Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Сырт мемлекеттерге 80 мың тоннадан астам ет жөнелтілді

Сырт мемлекеттерге 80 мың тоннадан астам ет жөнелтілді

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Елде ет, сүт, құс өнімдерінің өндірісі артты, деп хабарлайды 24KZ. Енді бұл өнімдердің импортын азайтуға күш саламыз. Осы орайда «Инвестицияға тапсырыс» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге аса бастады. Яғни ішкі нарықта сұранысы жоғары, ал импорттағы үлесі көп тауарларды өзімізде өндіруді көздейтін жобаларға қолдау көрсетіледі. Сөйтіп, экономиканың нақты секторын дамытуға басымдық беріледі.

Елде ет, сүт өнімдері көбейді

Отандық өндірушілер ет, сүт, құс өнімдерін көптеп ұсына бастады. Экономикалық зерттеулер институтының есебіне сүйенсек, құс және мал етін тірі салмақта сою көлемі 3% артқан. Ал сиыр басының көбеюі, сүт өндірісін 5% еселеді. Құс шаруашылығы да кенже қалған жоқ. Жұмыртқа кейінгі кезде 1,5% көп өндірілген. Демек жергілікті өнім ұсынысы артып жатыр. Тапшылық тәуекелі төмендеп келеді. Мамандар мұндай өзгерістердің баға тұрақтылығына да оң әсер ететінін айтады.

Ет экспорты артты

Иә, биыл мал шаруашылығы шамамен 3,5% өскен. Ет өндірушілер де қызу жұмыс істеп жатыр. Экспорт та еселенді. Жыл басталғалы сырт мемлекеттерге 80 мың тоннадан астам жаңа сойылған және қатырылған ет жөнелтілді. Бұл былтырғыдан 21 тоннаға көп. Экспорттық еттің жалпы құны 194 млн доллардан асады. Оның көбі Өзбекстанға сатылды. Яғни 137 млн долларға 50 мың тоннаға жуық ет жібердік. Бұл тізімді Ресей жалғайды. Көршілеріміз 24 млн долларға 13 мың тоннадан аса ет алды. Үштікті Қырғызстан түйіндейді. Бұл елге 12 мың тоннаға жуық ет жөнелттік.

«Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы іске асады

Елде сұранысқа ие бағыттарға инвестиция тарту жолға қойылды. Бұл қадам негізгі өнімдердің ішкі тапшылығын жойып, экспорттық өндірістерді нығайтуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрі: «осылайша өңірлердің де тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге болады», – дейді. «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы аясында мемлекет импортты алмастыру және экспорттық әлеуеті жоғары салаларды анықтаса, өңірлер нақты жобалар жасап, оларды жүзеге асыруға дайын бизнес-бастамаларды ұсынады. Оның тиімділігі мен қаржылық және өндірістік мүмкіндіктерін «Бәйтерек» холдингі пысықтайды. Агроөнеркәсіп кешеніне қатысты жобалар тізімі жасақталды. Негізінен сүт фермаларын салу, ет және құс шаруашылығын дамыту, астықты терең өңдеу, жылыжай кешендерін құру және қант өнеркәсібін дамытуға көңіл бөлінеді.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Әрбір жоба ерекше бақылауда. Олардың табысты жүзеге асуына министрлік  жан-жақты қолдау көрсетеді. Біз аймақтармен және бизнес саласымен жұмысты күшейтуді үздіксіз жалғастырамыз, әрбір жобаның қаржылық тұрақтылығы, технологиялық негізділігі және ел экономикасы үшін барынша тиімділігі қамтамасыз етілуі тиіс.

Экономист: өңделген өнімді арттыру керек

Экономист Раушан Доламбаева: «жалпы ішкі өнімдегі өңделген өнімдердердің үлесін арттыру қажет», – дейді. Биылғы 10 айда ел экономикасы 6,4% артты.

Раушан Доламбаева, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының профессоры:

- Біздегі жалпы ішкі өнімдегі өңделген өнімдердің үлесі аз ғана. Осы саланы дамыту үшін бізге драйверлер қажет. Ірі өндіріс ошақтарын ашу керек. Біздің елде барлық мүмкіндік, қаражат, ақпарат осындай ірі өндіруші компанияға бағытталатыны белгілі. Әзір дайын өнімдер саласында даму кемшін болып тұр. Сол себепті осы бағыттағы жұмысты жүйелеу керек.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 11:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары