Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Солтүстік Қазақстан облысында өткен кездесуде жаңа Конституциядағы жастар мен волонтерлік қызметтің рөлі талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысында өткен кездесуде жаңа Конституциядағы жастар мен волонтерлік қызметтің рөлі талқыланды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Петропавлдағы Qyzyljar Creative Center-де «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері жастармен және волонтерлермен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиынға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформа комиссиясының орынбасары Аида Балаева, Парламент депутаттары, Конституциялық комиссия өкілдері, қоғамдық және жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.

Кездесу барысында республикалық референдумға ұсынылған жаңа Конституция жобасының негізгі тармақтары талқыланды. Аида Балаева елдің жаңа даму моделінде креативті индустриялардың маңызын сөз етіп, бұл бағыттағы басымдықтар құжатта көрініс тапқанын айтты.

«Креативті индустрияны дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл саланы Мемлекет басшысы жіті бақылап отыр. Аталмыш бағыт жаңа Конституция жобасында да көрсетілген. Ата Заң деңгейінде зияткерлік меншікті қорғау бекітілген. Бұл креативті индустрияны дербес және экономикалық тұрғыдан маңызды сектор ретінде қарастыруға болады деген сөз. Сонымен қатар бұл кездесудің Qyzyljar Creative Center-де ұйымдастырылуы да бекер емес. Қызылжардағы орталық – Қазақстандағы алғашқы креативті хабтардың бірі. Жалпы, білім, ғылым, мәдениет және инновация мемлекеттік саясаттың өзегіне айналып, жаңа Конституция ел дамуының жаңа моделін бекітпек. Мемлекет адам капиталы мен азаматтардың интеллектуалдық әлеуетін стратегиялық басымдық ретінде айқындайды», – деді вице-премьер.

ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов жаңа Конституцияның тарихи құндылықтар мен елдің болашақ даму бағыттарын бейнелейтінін атап, жастардың осы үдерістегі ерекше рөлін атап өтті.

«Біздің еркіндігімізді, тәуелсіздігімізді кешегі бабаларымыздың аңсаған арманы бүгін осы Конституцияда жазылады нақты түрде. Бұл – адамның еркіндігі. Біздің Конституциямыз мемлекеттің болашағын айқындайтын үлкен жоба. Бұған біз үміт артып отырмыз. Сондықтан осы Конституциямен танысып, қарап-біліп алған дұрыс болады», – деді ол.

«JastarRuhy» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова жастар мен волонтерлік қозғалыстың қоғамдық процесстердегі белсенді рөлін атап өтті:

«Ата Заңның жаңа редакциясы елді болашаққа және жаңа дәуір талаптарына бейімдеуге бағытталған. Әлем тез өзгереді, біз де бірге дамуымыз керек. Бұл өзгерістердің басты қозғаушы күші – жастар. Жастар – елдің болашағы деп жатамыз, бірақ жастар – елдің бүгіні де. Өйткені біздің бүгінгі әрекетіміз болашағымызды қалыптастырады», – деді Ақерке Искандерова.

Кездесу соңында қатысушылар жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуының маңызын талқылады. Сонымен қатар референдумдағы таңдау елдің әділ және прогрессивті болашағын қалыптастыруға үлес қосатынына сенім білдірді.  

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Ақпан 2026 20:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары