Солтүстік Қазақстанда қанша ауылдың болашағы жоқ?
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Солтүстік Қазақстанда Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың және облыс әкімі Ғауез Нұрмұхаметовтың қатысуымен Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын талқылаған мәжіліс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: istockphoto.com
Мәлік Отарбаев ауылдық аймақтардың даму перспективалары цифрлық өзгерістерге байланысты екенін атап өтті. Бүгінде өңірде 590 ауылдық елдімекен болса, соның 300-ден артығы перспективалы деп есептеліп отыр. Бұларда ауыл халқының 82 пайызы тұрады.
Мемлекеттің қолдауымен ауылдық жерлердің өмір сүру жағдайы жақсарып келеді. Қазір ауылдарда жаңа үйлер, мектеп, медициналық мекемелер мен спорттық нысандар салынып жатыр. Аграрлық кешендерде цифрланған озық технологиялар енгізілуде. Мәлік Отарбаев өз сөзінде цифрландырудың осы заманның өзекті талабы екенін атап, Жолдаудың тапсырмаларын сөзсіз орындау елдің дамуына кепілдік беретінін айтты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:67
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 16:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















