деді ол.

ХҒС жұмысына да қиындық тудыруы мүмкін

Айлақтың істен шығуы Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) жоспарлы жұмыстарын күрделендіріп жіберді. Енді ғарышкерлерді алмастыру мен жүк жеткізу АҚШ-пен келісімді талап етеді. Қызмет ақылы болмақ.

Сонымен бірге, әдетте станция орбитасын «Прогресс» кемесі түзетіп отырады. Егер бұл мүмкіндік шектелсе, орбитаны америкалық Crew Dragon арқылы реттеуге тура келеді.

Ал келесі экипаж уақытында ұша алмаса, екі күн бұрын «Союз МС-28» кемесімен ХҒС-қа барған үш ғарышкер станцияда жоспарланғаннан ұзақ уақыт қалуға мәжбүр болуы мүмкін.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:216
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 18:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары