Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Шымкентте 9 мектеп жаңғыртылды

Шымкентте 9 мектеп жаңғыртылды

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Шымкентте 9 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Білім ордалары озық үлгіде қайта жаңғыртылып, жаңа оқу жылынан бастап есігін ашты.

Ал жол қауіпсіздігі мен көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 1100 шақырымнан астам көшеге асфальт төселді. 400 мың шаршы метр болатын жол жиегі көгалдандырылып, жаңа гүлзарлар пайда болды.

Қаладағы №9 мектеп-лицейі күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін заманауи кейіпке енді. Өткен ғасырда салынған нысан «Келешек мектептері» үлгісінде қайта жаңғыртылып, озық оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталды. Жалпы 2 мың оқушы жаңартылған білім бағдарламасымен қамтылды.

Нұргүл Әбдірашова, Қалалық № 9 мектеп-лицейінің мұғалімі:

- Цифрлық сауаттылықты үйреніп жатырмыз. Соны балалармен жасанды интеллект арқылы қолданып жатырмыз. Себебі балалардың қызығушылығы артады. Зерттеу барысында жаңа ой туындайды.

Енді теориялық білім тәжірибемен ұштасады. Арнайы жабдықталған кабинеттерде жаңа ғылыми жобаларға талдау жасалып, түрлі зерттеулер жүргізіледі. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес, биыл осындай 9 білім ұясы жаңғыртылды.

Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:

- Сыртын көрсең көз тоятындай кейіпке енді. Қалған 15 мектепті алдағы жылдың ішінде толық аяқтайтын боламыз.

1100 шақырым жол жөнделді

Қалада жол желісін паспорттау және диогностикалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ұзындығы 3 мың 800 шақырымнан асатын көшелердің сапасына бағалау жүргізілді.

Ролан Ибрагимов, Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Мөлтек ауданындағы елді мекендердегі көшелердің жағдайына тиісті көңіл бөлу тапсырылған болатын. Сол бағытта биыл 1100 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол өз кезегінде халықтың жүріп-тұруына жақсы жағдай жасайды және де көлік кептелісін азайтады. Өйткені жақсы жол балама жолдармен орталыққа түспей жүріп кетуге мүмкіншілік береді.

Ал Қонаев атындағы даңғылды ұзарту мен А-2 айналма бағытын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Транзиттік тасымалды жандандыру мақсатында қолға алынған ірі жобаның жетінші кезеңі аяқталды.

Транзиттік жүк көліктері елдің оңтүстік қақпасына осы жерден шығады. Республикалық маңызға ие айналма жол арқылы күніне 20 мыңнан астам көлік қатынайды. Қазір мұнда құрылыстың қызған шағы. Жер бедері тегістеліп, ескі қос жолақты жол жиегі 50 метрге дейін кеңейтіліп жатыр.

360 млрд теңге инвестиция тартылды

Соңғы 2 жылда қанағаттанарлық күйдегі жолдардың үлесі 75%-тен 90% жетті. Бұл орта және шағын бизнеске оң әсер етті. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында бір жылда 360 млрд теңге инвестиция тартылды. Өңдеу өнеркәсібінде 42 жоба жүзеге асырылып, 1600 жаңа жұмыс орны ашылды.

Мақсұт Исабаев, Аяқ киім фабрикасының бас директоры:

- Арнайы экономикалық аймақта бізге жер тегін берілді. Инфрақұрылым толық бар. Салықтық жеңілдіктер де бар. Қазақстанды толық қамтып, өнімді көбейтуге тырысамыз.

24 гүлзар ашылды

Шымкентте жасыл белдеу аумағы екі есе ұлғайды. 400 мың шаршы метр жерге көгал төселіп, емен, үйеңкі, қарағаш тұқымдастырының мыңдаған көшеті егілді. Жалпы 2 жылдың ішінде 24 гүлзар салынып, тағы 2 саябақ ел игілігіне берілді. Табиғатпен үндескен тіршілік тұрғындарға жайлы орта сыйлады.

Мақсатты пайдаланылмаған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқын алды. Сот шешімімен жалға беру туралы шарттардың күші жойылып, «Қиял әлемі», «Кең баба» саябағындағы заңсыз тұрғызылған ойын-аттракциондары алынып тасталды. Сала мамандарының айтуынша, оның орнына тұрғындар серуен құратын жайлы саябақ пайда болады.

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов, Нұрмахан Мұсатов

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 20:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see126

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see124

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see123

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see120

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see119

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see118

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see116

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see116

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see116

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see115

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see114

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see113

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see113

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see113

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see113

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see111

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see110

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see109

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see108

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары